Утилизация алымы: автокөлік бағасы төмендей ме?
«Утильдік алым тоқтатылады», «Алыс-жақын шет елдерден көлік әкелуге қазірден бастап кірісу керек» мемлекет басшысының үндеуінен кейін осы секілді бұрмаланған ақпараттар мен негізсіз сөздер желіні желдей есті. Шын мәнісінде қалай? Утильдік алым тоқтатыла ма, әлде оның ставкасы төмендей ме? Анығын айтып көрелік.
– Кәсіпкерлер мен жалпы қоғам тарапынан «Оператор РОП» деп аталатын компанияның қызметіне қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Тіпті, осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастыруға дейін жетті. Үкіметке «Оператор РОП» ЖШС-ның утильдік алым жинаумен пайдалануын тоқтату бойынша шара қабылдауды тапсырамын. Мұнымен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралғаны жөн. Мемлекеттің утилизациялау, автомобильдік өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға қолдау көрсетуін ешкім тоқтатқан жоқ. Бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керек. Отандық автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға утильдік алым есебінен ваучер беру мәселесін қарастырған жөн. Осы және өзге де утильдік алым қаражатын қоғамға пайдамен жарату тәсілдерін қарастырыңыздар.

Бұл мемлекет басшысының утильдік алымға қатысты айтқан сөздерінің толық мәтіні. Өздеріңіз байқағандай, президент утильдік алым жинаумен айналысатын «Оператор РОП» мекемесінің жұртшылықтың наразылығын тудырғандықтан қызметін тоқтатып, мемлекеттік ұйымның еншіне беруді тапсырды. Сондай-ақ, көлік иесінен алынатын түрлі алымдар ставкасын қайта қарауды ұсынды. Міне, осы тұсқа ерекше мән беруіміз тиіс. Себебі, алымдардың ставкасы қайта қаралмаса, оның мемлекеттік ұйымның қолына өткеннен қарапайым халыққа келіп-кетері болмайды. Алдымен, аталған утильдік алымның ставкасына жұртшылық неге наразы болды? Осыған тоқталайық.
Toyota Camry 50 шетелде 3 млн теңге тұрады
Мәселен, Toyota Camry 50 шетелде – 3 миллион теңгеден сәл асады. Ал, Қазақстанда сол көліктің бағасы 10 миллион теңгеден жоғары тұрады. Неге? Әлеуметтік желіде, қоғам белсендісі Бекболат Қаржан мұның себебін былай түсіндіріпті. Сіз Toyota Camry 50 көлігін Бруклиннен біздің теңгемен 3,9 миллионға аласыз. АҚШ-тан жеткізілу құны 1 миллион 50 мың теңгеге түседі. Ал, Қазақстандағы тіркелу мен кедендік БАЖ салығы – 663 000, оған қосымша + 12% НДС – 468 000, утильсбор – 1 325 000, тіркеудегі алғашқы төлем – 1 325 000, ТС мен СБ 350 000 теңге. Сонда жалпы көліктің бағасынан бөлек қосымша шығын 4 млн 132 мың теңге болады. Яғни, бұл сіз алып келген көліктің бағасынан да жоғары сома. Сіздің АҚШ-тан 3.9 миллион теңгеге алған Камриіңіздің бағасы Қазақстанға жеткенде 9 миллионға шығады. Әне, неге біздің елде, Toyota Camry 50-дің бағасы 11 миллионға кетіп қалғанының себебі. Ал, айырмашылықты есептеңіз. Тым қымбаттатылған утильсбор мен «первичный регистрация» деген – заңдастырылған рэкетизм.

Елімізде тіркелген көліктердің жартысынан астамы ескі
Осыдан келіп, елімізде ескі көліктердің саны артып кеткен. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда тіркелген 3 млн 870 мың көліктің 64,5 процентінің зауыттан шыққанына 10 жылдан асып кеткен. 3 процентінің ғана өндірілген жылы 3 жылдан төмен. Демек, утиль алым мен алғашқы тіркеу төлемінің қымбаттығынан елде ескі-құсқы көліктер көбейген. 2016 жылы осы салық түрлерін енгізгенде үкімет басындағылар «елде ескі көліктер азаяды, отандық автоөндірушілер аяққа тұрып, отандық көліктер саны артады, экология жақсарады» деп, уәде берген. Осы сөздерді желеу етіп отандық авткөлік өндірісін стимуляциялау үшін елдегі «Астана моторс», «СарарқаАвтоПром» сынды автосалондарға өздері төлеген осы салық түрлерін толықтай кері қайтарып отырған. Мәселен, 5 жыл ішінде утильдік алым есебінен «Оператор РОП» мекемесіне 700 млрд теңгеден астам табыс түскен болса, соның 47,7 проценті автокөлік өндірушілерге қайтарылған. Бар болғаны 14 проценті ғана экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалыпты. Бұл туралы тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Мәлікова пікір білдірді.
– Осы мекеме құрылған кезде утильдік алым салығының ішіне Қазақстанда шығарылатын тауарларға стимуляцияны да қосып қойған. Соның салдарынан бізде утильдік алымның мөлшері өте жоғары болып тұр. Жалпы, дамыған 30 елді алып қарайтын болсақ, утильтдік алымның басты мақсаты – қалдықтарды жинап және өңдеу болып табылады. Бірде-бір елде автопромды стимуляциялау деген мүлде жоқ. Яғни, бұл жерде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өндірісті қолдағысы келсе, өзінің бөлек жобасын дайындауы қажет. Ал, утильдік алымнан түсетін пайда экологиялық мәселелерді шешуге бағытталуы керек, – Л.Маликова.
Шет мемлекетте утиль алым қанша?
Ал, енді барлығымыз қарсылық танытқан бұл салық түрлері шет елдерде енгізілген бе, енгізілсе ставкасы қандай? Осыған тоқталайық. Мәселен, АҚШ-та, утиль алым 200 доллар шамасында, Бельгияда 80 евро мен 200 евро (39 446 – 98 616 теңге), Германияда 0 мен 100 евро айналасында, Жапонияда 80 евро, Голландияда 60 евро көлемінде. Ал біздің елде мынадай:

