ЗОБ. ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП
Адамның денсаулығы дұрыс болу үшін, ағзасы қалыпты жұмыс істеу үшін күніне кем дегенде 200 мг йод қабылдауы қажет. Алайда, бүгінгі таңда йод жетіспеушілігі тұрғындар арасында жиі кездеседі. Бұл – үлкен мәселе. Йод жетіспегендіктен көптеген адамдар қалқанша безінің ауруларына шалдығады. Осындай ауруладың бір түрі – зоб. Бұл дерт емделе ме? Оның алдын алу жолдары қандай? Міне, осындай көкейде жүрген көп сауалға жауап алу үшін Шиелі аудандық емханасының дәрігер-эндокринологы Гүлнар Нәлтаевамен сұхбаттасқан едік.
– Гүлнар Санатқызы, жалпы қалқанша безінің аурулары неден пайда болады? Әуелі осы жайлы тарқатып айтсаңыз...
– Шиелі ауданы эндимиялық зонаға жатады. Сондықтан қалқанша безінің аурулары көп. Қазіргі таңда көптеген адамдарда йод жетіспеушілігі байқалады. Жасыратыны жоқ, адам ағзасына йод өте аз түседі. Соның салдарынан зоб аурулары пайда болады. Мұндай ауру түрлері, әсіресе, балалар мен әйелдерде көп кездеседі. Сондай-ақ жүкті әйелдер қалқанша безі ауруларына жиі шалдығады. Өйткені жүктілік кезінде әйелдің ағзасы әлсірейді. Сүт безі, қалқанша безі және жатыр әйелдерде бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, әр жүктілік кезінде қалқанша безі мен бүйрекке жүк түседі. Мұндай уақытта, әсіресе, жүктіліктің алғашқы үш айында әйел ағзасындағы йод сыртқа шығып кетеді.
Осындай кезде ағзадағы йодтың құрамын көбейтуіміз керек. Әйелдер көп жағдайда жүктіліктің 3-4 айынан кейін ғана йодты пайдаланады. Бұл дұрыс емес. Сондықтан мен жүкті әйелдерге жүктіліктің алғашқы үш айында «Йодамарин» ішуге кеңес беремін.
– Қалқанша безінің аурулары әйелдер мен балаларда көп кездеседі дедіңіз. Сонда мұндай дертке балалар да шалдыға ма?
– Әрине, мұндай аурумен балалар да ауырады. Себебі, әйелдің жүктілігі арқылы йодтың жетіспеушілігі тікелей балаға беріледі. Анасының бойындағы дәрумендердің аздығы оның құрсақтағы сәбиіне әсер етеді. Әсіресе, йод жетіспеушілігінен баланың психологиясы бұзылады, түрлі дертке шалдығады. Оның адын алмаса, сал ауруына да әкеліп соғуы ғажап емес. Сол үшін біз үнемі аналарға жүктіліктің алғашқы үш айында ағзадағы йодтың орнын толтыруға кеңес береміз.

– Йод жетіспеушілігінің алдын-алу жолы қандай? Зоб ауруына шалдыққандарға қандай кеңес бересіз?
– Біз ана мен балаға йодтың орнын толықтыратын бірнеше кеңес берер едік. Атап айтар болсақ, балық өнімдерін, теңіз қырыққабатын, Бразилия жаңғағын пайдалануды ұсынамын. Бұлардың құрамында йод көп кездеседі. Сонымен қатар Греция жаңғағының ортасындағы жұқа қабықшасын спиртке не болмаса араққа салып қойып, он күнге қалдырсаңыз, ол йодқа айналады. Бұл да өте пайдалы әдіске жатады.

– Қалқанша безі ауруларының көп кездесетін түрі қандай?
– Ең көп кездесетін ауру түрі – гипотиреоз. Бұл қалқанша безінің қызметінің төмендеп, ағзада йодтың жетіспеуінен туындайтын ауру түрі. Ал екіншісі – гипертиреоз. Аурудың мұндай түрі қалқанша безінің йодтың мөлшерден тыс бөлінуінен туындайтын қалқанша безінің ауруларының бір түріне жатады. Адам ағзасына йодтың көп мөлшерде бөлінуі де ауру болып табылады. Оның салдарынан науқас көп салмақ тастайды, қан қысымы көтеріледі. Сондай-ақ бұлшық еттерінде әлсіздік пен тітіркену болады, жиі терлейді. Ең басты белгісі – көз жанары үлкейіп, шаранадан шығып тұрады, жиі құсады. Ауруға шалдыққан адам мұндайда ұйқышыл келеді. Үшінші жиі кездесетін түрі – зоб ауруы. Оның ішінде түйінді зобпен ауыратындар көп.

– Ал зобқа шалдыққан науқаста алғашқы белгілері қандай болады?
– Зобтың алғашқы белгілеріне қан қысымының төмендеуі, психикалық ауытқу жатады. Мұндай кезеңде адам терісі аллергияға бейім болып, денесі үнемі тоңғыш келеді. Әйел адамдарда етеккірі бұзылады. Және де тыныс алуы төмендеп, әлсіздік пайда болады. Басы айналып, асқа зауқы соқпай, тәбет төмендейді. Теріде де өзгерістер пайда болып, көп мөлшерде салмақ қосады. Негізінен зобтың түрлері көп. Атап айтар болсақ, диффузды, түйінді, эндемиялық және киста болып бөлінеді. Біздің өңір йод жетіспейтін аймаққа жататындықтан эндемиялық зоб түрі жиі кездеседі.

– Қазіргі таңда Шиелі ауданы бойынша қанша науқас есепте тұрады?
– Жалпы қалқанша безі аурулары жеңіл және ауыр түрі деп екіге бөлінеді. Жеңіл түрімен ауырған науқастарды әр көшенің аймақтық дәрігері есепке алады. Ал біздің есепте қазіргі таңда 200 науқас тұр. Олар үш ай сайын келіп, емханаға қаралып тұрады.

– Мұндай ауру түрлеріне көп адамдар бей-жай қарап жататыны белгілі. Дер кезінде емделмеген, дәрігер кеңесіне құлақ аспаған науқастар жиі кездесе ме? Оның қауіптілігі қандай?
– Өте орынды сұрақ. Иә, көптеген адамдар зобқа жеңіл қарайды. Ал дер кезінде емделмесе, мұндай науқастар есепте өмір бойы тіркеліп тұруы мүмкін. «Аурудың жақсысы жоқ» демекші, кез келген ауруға салғырттық таныту – өлімге алып келеді. Әсіресе, зобпен ауыратын науқастар жан сақтау бөліміне түскен жағдайда одан аман шығуы екіталай. Сол үшін дер кезінде емделу керек.

– Зоб тұқым қуалайтын ауру түріне жата ма?
– Иә, тұқым қуалаушылық кездесіп жатады. Алайда барлық науқасқа қан арқылы мұндай ауру түрі берілмейді.

– Сұхбатыңызға рақмет!
Сымбат СҰЛТАН