ЖАРНАМАЛАҒАННЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ МА?
Бүгінде инстаграмды аша қалсаңыз «Қосымша табыс, үйде отырып ақша табуды үйретемін» деген жазбалардан көз сүрінеді. «Ешқандай зат сатпайсыз, адал табыс, ақша салмайсыз» деген жарнамалардың дәурені жүріп тұр. Тиісінше арнайы курстар сатылады. Бағасы 60-80 мыңның арасы. Қалтаңыз көтермесе Каспий банк арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі де қаралған. Бұл сізді қаншалықты табысқа жетелейді немесе керсінше құрдымға алып кетеді? Осыны білмекке ұмтылдық.
Капиталистік қоғамның көсегесін көгертетін – нарықтық қарым-қатынастар, ал нарықтың көсегесін көгертетін – бәсеке деседі. Ал бәсекенің қазаны кәдуілгі жарнамасыз өмірі қайнамайтынын білеміз. Қазақ онсызда мақтану жағынан алдына жан салмайтын елдің бірі. Бізде не көп – мұнай көп, бізде не көп – бай көп, оны азсынсаңыз, жеріміздің асты мен үсті толы қазына-байлық. Осы жарнамаға сенген көрші елдер, көрші елдер ғана емес, мұхиттың арғы-бергі бетіндегі елдерге дейін осында қарай шұбырмай ма?
Капиталистік қоғамның көсегесін көгертетін – нарықтық қарым-қатынастар, ал нарықтың көсегесін көгертетін – бәсеке деседі. Ал бәсекенің қазаны кәдуілгі жарнамасыз өмірі қайнамайтынын білеміз. Қазақ онсызда мақтану жағынан алдына жан салмайтын елдің бірі. Бізде не көп – мұнай көп, бізде не көп – бай көп, оны азсынсаңыз, жеріміздің асты мен үсті толы қазына-байлық. Осы жарнамаға сенген көрші елдер, көрші елдер ғана емес, мұхиттың арғы-бергі бетіндегі елдерге дейін осында қарай шұбырмай ма?
Алдымен қазақ жарнамасының тарихына көз жібертсек. Ол өз бастауын тіптен тереңнен тартатынын аңғаруға болады. Өз кезінде жүз жасаған Жамбыл Жабаев Сарыбай мен Сүйінбай көкесін, Сара апамыз найманның алты арысын жарнамалапты. Ол кезде де жарнаманың өз тарифы болған секілді. Қазіргідей АҚШ доллары болмағанымен, қазекеңнің ат-шапаны да кәделі дүние. Сондықтан ол кездері әр ауылда бір-бір ақын. Әр руда бір-бір ақын. «Қазаққа қара сөзден өлең оңай» болмай қайтсін. Ру басын жарнамалаған аталарының үлгісін көрген кейбір жас ұрпақ Жүрсіннің айтысы кезінде әкім-қараларды жарнамалап жүруші еді, соңғы кезде сөздің басын тікелей пайғамбарымыздан тартып, Алла Тағаладан қайыра бастағанын да көріп жүрміз. Ат-шапан алмаса да, жұмақтың есігінен сығалаудың амалы деп айтуға Алладан қорқамыз. Бір сөзбен айтқанда, бұрнағылар өз туған жерін, шыққан тегін жарнамаласа, қазір бәрі басқаша.
Үйде отырып табыс табатындардың дені – «желілік маркетинг» арқылы табысқа жетуге ниеттілер. Күнделікті өмірде сіздің досыңыз не танысыңыз, жақыныңыз әйтеуір бір желімен тауар сату арқылы қосымша табыс табады. Желілік маркетингте сіз өзге үшін жұмыс істейсіз, яғни сіз өзіңізден кейін адам шақыру арқылы жоғарыда тұрған адамның қалтасын томпайтасыз. Сонда сатқан тауарыңыз бен адам тіркегеніңіз үшін компаниядан үлесіңізді ғана аласыз.
Ауданда үйде отырып табыс табудың жоғарыда айта кеткен «желілік маркетингтен» өзге мынадай түрі дамыған. Ол «Даму старт» жобасы деп аталады. Ішінде қазіргі сұранысқа ие 17 түрлі мамандық бар. Яғни, үйде отырып-ақ, бір ғана телефонның көмегімен ақша табасыз. Анығында арест шешу, ИП ашу, жабу, миллионмен декретке тағысын тағы. Осы курс әйелдер арасындағы ең өтімдісі. Өкініштісі сол, жарнамасына сеніп, ақша табудың оңай көзін іздеген жандар аталған курсты сатып алған соң, сан соғып қалып жатыр. Осындай да жарнамалағанның бәрі жақсы ма деген сұрақ туындайды.
Ғаламторда жеке блог жүргізу. Бұл үшін сізге әлеуметтік желі және кем дегенде 1000 адам оқитын сапалы парақша керек. Түрлі тақырыптарда қызықты әңгімелер, видеолар, тағамдардың рецептілері мен қолдан жасалған бұйымдарды парақшаңызға жүктейсіз. Егер сіз істеген жұмыс өзгелерге қызықты болса, оқырман саны көбейеді. Сәйкесінше сізге тапсырыс арта түседі. Тапсырыс түскен сайын сіздің ақша қорыңыз молаяды. Жеке блог жүргізудің тағы бір тиімді тұсы, парақшаңыздың оқырман саны көп болса жарнама шығару арқылы ақша табуыңызға да болады. Мәселен, сізге бір кісі жаңадан ашылған киімдер дүкенін жарнамалауын өтінсе, бұл жарнаманың құнын өзіңіз бағалайсыз.
Иә, табыс тапқанның артығы болмас. Сол үшін интернет алаяқтарына, әсіресе жарнамалағанның бәрі жақсы екен деп, кез келген іске ұрына берудің қажеті шамалы.
Сұлушаш МАДИЯРОВА