Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемшіліктерді түзеудің ең жақсы амалы

Кемшіліктерді түзеудің ең жақсы амалы

  

Адам болғаннан кейін жаза басып жаңылысып жататынымыз жасырын емес. Пенделік пейіл кісі кемшілігін көрсе кінəлағыш келетінін қайтерсіз.

Өзге жұртты былай қойғанда, ерлізайыптылардың қыңқ етсе бірін-бірі айыптай жөнелуі тіптен орынсыз екенін ардақты елшіміз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) өз хадисінде былайша жеткізеді:
«Мұсылман əдепсіз сөз сөйлейтін, өзгелердің қателіктерін бетіне басатын, лағынет айтатын дөрекі кісі емес»[138].
Отбасының ынтымағы мен берекесін ойлаған ерлі-зайыптылар мына мəселелерге мəн бергені жөн:
1. Адамның мінсіз болмайтынын біліп, қателіктерін түсіністікпен қабылдау . Еркек те, əйел де «өзім мінсіз емеспін ғой. Ағаттықтарыма жұбайым қабақ шытпай қараса, мен де оны кешіре білуім қажет» деген ұстанымды өзіне басты қағида етіп алуы керек. Егер ерлі-зайыптылардың бойындағы ұнамсыз қылықтары Исламның негіздеріне қайшы əрекеттер болса, оның кемшіліктерін жұмсақтықпен, жақсылықпен түзеткен жөн.
2. Жұбайының жақсы жақтарын ойлап, олқылықтарын үлкейте бермеу . Егер бір адамның бойында жақсы қасиеттері жаман жағынан көп болса, ол адам сүйіспеншілік пен құрметке əбден лайық. Тіпті, маңызды бір ғана жақсылығы үшін көптеген майда-шүйде кемшіліктерін кешіре білу керек. Мысалы, əйелдің ары мен абыройын сақтауы, намаз оқуы, ораза ұстауы, күйеуіне бағынуы, балаларының тəрбиесімен айналысуы жүздеген ұсақ кемшіліктерін жою үшін жетіп артылады. Сол секілді күйеуінің намаз оқуы, арақ ішпеуі, құмар ойын ойнамауы, отбасына адалдығы, зинадай зауалға бой алдырмауы секілді жақсы қасиеттерін сəл ғана түсінбестік үшін құрбан ете алмаймыз ғой. Ер мен əйел бір-бірінің бойынан бармақтай кемшілік көрген бетте жыландай жиырылып, аттай тепсініп жатса кімнен қайыр?!
3. Өз бұрыстығымыздың қалай оңғарылғанын қаласақ, жұбайымыздың кейбір қисықтығын да солай түзетуіміз керек. Өзімізге қаламаған нəрсені біреуге жасап жатсақ, мұсылмандығымызға жол болсын?! Исламның игіліктің ошағы екенін ұмытпайық.
4. Адамның ағаттық пен мінін жұрттың көзінше жарияламай, оңашада отырып ескерткен дұрыс. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің кемшін тұсын ел алдында айқайлап айтып немесе сөзбен іліп-шалып мұқатпаулары керек. Ислам діні өзгелердің айыбын ашып, масқаралауға тыйым салған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі мен қаны басқа мұсылман үшін харам» деген. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім дүниеде мұсылман бауырының айыбын жасырса, қиямет күні Аллаһ тағала да оның айыбын жасырады» делінген. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың бала-шағасының алдында бір-бірінің қателіктерін бетіне басып, жанжалдасуы отбасылық жағдайға оң əсерін тигізбесі анық. Құранда «Бақара» сүресі 187-аятында: ﻟ ﱠﻬ ﻦُ ﻟ ﱠ ِ ـﺎس َﺒ ٌ و أَ ﻧﺘَ ﻢُ ْ ﻟ ﱠﻜ ـﻢُ ْ ﻟِ ـﺎس َﺒ ٌ ﻫ ـﻦُ ﱠ «Əйелдер сендерді бүркейтін (күнəдан тыятын, шаттыққа бөлейтін жəне көрікті қылатын) киім (секілді), сендер де олар үшін дəл сондай киім секілдісіңдер» − деп, Аллаһ тағала ерлі-зайыптыны бір-бірінің ұятын бүркеуші екенін айтқан. Демек, ерлі-зайыптылар да бір-бірінің кемшіліктерін басқаларға байқатпай, бас жарылса бөрік ішіне жасыра білуі керек.
5. Сабыр сақтау . Отбасындағы татулықты сақтау үшін ерлі-зайыптылар бір-бірінің шалыс басқан қадамына сабырлық танытса, əрі отбасында береке-бірлік орнайды, əрі мол сауапқа да кенеледі. Бір-бірінің есерлігіне күйгелектенбей, пайым пен парасатты ұстанса, мұның жемісінің қандай боларын асыл сөздің иесі Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) хадисінде «Əйелінің жаман мінезіне шыдамдылық танытқан еркекке Аллаһ тағала ауыр індетке шалдыққан Əйюб пайғамбардың сауабын, ал күйеуінің жаман мінезіне төзіммен қараған əйелге Перғауынның жұбайы Əсияның сауабын береді» деп сүйіншілеген.
28 наурыз 2019 ж. 938 0