Қазақстанның командасы АрХО-2019 сайысының «Ат марафоны» жаңа байқауында қатысуда
Қазақстандық әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындар-2019 сайысының «Ат марафоны» жаңа байқауына қатысуға сақадай сай. Моңғолия Қарулы Күштері Біріккен оқу-жаттығу орталығының базасына келген сәттен бастап біздің команда толық таныстырылым маршрутынан өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Байқау маршруттары бойынша жол жүрген кезде командалар ат марафонының кезеңдері өтетін жердің ландшафтымен танысып, жеребе тастау арқылы жылқыларды іріктеді, атпен жүру үшін оларды жүгендеп, ерттеді.Қатысушылар мен бапкерлер штабы өту жылдамдығын емес, байқау кезеңдерін дұрыс әрі сапалы орындауда шеберліктерін ұштады. Уақыт пен ауа райындағы айырмашылыққа қарамастан, Қазақстан құрамасы бірден бейімделіп, жаттығулар барысында қиындықтарды сезінген жоқ.
Кезектілікке сәйкес қашықтыққа шабудағы байқауда Қазақстан командасы бірінші болып шығады. Оның артынша Қырғызстан құрамасы, әрі қарай – Моңғолия және Ресей командасы бұл сайысты түйіндейді.
Қатысушылардың айтуынша, бірінші болып өнер көрсетудің күрделілігі алғашқы команданың шабыт беруімен байланысты болып келеді. Қалғандары оның уақытына бағдарланады және оны есептеп жүріп айналып өтіп, үздік нәтиже көрсете алады.
Ат марафоны тамыздың 3-і мен 8-і арылығында өтетінін айта кетейік. Байқау төрт кезеңнен, яғни, дайындық, ат марафоны, қысқа қашықтыққа аралас эстафета және шешуші кезеңнен тұрады.
BAQ.KZ