«Құрсақ ана»: Құндылығымызға қайшы емес пе?
Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бір перзентке зар болып отыр. 14 мыңнан аса ерлі-зайыптының табиғи жолмен балалы болуға мүмкіндігі жоқ. Бүгінде бала аңсап бармаған жері, баспаған тауы жоқ осындай отбасылардың көбі экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) көмегіне сүйенетінін жасыруға келмес. Алайда бұл амалдан да қайран болмаса, сәби сүюдің соңғы жолы – суррогат анаға жүгінуге мәжбүр болады. Қанша жерден бұл біздің дәстүрлі таным-түсінігімізге жат болғанымен де, қазір «құрсақ ана» қызметін ұсыну да, оған жүгіну де қалыпты жағдайға айналып барады.
Жер жарып тұрған «Жалдамалы жатыр» жарнамасы
«Жалдамалы жатыр» қызметіне бала сүйе алмай, амалы құрығандардың соңғы мүмкіндігі деп қарар болсақ, ал әлдекімдер үшін тиімді табыс көзі болып тұр. Аталған қызметтің елімізде барлық жай-жапсары заңмен реттеліп рұқсат етілгендіктен, бұл қызметтің де саудасы қызуда. Бүгінгі таңда суррогат ана болуға талаптанушылар да және оларға тапсырыс берушілер де артып келеді. Бұрын «құрсақ ана» болуға жақын-жұрағаты болмаса, басқа қаракөздеріміздің келісе қоюы неғайбыл сияқты көрінетін. Ал қазір интернетке жазып, суррогат анаға сұрау салсаңыз, «іздегенге – сұраған» болып түр-түрімен «аналар» табыла кетеді. Керек десеңіз суррогат ананы тауып беруден бастап, баланы қолға алғанға дейінгі барлық процеске көмектесетін, құжаттарды заңды түрде түгендеп беретін агенттіктер де көбейіп келеді. Ондай агенттіктер арасында бәсеке қызу, жарнамалары да жер жарады. Мәселен, суррогат ана қызметін ұсынушы бір агенттіктің сайтынан «Ребенок под ключ» деген жарнаманы көз шалып қалды. Басында үрке қараған осының бәрі келе-келе үйреншікті үрдіске айналып кететін сияқты. Алайда балаға тапсырыс, тауар ретінде қарау, сондай-ақ бала көтеретін әйелді қатардағы қызмет көрсетуші деп санау адам құқықтарының сақталуымен қаншалықты сәйкес келеді. Жалпы адамгершілікке сыя ма?

Заң не дейді?
Тақырыптың түйінін тарқатып алсақ. Алдымен суррогат ана қызметінің заңмен қалай бекітілгеніне тоқталайық. Еліміздің «Неке және отбасы туралы» Заңында суррогат ананың қандай ұғым екені, оған қойылатын талаптар мен шарттар жан-жақты көрсетілген.

