Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тек ескерткіштер": Жапонияда тірі жан тұрмайтын ауыл туристердің зәресін ұшыруда

"Тек ескерткіштер": Жапонияда тірі жан тұрмайтын ауыл туристердің зәресін ұшыруда

Саяхаттауды жаны сүйетін жапониялық фотограф Кен Оки Тояма өз елінің әсем жерлерін суретке түсірмек болып, адамшошырлық ауылға тап болады. Жас жігітті елді мекенде тірі жан тұрмайтынынан бөлек, ауылдың адам ескерткіштеріне толы болғаны қорқытқан деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Адам мүсіндері ғана мекен еткен ауылды көрген Кен Оки өзінің алған әсерімен әлеуметтік желіде бөліскен. Ол адам баласы тұрмайтын ауылда болу әркімнің бойынан қорқыныш сезімін оятатынына кәміл сенімді.


"Мен өзімді бір тыйым салынған, қауіпті аймақты тауып алғандай болып тұрмын. Біздің заманда мұндай жерлер барын білмеппін. Аса қорқынышты жер екені сөзсіз" , - деді ол.

Кейін бұл елді мекеннің тарихын зерттей келе, жас фотограф өзі тап болған айрықша жердің буддалықтар саябағы екенін анықтаған.


Оны Муцуо Фурукава деген адам ойлап тапқан. Ол туристер үшін тынығып, ой жинақтайтын ерекше мекен салуды көздеген. Алайда, 800-ден астам адам ескерткіштері уақыт өте, өзінінің сергіту қасиетін жоғалтып, келушілердің бойынан тек қорқыныш сезімін тудыруда.


"Мұндай жерге түнгі уақытта тап болдыңыз делік? Жалғыз өзіңіз. Қасыңызда көмектесер ешкім жоқ. Айналаның бәрі толған адам мүсіндері. Осыдан кейін тынығып көр мұндай жерде" , - деді Кен Оки.










30 сәуір 2019 ж. 836 0