Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Биыл мемлекеттік мереке саналатын 1 мамыр сенбіге дәл келіп отыр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар сенбі, жексенбі, дүйсенбі – 3 күн қатарынан демалады. Сонымен қатар, 9 мамыр жексенбі демалыс күнге келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 7, 8, 9, 10 мамыр күндері тағы демалатын болады. Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шеру өтпейтінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
​https://www.inform.kz​​​
28 сәуір 2021 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031