Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмбақтың халық тәрбиесінде алатын орны

Жұмбақтың халық тәрбиесінде алатын орны

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің атадан балаға мұра ретінде беріліп, көне заманнан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан асыл мұрасы.
Әсіресе, жас ұрпақты жұм­бақ арқылы ана тілінде сөй­леп, ойлауға, ұлттық құн­дылықтарды тануға, ­сауат­­­­ты жазуға тәрбиелеуге болады. Сонымен қатар әр пәнде жұм­бақтарды пайдалану оқушыларды қызықтыра түседі, логикалық ойын жетілдіруге көмектеседі. Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты бұрын тапқырлық сөздер қатарында саяси құрал есебінде тап жауына қарсы қолданған орындар да аз емес.
Оқушылардың тапқырлығын арттыратын «Аяз би» ертегісі тұнып тұрған жұмбақ ертегі. Бұл ертегіде Аяз бидің тапқырлығы айқын бейнеленген. Онда шал мен ханның жұмбақтап сөй­­лескенін түсінбеген қырық уәзір Аяз биге барып түсіндіруін сұрайды. Аяз бидің тапқырлығы соншалықты жұмбақталған сөзді іс-әрекет арқылы түсіндіріп береді. Соның арқасында Аяз би халқына адал, әділ, сыйлы, қадірлі болады. Осындай жұмбаққа толы ертегілер, әңгімелер арқылы жас ұрпақты тапқырлыққа, ой-өрісінің жүйрік болуына тәрбиелейміз. Жұмбақты мектеп оқушыларының бойына көптеп сіңіруіміз қажет. Ата-ананың жас буынға беретін тәрбиесінде де баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар.
Қазақ тілі пәнінде жұм­бақты қолданудың өзіндік ер­екшелігі сипат алады. Оқушы­лардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылықпен айналысуға септігін тигізеді. Жұмбақ арқылы оқушыларды оқыту, оқушы бойындағы қасиеттерді ашып, ой-өрісін, қиялын дамытуға, поэ­зияны сүюге тәрбиелейміз. Жұмбақтарды мектептегі оқыту пәндерінде қолданудың мүмкіндігі орасан зор. Әрбір сабақта өз орнымен тиімді пайдалана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Бүгінгі таңда педагогика ғылымы даму үстінде. Заман талабына сай білім беру технологиясы өзгерістерге еніп, әдіс-тәсілдер де көптеп қолданылып отыр. Мұның себебі, жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың біліктілігін арттыру. Жастар болашақта ой-өрісі кең, жылдам шешім қабылдай білетін, өз ойы мен сөзіне берік, мәдени санасы жоғары азаматтар болуы үшін ұстаздардың еңбегі зор.
Жалпы жұмбақ адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға, білімін жетілдіруге, біліктілігін арт­тыруға пайдасы мол екенін жеткізгім келді. Біздер жас ұрпаққа өз дәстүрімізді, мәдениетімізді дәріптеу арқылы бойына сіңіре аламыз.Өз елінің тілін, дінін, мәдениетін білген адам, әлемдік мәдениетті де меңгереді деп зор сеніммен айта аламын.

Сымбат Төлегенова,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің
3 курс студенті
04 ақпан 2020 ж. 1 228 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 55

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031