Полиция қызметі – халық сенімінің айнасы
Полиция – қоғамдық тәртіпті қадағалайтын, азаматтардың өмірі мен мүлікінің қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін орган. Ол толыққанды мемлекеттің бір белгісі. Алайда соңғы жылдарға дейін ішкі істер саласының қызметшілері халықтың тыныштығын ойлайтын орган ретінде емес, жоғарыдан келген бұйрыққа ғана бағынатын орын ретінде қабылданып келді.
Осы алшақтықты дер кезінде түсінген Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Жұртқа жақын полиция» қағидатын ұсынды. Міне, содан бері ішкі істер саласында көптеген батыр да, батыл қызметшілер көзге түсіп, елдің деген көзқарасы өзгерді. Полиция қызметшілерінің өздері де халыққа жақын болудың маңызын түсініп, көмек қолын созуға тырысты. Биыл дәл осы мемлекеттік органның құрылғанына 30 жыл толып отыр.

1992 жылы 23 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған болатын. Міне осы заң қабылданған күннен бастап Тәуелсіз Қазақстан полициясының тарихы парақталады.
Аудандық полиция бөлімінің тарихы қай кезден бастау алады?
Ал Сыр өңірі оның ішінде, Шиелі ауданының ішкі істер органдарының тарихына тоқталсақ, өңірде өткен ғасырдың 20 жылдары Ақмешіт уезінің құзырына қарайтын Шиелі, Тереңөзек, Аламесек аудандарын орталықтандырылған уездік-қалалық милициясы, 1956 жылы Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы, 2005 жылдың мамыр айынан бастап ішкі істер департаменті болып құрылған. Дегенмен 1992 жылдан бергі жылдарды алсақ, ауданда тұңғыш милиция бастығы болып Әли Палмұхамедов деген азамат жұмыс жасаған. Содан бергі уақытта бөлімді Әбдімәлік Қайназаров, Қуаныш Жаңабергенов, Шанжархан Қауленов, Асқар Исағалиев, Бақыт Муятов, Ғани Тұрсекеев, Елболат Ахметов, Сәттар Қарынбаев, Уәлихан Исмаилов, Серік Тоқтыбаев атты азаматтар басқарғанын байқаймыз. Ал 2020 жылдың наурыз айынан бастап аудандық полиция бөлімін полиция подполковнигі – Дәулет Беркімбаев басқарып келеді.

Полиция бөлімінің бүгінгі келбеті
Жоғарыда айтып өткендей, қазіргі қазақ полициясының кескін-келбеті мүлде бөлек. Олар енді халықпен етене араласып, азаматтардың басындағы мәселесін шешуді, қылмыс жасауына жол бермеуді, жалпы алғанда тұрғындардың тыныш өмірін сақтауды көздейді. Осыдан болар, әйтеуір ауданда құқық бұзушылық деректері өткен жылмен салыстырғанда 25 процентке азайған. Оның ішінде, ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері, бөтен мүлік ұрлықтары, мал және пәтер ұрлықтары, бұзақылық қылмыстары айтарлықтай төмендесе, тонау және қарақшылық, қарумен жасалатын қылмыстарға мүлде жол берілмеген.

Осы жұмыстарды іске асыру үшін бүгінгі таңда аудан орталығында 10, ауылдық округтерде 22 учаскелік полиция инспекторларымен олардың 9 көмекшісі тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Атап айтсақ, отбасы тұрмыстық ортада жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында 88 азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, олардың жүріс тұрысы бақылауға алынса, 39 азаматмінез-құлқына байланысты қадағалауға алынған.
Ал мал ұрлығы, тонау қылмыстарының алдын алу үшін бөлім тарапынан «Мал ұрлаушы», «Пәтер», «Соғым», «Угон» тағы басқа да, жедел профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Табиғатты қорғауды да назардан тыс қалдырмаған бөлім қызметшілері жыл басынан бері 40-тан астам аң аулау, 6 заңсыз балық аулау деректерін анықтап, нәтижесінде 3 дана аңшы қаруын тәркілеген.
Бейнебақылау камераларын орнату – уақыт талабы
Қоғамдық орындарда, адам көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір тетігі бейнебақылау камераларын орнату екендігі барлығына белгілі. Аудандық полиция бөлімі бастығының кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ердәулет Жаукеев те мұны мойындап отыр.

Себебі жыл басынан бері ауданда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты барлығы 733 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде жол көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін көлік құралын мас күйінде басқарудың 51 дерегі, жалған мемлекеттік белгі тағып басқарудың 9 дерегі, көлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің 23 дерегі, бағдаршамның қызыл түсіне бағынбаудың 17 дерегі, авариялық ахуал туғызудың 13 дерегі анықталған.
– Түрлі қылмыстардың алдын-алуға қоғамдық орындарға қойылған бейнебақылау камераларының, егер ол сапалы болса, көмегі өте зор екендігі баршамызға белгілі. Қазіргі таңда аудан орталығында 31 дана бейнебақылау камералары орнатылған, олардың көмегімен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүргізіп келеміз. Дегенмен жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, аудан орталығында маңызды деген көшелерге құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Аркан» құрылғысын орналастыру қажеттілігі туындап отыр. Есептеуіміз бойынша аталған құрылғының 10 данасы орнатылса, жол-көлік оқиғалары азаяр еді. Ал азаматтардан біздің сұрайтынымыз автокөлік тізгіндегенде олар ең бірінші өзінің және өзгенің өміріне жауапты екендігін естен шығармаса дейміз, – дейді ол.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағандықтан, полиция бөліміндегілер балалардың қауіпсіздігіне де ерекше мән беріп отыр.
Бөлімдегілер кәмелетке толмаған балалардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың қылмыс жасауына жол бермеу бағытында аудан көлеміндегі орта мектептер мен балабақшаларды сапалы бейнебақылау камералармен жабдықтау, мектептер мен колледждің кіреберісіне турникеттер орнату, күзет қызметтерін дабыл батырмасына қостыру секілді батыл бастамалар көтеріп, құзырлы органдарға ұсыныс беріп отыр. Сонымен бірге жыл басынан бері әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 301 жасөспірімді ішкі істер органдарына жеткізіп, ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілген. Ал кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу бағытында «Жасөспірім», «Балалар қысқы демалыста», «Студент», «Балалар түнгі қалада», «Абайлаңыз, балалар!» секілді 9 түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізген.
Дегенмен, жасыратыны жоқ, бөлімдегілер алаяқтық қылмыстарды ауыздықтай алмай отыр. Бұған себеп аз уақытта миллиондаған табыс тапқысы келетін азаматтар алаяқтардың арбауына оңай алданып, кейіннен полиция бөліміне арызданатын көрінеді. Алайда алаяқтардың ізін табу оңай шаруа емес. Бірі шет елде отырып жымысқы әрекетін жүзеге асырса, бірі ізін жасырып үлгереді екен. Сол себепті полиция бөлімі қызметшілері аудан азаматтарын оңай ақша табуға елікпей, адал табыс табуға шақырады.
Жалпы алғанда полиция бөлімінің бүгінгі келбеті мен атқарып отырған жұмыстары осындай. Әрине, кемшіліктер де жоқ емес. Бірақ мұндағылар Президент ұсынған қағидаға бет-бұрып, жұртқа жақын полицей атанбаққа барын салуда. Басшылық та, қызметшілер де осы бір жалғыз мақсатты көздеп отыр.
Рамазан ӘНӘПИЯ