ОРАЗА – ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ, ТӘННІҢ ШИПАСЫ
Рамазан айы – Алла Тағаланың мұсылман қауымына қасиетті етіп берген айларының ең қайырлысы. Бұл уақытта адамзат құлшылықтан қуат іздеп, Жаратқанның шапағатынан үміт етіп, 30 күн бойы ораза тұтады. Өздеріңізге белгілі, биылғы Рамазан көктем мезгілімен тұстас келіп отыр. Тіршіліктің оянып, бусанатын шағында адам бойында әлсіздік сезіліп, шаршау байқалатыны анық. Сол үшін аталған қасиетті уақыттың маңызына қанығып, денсаулығымызға байланысты ескеру керек жағдайларды есте ұстағанымыз абзал.
РИЯСЫЗ ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ
Ораза – таңның атысынан күннің батысына дейін астан тыйылу арқылы орындалатын ислам дініндегі бес парыздың бірі. Сол арқылы мұсылман адам Алла алдындағы ғибадатын орындап, бойындағы нәпсісін тыйып, жаман әдеттерінен арылып, рухани өсіп, көркем мінез қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл сөздің негізгі маңызы да араб тілінде «ас-саум» – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау деген мағынада келген. Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен адам нәпсіні қоздыратын сезімдерден аулақ болып, ізгі амалдар жасап, Алланы еске алып, әрдайым дұға-тілекте болуға тиіс. Шынында, ораза адам баласын күнәмен бетпе-бет келуден сақтап, жан дүниені жақсылыққа тәрбиелейді. Сол үшін де бұл құлшылық – Алланың мұсылманға берген үлкен сыйы әрі шексіз нығметі. Ауыз бекітудің адам өмірі үшін аса маңызды екенін білген пенденің одан бас тартуы мүмкін емес. Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап ететіні белгілі. Ал ораза – шынайы тақуалыққа жетелейтін, Алла мен адам арасындағы риясыз құлшылық.

АУЫЗ БЕКІТУДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ПАЙДАСЫ БАР
Ораза тұту адамға тек рухани тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар денсаулығының жақсара түсуіне де зор пайдасын тигізеді. Бұл факт бүгінде әлем ғалымдары жасаған мәлімдемелермен дәлелденіп үлгерген. Олардың айтуынша, 365 күн бойы тамақ ішетін адамға жылына 30 күн ораза ұстау – дұрыс шешім. Себебі адамның толыққанды өмір сүру қалпын ұстап тұруында ауыз бекітудің үлкен маңызы бар. Оразаның тәртібі бойынша адам күніне кем дегенде 14 сағат ішіп-жеуден тыйылып, одан кейін бірнеше сағатқа аузын ашып, әл жинап алуы қажет. Бұл адам ағзасындағы жасушаларды жаңартып, ескілерін жою процессінің уақытына дәлме-дәл келеді. Яғни аштыққа қарсы тұру кезінде адамның ішкі организмі белсенділікпен жұмыс істейді, солай оның өміршеңдігі күшейе түседі. Сонымен қатар ораза тұту организмді артық ет, май мөлшері мен тас сияқты зиянды заттардан арылта алады.

МЕДИЦИНА НЕ ДЕЙДІ?
Ораза медициналық тұрғыдан асқазан мен ішектің жұмысын реттеп, олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуын қамтамасыз етеді, кейбір тері ауруларының жақсаруына, ішкі мүшелерде жиналған майларды ерітіп, метоболизмнің дұрысталуына әсерін тигізеді. Сондай-ақ бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Мәселен, бүгінде әлемде бел алып жатқан қант ауруын емдеу үшін дәрігерлер 10-15 күндей ауыз бекітуге кеңес береді. Себебі бұл уақытта сіз ұйқы безінің демалуына көмек бересіз. Ол үшін сәресі мен ауызашар уақыттарында тым көп ас жемегеніңіз дұрыс. Сөзіме тиек болу үшін аудандық дәрігердің пікірін ұсынамын:«Расында, ауыз бекітудің адам денсаулығына тигізер пайдасы өте көп. Әрине, алғашқы күндері аштық қаттырақ сезіледі, бас айналып, ауыздан жағымсыз иіс шығуы да мүмкін. Бірақ уақыт өте келе ағза аштыққа үйрене бастайды. Ал оразадан соң денсаулығыңыздың біршама жақсарғанын байқайсыз. Айта кетейік, ауыз ашқан соң, асқазанға ауыр тиетін, майлы әрі тым ащы тағамдарды жеуден аулақ болғаныңыз жөн. Бұлай сіз өз денсаулығыңызға зиян келтіресіз», – дейді жалпы тәжірибелі дәрігер Гүлнұр Ибрагимова. Бұның барлығы – медициналық тұрғыдан да ораза тұту арқылы денсаулығыңызды оңалта алатыныңыздың айқын дәлелі.

