Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сапалы жол" жобасы

"Сапалы жол" жобасы

Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязовтың
17.06.2020ж «Сапалы жол» жабасы аясындағы отырыста сөйлейтін сөзі


Құрметті отырысқа қатысушылар!

Тәжірибе көрсеткендей, нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Алайда, көпшілікке мәлім, бүгінде елдегі жолдардың сапасы «проблемалық аймақта» және үнемі халықтың назарында.
Соңғы бес жылдың өзінде республикалық бюджетке сәйкес автомобиль жолдарын салуға, қайта құруға және күтіп ұстауға шамамен 1,8 трлн. теңге бөлінген.
Сонымен бірге, осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына қарамастан, олардың іс жүзінде іске асырылуы әрдайым үмітке сай емес.
(Нәтижесіде, Дүниежүзілік экономикалық форумның 2018 жылға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне сәйкес Қазақстан жол сапасы бойынша әлемнің 140 елінің ішінде тек 106 орынды иеленген).
Бұл жағдай осы салада жобалық басқару принциптерін енгізуді қажет етті.
Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы № 131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын, негізгі мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгіленген.
Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.
Автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жыллдың 10 маусымынан бастап ««Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп келеді.
Жобалық кеңсенің мақсаты Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.
Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобалық кеңсенің қызметінің бағыттары:
1)қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
2)қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;
3)парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу;
4) бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру.

Осыған орай, Агенттіктің аумақтық департаменттері мен Орталықтың бірлескен іс-қимылдарының арқасында республикада проблемалық жолдарға 2019 жылдың маусым айынан бері 410-нан астам бірлескен мониторингттер ұйымдастырылып, нәтижесінде 800-ден астам заң бұзушылықтар анықталып, тиісті ұсыныстар жолданып, олардың 80% (653) жойылған.
(Заң бұзушылықтар, мысалы Алматы облысындағы «Сапала жол» жобасы аясында техникалық қадағалау сарапшысының аяқталған жұмыс туралы актілерге жалған қол қоюы анықталды, келтірілген шығын 90 миллион теңгеге бағаланған).
Автомобиль жолдарының сапасына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету шеңберінде облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың жай-күйіне, оны күтіп-ұстауына, сапасына жылжымалы зертханамен ағымдағы жылдың 5 айында 5-рет мониторинг жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті сала басшыларына ұсыныстар жолданып біршамасы жойылуда.
Қоғамдық мониторингтік топ қызметінің негізгі мақсаты автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына қоғамдық бақылау жүргізу болып табылады.
Осыған орай, а.ж. 26 мамырында «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері жылжымалы зертханамен бірлесіп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген Қызылорда қаласы, Жалғасбаев және ағайынды Қожықовтар көшесінің сапасын анықтау үшін мониторинг жүргізілді.
Зертхана нәтижесімен анықталған ахаулар, жолдың сапасыздығына байланысты кемшіліктерді жою үшін Қала әкімдігіне ұсыныс хат жолданды.
Сондай-ақ, Қала әкімдігінің берген ақпараты бойынша, қала көлеміндегі 2017-2019 жылдары аралығында жөнделіп пайдалануға берілген нысандардың яғни, жолдардың жалпы ұзындығы 110 км 606 метр болса, оған 4 538 968,044 теңге қаржы бөлінген.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 2017-2019 жылдары аралығында жөнделіп пайдалануға берілген нысандардың барлығының тізімдері алынды және сол жолдардың сапасына мониторингттер жүргізілетін болады.
Мониторинг қорытындысымен анықталған ахаулар, кемшіліктерге тиісті сараптамалар тағайындалып, сараптама қортындысына байланысты заңды шешім қабылданатын ескерткім келеді.
Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар жиынтығында бүкіл қоғамның мүдделерін ескеруге және автомобиль жолдарын салудың, қайта жаңартудың және жөндеудің барлық сатыларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жолдардың сапасын арттыруға ықпал етеді деп білеміз.


Көңіл бөлгендеріңізге Рахмет!
























8 слайд

Сонымен қатар, далада жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өту қажет.


Аумақтық департаменттер мен Орталықтың бірлескен іс-қимылдарының арқасында республикада проблемалық аудандарға 410-нан астам бірлескен сапарлар ұйымдастырылды, нәтижесінде 800-ден астам заң бұзушылықтар анықталып, тиісті ұсыныстар жасалды, олардың 80% (653) жойылды.

Автомобиль жолдарының сапасын сараптау сатысының жариялылығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары бұл жұмысқа белсенді қатысады.
(Мысалы, Алматы облысындағы «Сапала жол» жобасы аясында техникалық қадағалау сарапшысының аяқталған жұмыс туралы актілерге жалған қол қоюы анықталды, келтірілген шығын 90 миллион теңгеге бағаланады).
Алматы облысында полициямен өзара әрекеттесу тәжірибесін атап өткім келеді, бұл оң нәтиже көрсетті. Жол полициясының қызметкерлері әр бақылауға қатысады, олар маңызды ескертулермен жол қызметтерін жеткізушілер мен жауапты лауазымды тұлғаларға әкімшілік хаттамалар жасайды.
Бұл жұмыстардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жарияланды. Барлығы 600-ден астам басылым ұсынылды.
Жергілікті аумақтық департаменттердің белсенділігін атап өткім келеді және бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын.

30 шілде 2020 ж. 382 0