Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйдегі шипалы «шебер»

Үйдегі шипалы «шебер»


Тақырыпты оқысымен, ма­қа­ла не туралы бол­ған­­дығына қызығу­шылы­ғыңыз оянып отыр­ған болар. Ол кәдімгі кір сабын. Күнделікті өмірде кезігетін қарапайым са­бын­ның қасиеті мен шипасы туралы білесіз бе? Көбіміз киім жуатын кө­мек­­ші құрал ретінде тұтынатын қарапайым зат­тың денсаулыққа ти­гі­­зер пайдасы орасан. Бұл туралы қызыққа қанық­қыңыз келсе, ары қарай оқыңыз.

Кір сабынның қазақ жеріне қашан, қандай жағдаймен жеткендігі жөнінде мәліметті ешкім тап басып бере алмайды. Бізге анығы, бабалардың ластанған бұйымдарды тазалайтын мал майы мен сүйектерінен қайнатып әзірленетін жуығышының болғаны. Ол қазіргі кір сабынның аналогы ма, әлде бастапқы нұсқасы ма, оны да ешкім білмейді.

Ел арасында XX ғасырдың орта тұсынан бастап кір сабынды дайындау үшін өндірушілер көше иттері мен мысықтарының, түрлі өлекселердің майын пайдаланады деген қауесет тараған. Алайда ол рас-өтірігіне қарамастан, тұтынушылар сенімін жоғалтуға негіз бола алмаған. Оған себеп те жоқ емес. Бастысы, кір сабын – бағасы төмен және үй шаруашылығына пайдалы өнім. Ал сабынды қолға алғаныңда кезігетін 65%, 70%, 72% деген жазбалар құрамдағы майлы қышқылының процентін білдіреді екен. Қызығы, процент көрсеткішінің көптігі сабынның тиімділігінің жоғары екендігінен мағлұмат береді.

Оның пайдалы болуынан кір сабын табиғи таза өнімдерден жасалатыны негіз болса керек. Сабынның бұл түрінің пайдалылығы неде? Соған тоқталсақ...
Қолыңызға кездейсоқ тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кетсе, оны инемен тескілеп, жаныңызды ауыртудан аулақ болыңыз. Ондайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңыңыз. Бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
Бойжеткендердің көбінің арманы – сүмбіл шашты болуға дәл осы кір сабын мүмкіндік тудырады. Шашыңыздың қалың әрі ұзын болуын қаласаңыз, мамандар оны кір сабынмен жууға кеңес береді.

Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, басты кір сабынмен жуған дұрыс.
Дәрігерлер таз ауруына шалдыққандарға да басын кір сабынмен жууды ұсынады.
Ал сұлулықтың айнасы – бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтауға сеп болады.
Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолдану теріні тазарып, денені сергітеді.
Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.

Іріңдеген жараларға сықпа майын жаққаннан, кір сабын көмегіне жүгінген жөн. Ол үшін сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға салып, үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатады. Суыған қоспаны үш күн қайталап, жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қою жарақаттың дегдуіне жеткілікті. Қарапайым кір сабынмен жуу жараны асқыну және микроб тусуден қорғайды.

Кішкентайлар дәрі-дәрмек өзге де денсаулыққа зиянды заттардан абайсызда жеп қойғанда аздап сабын суын ішкізіп, аууханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алуға болады. Оны көп мөлшерде тұтынуға болмайды. Сабынды су ішу өз кезегінде улы қалдықты құсықпен түсіріп, металл бұйымдардың асқазанды зақымдауыннан аз уақытқа болса да сақтайды.
Ал ит тістеп алса, қан тоқтаған соң жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басқан тиімді. Балаңыз жығылып қалса, дереу кір сабынды жағу көгеруді болдырмайды.

Кенже-әлі Асқар:
– Қызылорда қаласы маңында орын тепкен Қазақтың Республикалық песханасы мекемесінде 1977-1997 жылдар аралығында лобарант, эпидемиолог көмекшісі болып жұмыс істедім. Сол кезде науқастардан түрлі анализ аламыз. Биопсия деген талдама бар, ол лефро ауруының деңгейін анықтайды. 200-ден астам науқасты тексереміз. Медицинада сақтық шараларын жасау үшін спиртпен тазалау қолданыста. Спиртпен жуып, қолымызды тексерсек, ауру таяқшалары қалып қойып жатады. Ал, кір сабынмен жусақ, түгел тазарады. Сонда кір сабынның заласыздандыру үшін қабілеті зорын көзіміз көріп, көңіліміз сенгені бар.

Жомарт Халық:
– Бірде көзім ауырып, көру мөлшерлігін тексертуге оптикаға барған едім. Кеңседе күнделікті қағазға шұқшиямыз. Оған комьпютер мен смартфонды қосыңыз. Жас ұлғайғаны тағы бар.
Арнаулы маманнан көзәйнек алып жатып, көз ауруынан айықтырып, қалпын жақсартатын амалдар туралы сұрағанымда, таң-тамаша күйге ендім.

Ол маған кір сабынмен емделуді ұсынды. Көзге шамадан тыс күш салу оның түйілуіне әкеліп соғады. Осындайда кір сабынмен жуу жұмысын жақсартатынын айтып, өзі де солай етіп жүргенін жеткізді.

Үйге келісімен маман кеңесін іске асырып көрдім. Әсері барын сезініп жүрмін.
Біз де сізге өзгенің қаңсығын таңсық көріп, ақшаны бекер шығындамай, үйдегі «шипалы шебердің» көмегіне жүгінудің қауіпсіз әрі тиімділігін көрсететінін айтпақпыз.

Дайындаған
Алтын МЕЙІРХАНОВА
04 маусым 2019 ж. 1 907 0