ОРАЗАМ ЖЕҢІЛ ӨТСІН ДЕСЕҢІЗ
Ауыз бекіткен адам таң қылаң бермей тұрған уақыттан бастап, күні бойы кеш батқанша Алла ризалығы үшін ас-су ішуден тыйылады. Бұл кезеңді жеңіл өткеру үшін дұрыс тамақтану аса маңызды. Ең алдымен, сәресіне оянып, міндетті түрде жүрек жалғап алғаныңыз абзал, себебі күннің жеңіл өтуінде сәресі үлкен рөл атқарады.Тілімізде сақталып келе жатқан «Сәресінде береке бар», «Сәресін ішпей үйден кетпе» деген нақыл сөздер де аталған уақыттың құндылығын айқындап тұрғандай.

Ораза кезінде тамақтануға байланыстымән беретін бірнеше ережелер бар. Мәселен, әр адам тамақтан бөлек күніне 2 литрден кем емес су ішуге тиіс. Ал ауыз бекіту кезінде сәресінен ауызашарға дейінгі аралықта организм осы сұйықтықты іздейтіні белгілі. Шөл күшеймес үшін, ең алдымен, тұзды әрі өте ащы тағамдарды мейлінше аз пайдаланғаныңыз абзал. Сондай-ақ ашығу кезінде асқазандағы сөл көбірек бөлініп тұратындықтан, ащы тамақ ондағы қышқыл бөліну деңгейін бұзып, астың қорытылуына кері әсер етеді. Оған қоса қуырылған, майлы тағамдардан да бас тартқаныңыз дұрыс. Себебі қуаты күшті тамақты қорытуға да көбірек энергия жұмсалады. Бұндай өнімдер асқазан мен ішекті тітіркендіреді. Диетолог мамандар ораза уақытында мейлінше баяу қорытылатын пайдалы өнімдерді тұтынуға кеңес береді. Мәселен, арпа, бидай, сұлы, сөк, ұнтақ жармасы, бұршақ, жасымық, күріш секілді күрделі көмірсулардан тұратын тағамдар ашығуды бәсеңдете алады. Бұдан бөлек бидай мен жүгері талқандарын тұтыну арқылы адам белгілі бір дәрежеде күні бойы тоқ жүре алады. Егер таң сәресінде 50 граммталқан жейтін болсаңыз, ол кешкі ауызашарға дейінгі аралықтағы сізге керек энергияны қамтамасыз етіп тұрады. Талқан ұзақ уақыт қорытылатындықтан, сіздің қарныңыздың тез ашпауына әсерін тигізеді.
ҚҰРМАНЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстағандар үшін құрмамен ауыз ашу – сүннет амал. Жалпы бұл жемістің өзіндік маңызы мен денсаулыққа пайдасы жетерлік. Құран аяттарында да көп кездесетін жеміс түрі – құрма. Иман келтіргендерге Жәннатта әзірленген небір дәмді астардың ішінде дәл осы жемістің аты аталады (Рахман сүресі, 68-аят). Алла Тағала Құранда ерекше мән берген бұл жемістің химиялық құрамын зерттеген кезде көптеген пайдалы заттар анықталған. Ал медициналық тұрғыдан қарағанда, күні бойы нәр татпаған адамның денсаулығы үшін аталмыш жемісті жеу өте пайдалы.Себебі құрма 70% судан тұратындықтан, ауызашар кезінде адамның бірден көп мөлшерде су ішпеуіне жағдай туғызады. Ал дәрігерлер құрамы фруктозаға бай жемісті жеген адам әлсіремейді әрі шаршамайды деп түсіндіреді. Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында да қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар кәмпиттің орнына құрманы пайдаланса болады, өйткені олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Бұл өнімді қазіргі уақытта дүкендерден 500-1500 теңгенің аралығындасатып ала аласыз. Сондықтан қолжетімді әрі пайдасы мол аспен жиі тамақтануды ұмытпаңыз.

Қорыта келгенде, қасиетті Рамазан айын жан мен тән үшін рухани жаңару айы десек, ораза – нағыз сабырлықтың мектебі. Бұл – тек ішім-жемнен тыйылу емес, мұсылманның Жаратқан разы болмайтын барлық істерден аулақ болып, жүрек түкпіріндегі теріс ойлардан құтылып, өз нәпсісімен айқасқа түсуі. Хадис шәрифте: «Ораза – барлық жамандықтардың қалқаны. Ораза тұтқан адам надандыққа салынып, жаман сөз айтпасын. Егер біреу онымен ұрысса, «мен оразамын» деп жауап берсін», – делінген. Сондықтан мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелеп, рухани ізгілікке бастайтын қасиетті айда құлшылығымызды үзбей, әрекетімізді түзетуге тырысайық. Оразаңыз қабыл болсын!
Таслима ӘЛІШЕР