Фаст-фудтың денсаулыққа зияны тимес үшін қалай жеу керек?
Фас-фуд – денсаулыққа зиян, бірақ өте дәмді тағам. Оған мүлдем тыйым салу қиынға соғады. Сондықтан оның дәмін сирек татуға тырысыңыз және төменде ұсынған кеңестерді қолданып көріңіз. Қуырылған жұмыртқа Жылдам пісетін тағамдар құрамындағы ең зиян компонеттің бірі – қуырылған жұмыртқа. Қуырылған жұмыртқа суға піскен жұмыртқа немесе омлетке қарағанда қытырлақ, тойымды көрінгендіктен оны бургерлер құрамына қосады. Сондай-ақ, оларды дәм күшейткіштермен, консерванттермен дайындайды. Осыған байланысты бургер таңдарда ортасындағы қуырылған жұмыртқа қабатынан бас тартқан жөн. Сол кезде фаст-фудтың зиянын азайтасыз. Тауық және балық Егер тағам алар кезде, алдыңыздан сиыр еті, тауық еті мен балық – үшеуінің бірін таңдау керек болса, соңғы екі өнімге тапсырыс беріңіз. Себебі тауық еті мен балық ағзада жеңілірек қорытылады. Фас-фудтан бас тарта алмасаңыз, ең болмағанда тұзы көп өнімдерді жемеуге тырысыңыз. Әрине, тұзсыз фри сондай дәмді болмауы мүмкін, алайда оның ағзаға зияны азаяды. Қуырылған тамақтың қаншалықты зиян екенін білеміз. Егер кейде қуырылған тамақ пен фаст-фуд жегіңіз келсе, оны үйден дайындаған және тұзын азырақ қосқан жөн. Кетчуп пен моенез. Бұл ингредиенттер бірден "қара тізімге" енуі керек. Олардан бас тарту арқылы фаст-фудтың зиянын және калориясын азайтасыз. буда піскен фаст-фуд Фаст-фудқа қатысты күдіктің көбі оның дайындалу әдісіне қатысты пайда болады: фритюрге (шыжып тұрған май) қандай май қолданылды, қандай қосымша ингредиент қосылды, қандай жағдайда және қаншалықты ұзақ дайындалды т.б. Сондықтан буда піскен тағамдарды таңдаған жөн. Бұл жағдайда фаст-фуд сапасына қатысты туындайтын қорқыныш сізді мазаламайды.
Massaget.kz