Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жігіт ішімдік ішіп отырған кезде жүрегіне тіс шұқығыш таяқша қадалып қалды

Жас жігіт ішімдік ішіп отырған кезде жүрегіне тіс шұқығыш таяқша қадалып қалды

Қытай тұрғыны жүрегіне қадалып қалған тіс шұқығыш таяқшаны алдыру үшін ота жасатты. Ол «үшкір затты» ішімдік ішіп отырған кезде жұтып қойған екен.

Оқиға 9 қаңтарда орын алған. 29 жастағы Чжоудың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, ауруханаға түскен. Тексеру барысында дәрігерлер өкпесінің оң жағынан әлдененің көлеңкесін байқаған. Сонымен қатар жүрек аумағы қабынғаны анықталған, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Хирургтер ота кезінде пациенттің жүрек камераларының бірінен ұзындығы 6 сантиметр болатын тіс шұқитын таяқшаны алып шықты. Болжам бойынша, ол тыныс жолдарына түсіп, өкпенің оң жақ қабырғасын тесіп өтіп, жүрекке қадалған. Өз сөзінде жас жігіт сусынға үнемі тіс шұқитын таяқша салып ішкенін мойындады. Осылайша, ол өзінің бокалын «белгілеп» қояды екен. Ер адам денсаулығының сыр бере бастағанын 4 жыл бұрын байқаған.  Содан бері емге шамамен 22,7 фунт стерлинг (11 млн теңгеден аса) жұмсапты.
Чжоу үнемі өкпенің қабынуы мен дене қызуының көтерілуінен зардап шеккен. Алайда дәрігерлер аурудың себебін анықтай алмапты. Мамандардың бірі оның аққан ауруына шалдыққанын айтса, басқасы сепсис диагонзын қойған. Дәрігерлердің сөзінше, ер адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, ағзалары қатты зақымдалмаған.
Stan.kz
04 ақпан 2019 ж. 677 0