Құмайдың қасиеті қайтсе артады?
Қазақ халқында өзге елдерде кездесе бермейтін құндылықтар мен қазына жетерлік. Соның бірі – адамның адал досына айналған ит. Расында, жүйрік ат, құмай тазы десе делебесі қозбайтын қазақ кемде-кем. Ақын Свет Оразаев өзінің ит жайлы өлеңінде «Ит адамның досы ғой, талас бар ма? Ортамыздан хақың жоқ аластауға. Компасың боп үйіңе алып келер, Борандарда, түндерде адасқанда» деп жырлауы бекер емес. Сондай-ақ Мұхит бабамыз да төлтума әніне «Қоянды шалмай алар қара қаншық» деген сөздерді кірістіруі тегін емес. Қазақ үшін жүйрік ат, қыран бүркіт қаншалықты қастерлі болса, құмай тазы да соншалықты қадірлі. Сол үшін қазекең итті жеті қазынаның біріне балап, құмай тазыға киіз үйінен орын берген.
Өкініштісі, қазіргі таңда қазақы тазының болашағына қауіп төніп тұрғаны жасырын емес. Әсіресе, ит баптаушылар «Тазыны өзге ел патенттеп, иеленіп ала ма?» деп үрей білдіруде. Мұндай үрейге бой алдыру да бекер емес. Себебі жылдан жылға тұқымы ерекше саналған тазының саны азайып барады. Осыдан 3000 жыл бұрын пайда болған тазы 1939 жылы 7000 дана болса, 1990 жылы 3000, 2005 жылы 700, 2012 жылы 300-ге дейін қысқарған. Бұрнағы жылдары тазының бағалануы да әжептәуір қымбатқа түскен. Мәселен, 1917 жылы бір тазы 47 жылқыға бағаланса, 1937 жылы 37 жылқыға, 1947 жылы 27 жылқыға айырбасталған. Осындай деректерге қарап-ақ қазір тазының саны ғана емес, құны да төмендеп бара жатқанын аңғарамыз. Оның себебі – қазіргі қауымның ат жүгіртіп, соңына ит ертетіндер некен-саяқ. Тіпті қалада тұрақтаған жастар қызықпайды десек те болады. Ал бұрынғы ата-бабаларымыз ше? Көшпелі бабамыз жаз жайлауды той-думанмен өткізсе, қыс түскен бойда ит жүгіртіп, құс салып саятшылық құрған. Сөйтіп аңға салатын құстарды, мінетін атты – жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар деп ерекше қасиеттерімен атаған.

Осының ішінде құмай тазының да өзіне тән ерекшелігі бар. Тазының ең жүйрігін аң алғыш, ұшқырын құмай, құмай тазы деп атайды. Қазақ даналығы тазының ең күштісіне, жүйрігіне «нағыз құмай екен, қанатты құмай екен» деген сияқты мақтау сөздер арнаған. Құмайға тән қасиеттердің ішінде ептілік, жылдамдық, әдісқойлық, түлкі-қоянды құйындай соғатын, тіпті арқарға, қасқырға шабатын қасиеттердің бәрі бар. Сондай-ақ құмай тазы өзінің ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен өз тұқымдастарының ішінде сырттаны, төресі саналған. Құмайдың ерекше белгілері күшік кезінен-ақ байқалады. Мұны М.Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасындағы құмай тазы – Лашынның күшік кезіндегі сипаттауынан байқаймыз. Аталған шығармада құмай тазының күшік кезі «Кеуделі екен, ұзаққа шабар. Қысқа мойын, әрі шықшытты, езулі көрінеді, қайратсыз да болмас. Артқы аяғы да келісті, маймақ біткен – жүйріктіктің белгісі», ал өсе келе «Шодыр төбелі басына түйе жапырақтай жалпақ, ұзын шашақты құлақтары әсем кейіп беріп тұр» деп бейнеленеді.
Иә, құмай тазы ғасырлар бойы қазақтардың жансерігі болған. Қазір көпшілігіміздің қазақы құмайдың қасиетін танымай, саятшылық өнерден бейхабар болып бара жатқанымыз өкінішті-ақ. Әсіресе, рухани жаңғырудың даңғыл жолына түскенде жоғалудың сәл-ақ алдында тұрған осынау тазының түрін қайта қалпына келтіру – кезек күттірмейтін іс. Ол үшін саятшылықты ұлттық спорт түрі ретінде дамытып, аңшы жануарлардың санын көбейтіп, экологиялық мәдениет қалыптастырып, құмай тазы тұқымының құрып кетпеуін қадағалау шарт. Бұл үшін Қазақстандағы барлық тазыны арнайы тізімге алып, асылдандырсақ бәлкім, құмайдың қасиеті арта түсер.
Абылайхан САҚТАҒАНОВ