Жүрек саулығын нығайтатын өнім аталды
Словакия, Португалия және Польша зерттеушілерінің халықаралық тобы қаражидекті жиі қолдану жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін төмендететінін анықтады, - деп хабарлайды Food.news.
Экспериментке алты апта бойы қаражидекпен тамақтанған бірнеше ондаған еріктілер қатысқан. Олардың әрқайсысы аптасына үш рет 150 грамм жидек алып отырған.
"Диета" нәтижесінде адамдарда зиянды холестерин, сондай-ақ әйелдерде глюкоза, альбумин ақуызы және глутамилтрансфераза деңгейі төмендеген. Зерттеушілер қаражидекті тұрақты пайдалану жүрек проблемасын алдын алудың қарапайым тәсілі болып табылады деген қорытындыға келді.
Осыған дейін Флорида Университетінің ғалымдары күніне бір кесе қаражидекті тұтыну арқылы гипертония алдының гипертонияға өту процесін бәсеңдетіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайта алатынын мәлімдеген. Сондай-ақ, орманда өсетін қаражидектен жасалған сусыны есте сақтау процесіне, ми жұмысын және балалардың назарын жақсартады. Оның себебі флавоноид - жидектердегі пайдалы заттардың әсерімен байланысты.