Бұл заңның «Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану» деп аталатын және алты баптан тұратын 9-тарауында тараптардың құқықтары мен міндеттері толық қамтылған. Заңдағы мазмұн бойынша, суррогат ана – сыйақы төлене отырып немесе өтеусіз негізде некеде тұрған ерлі-зайыптылардан және балалы болғысы келетін адамдардан, яғни генетикалық ата-аналарынан қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге, босануға келісімін берген әйел. Суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландырылуы керек. Осы келісімшарт негізінде барлық қызметтің ақысын, материалдық шығынды тапсырыс беруші ерлі-зайыптылар төлейді. Өз кезегінде суррогат анаға өзімен шарт жасасқан адамдарға босанған баланы беру міндеттеледі, яғни ол баланың анасы болудан үміттенбейді.
Қазақстанда 2004 жылдың 16 шілдесінде қабылданған осы заң біздің қоғамда «құрсақ ана» қызметінің кең етек алуына жол ашты. Содан бері елімізде суррогат ананың құрсағынан қаншама мыңдаған бала дүниеге келді. Бұл туралы нақты ресми дерек жоқ, бірақ осыдан бірер жыл бұрын 20 мыңнан аса баланың туғаны туралы ақпарат тараған. Қалай дегенмен де, қазіргі кезде «құрсақ ана» ұғымы қоғамдық сипат алып, бұл қызметті көрсетуге ниетті әйелдердің қатары көбейіп жатыр. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай, бедеулік диагнозы қойылған ерлі-зайыптылар саны артып жатқанда, суррогат аналарға сұраныс азаймақ емес.
– Суррогат ана қызметі заңгерлердің бақылауымен жүзеге асырылады. ЭКҰ жасамас бұрын тапсырыс берген ерлі-зайыпты мен «құрсақ ана» заңгерге барып, заңды түрде келісімшартқа тұрады. Ол жерде әрқайсысының бөлек құқығы жайлы ақпарат болады. Соған сүйене отырып әрі қарай ЭКҰ-ны бастай алады. Егер келісімшарт болмаса, біз ЭКҰ бағдарламасын жүргізбейміз. «Құрсақ ана» босанғаннан кейін баланы міндетті түрде тапсырыс берген ерлі-зайыптыға, яғни биологиялық ата-анаға береді, өзіне алып қалуға құқығы жоқ. Келісімшарт негізінде және заң бойынша тапсырыс берген ерлі-зайыпты қандай жағдайда да баладан бас тарта алмайды. Жалпы кейінгі жылдары суррогат ананың қызметіне жүгінетін отбасылар көбейіп келеді. Біздің орталығымызға жылына жүзден аса отбасы «құрсақ анаға» ЭКҰ жасатады. Мысалы, 2021 жылы 171 «құрсақ ананың» қызметін пайдаланып, ЭКҰ бағдарламасы жүзеге асты. Ал «құрсақ ана» қызметін ұсынатын әйелдерді көп деп айта алмаймын. Бүгінгі таңда Репродуктивті медицина институтының клиникасында 58 әйел суррогат ана ретінде тіркелген, – дейді репродуктивті медицина институтының директоры Тамара Жүсіпәлиева.
«Құрсақ ана» қызметіне шектеу керек пе?
Сөз басында «құрсақ ана» қызметінің адам құқықтарының сақталуымен қаншалықты үйлесетіні жөнінде сұраулы ой тастағанбыз. Осы ойға оралғанда, жалпы суррогатия әлемде әлі күнге дейін ең даулы мәселелердің бірі еке¬нін және құқықтық тұрғыдан барынша реттелмегенін атап өткен жөн. Бұл ретте аталған қызметтің табыс көзіне айналғаны және әйелдің ақылы инкубатор ретінде пайдаланылатыны қатаң сынға ұшырайды. Суррогатияны коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы 1985 жылғы Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың (WMA) Брюссель декларациясында айтылған. Сондай-ақ 1996 жылы 19 қарашада Еуропа Кеңесі биомедицинадағы адам құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Бұл конвенция – Денсаулық сақтау саласындағы жаңа биологиялық және медициналық әдістер мен рәсімдерді пайдаланумен байланысты ықтимал теріс жағдайлардан адамды қорғауға бағытталған алғашқы міндетті заңды құжат.

Осы тұста суррогаттыққа әлемнің бірқатар елінде, атап айтқанда АҚШ-тың кейбір штаттарында, Қытай, Жапония, Түркия, Германия, Франция, Испания, Польша, Португалияда тыйым салынғанын айта кетейік. Сондай-ақ Ұлыбритания, Нидерланд, Мажарстан, Дания, Бельгия сияқты елдерде суррогаттық табыс көзі емес, қайырымдылық ретінде қолдануына рұқсат етілген. Яғни суррогат ана балаға зәру отбасына сәбиді ақысыз негізде сыйлай алады. Ал Оңтүстік Африка, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия сияқты елдерде суррогаттық «жалдамалы жатыр» ретінде, яғни бизнес түрі болып дамып жатыр. Бұл қатарда біздің еліміз де бар.
Сонымен қатар мұсылман елдерінде суррогаттыққа үзілді-кесілді тыйым салынған. Негізі асыл дінімізде «құрсақ ана» қызметіне рұқсат жоқ. Біздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғи үкімі де суррогаттыққа қарсы. Muftyat.kz порталында жарияланған ҚМДБ пәтуасында: «Құрсақ ана (суррогат ана) қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл әдіс бойынша ерлi-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана қызметiн ақылы немесе ақысыз түрде атқаруға ризашылығын бiлдiрген бөтен әйелдiң жатырына салады. Мұндай жолмен бала табуға шариғатта рұқсат жоқ» деп жазылған. Мұның басты себебі ретінде ер кісі мен құрсақ ананың арасында неке жоқ екені және әйел жатыры сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды мүбах заттардың санатына жатпайтыны көрсетілген.
Сұлушаш МАДИЯРОВА