Қазақстанда (2022 жылға дейін)
437 000 теңге (1 КУБ ДЕЙІН)
437 000 – 1020 950 теңге (1-2 КУБ)
1020 950 – 1458 500 теңге (2-3 КУБ)
1458 500 – 3 354 550 теңге (3 кубтан жоғары)
Табысы бірнеше есе төмен біздің елде оның бірнеше миллион теңгеден асып кетуі әрине ақылға қонбайды. Сондықтан, қарапайым халықтың басым бөлігі «Утилсборға жол жоқ» деп аталған қозғалыс өкілдерінің ұсынып отырған ұсыныстарын, яғни ең жоғары ставка көлемін 200 евродан асырмауды толықтай орынды деп біледі.
Алғашқы есепке қою алымы деген не?
Екінші бір мәселе алғашқы есепке қою алымына (первичный регистрация) қатысты. Мұның құны да утиль алымнан артық болмаса, кем емес. Ерекшелігі бұл салық түрі айлық есептік көрсеткішке байланған. Өндірілгеніне 2 жылдан аспайтын жеңіл көліктерге 0,25 АЕК болса, 2 жылдан асқан көліктерге 145 мың теңгеден – 1 млн 458 мың теңгеге дейін барады. Ал, өндірілгеніне 2 жылдан асқан микроавтобустар мен басқа да санаттағы көліктерден 700 мың теңгеден – 7 млн 292 мың теңгеге дейін осы салық түрі алынады. Көршілес Ресей де бұл салық түріне бар болғаны 20 мыңге алынады екен.
Тағы бір айта кетерлігі, утиль алым мен алғашқы тіркеу салағының көптігінен жеңілавтокөлік иелері ғана емес, ауылшаруашылығы саласы, құрылыс, жүк тасымалы салалары орасан зор зардап шегуде. Себебі, ауылшаруашылығы саласына қажетте техникалар, жүк көліктері мен құрылысқа қажетті кран сынды техникаларды жаңадан сатып алу үшін шаруалар мен кәсіпкерлер де аталған салық түрлерін төлеуге міндетті. Ал, оны көпшілігінің қалтасы көтере бермейді. Қажетті техника жаңармағандықтан, азық-түліктің, тұрғын үй мен құрылыс материалдарының бірнеше еселеп қымбаттауы орын алуда. Демек, аталған салық түрлерінің ставкасы төмендесе, экономиканың күре тамыры болып табылатын бірнеше сала ұтпақ.
Автокөлік қашан арзандайды?
Бұл туралы қоғам белсендісі Нұраддин Садықов былай дейді: «Утиль алым мен алғашқы тіркеу салығы қайта есептелген жағдайда, зауыттан шығарылғанына 7 жылдан аспаған көліктерді әлде қайда арзан бағаға алуға болады. Мәселен, Америкадан 2015-2016 жылғы Тайота камри көлігін 6-7 мың долларға алсаңыз, кедендік алым салығы бар, басқасы бар барлығын есептегенде 6 млн теңгенінің шамасына жуықтайды. Ал, қазір бізде ол көліктің бағасы 11 млн теңгенің шамасында. Демек, бұл көліктің бағасы 2 есеге арзандайды деген сөз. Бірақ, ол бірден арзандап кетеді деген сөз емес. Біздегі мынау 6 жылдан бері қалыптасқан көлік дефицитін толықтыруымыз керек. Оған шамамен 1 – 1,5 жыл уақыт кетеді. Сол уақыт аралығында көлік нарығындағы дефицит азайғаннан кейін, көлік бағасы да арзандай береді».

Қазына әлеммен, ал әлем қазынамен өмір сүреді
«Қазына әлеммен, ал әлем қазынамен өмір сүреді» орыс ойшылдары осылай дейді. Сондықтан, бұл салық түрін түбегейлі алып тастауды талап ету білімсіздік болар еді. Ендігі басты жауапкершілік Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде болмақ. Министрлік жоғарыдағы екі төлемнің сомасын азайтуға және оны тікелей мемлекетке (қазір әлдебір күдікті ЖШС-ға емес) төлеуге қол жеткізуі тиіс. Сонда ғана мемлекет басшысының парламент отырысында айтқан сөздері шындыққа айналып, елдің көңілі жайланар.

Рамазан ӘНӘПИЯ