Шиелі: Жанармай бағасы бақылауда
Үкіметтің қаулысы бойынша, сәуірден бастап елдегі жанармай 20%-ке дейін қымбаттады. Бұған не түрткі болды? Себеп қандай?
Қазақстанда осыған дейін АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин аймаққа байланысты литрі 182-187 теңгеден, дизель отыны 230-260 теңгеден сатылатын. Енді бензиннің құны 205 теңгеге дейін, дизель отынының бағасы 295 теңгеге дейін өсті. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, жанармайды қымбаттатудың бірнеше себебі бар.
Біріншіден, елімізде былтырмен салыстырғанда жанармай тұтынатындардың саны 15%-ке артқан. Сұраныстың артуы елде бензин, автогаз, дизель отыны сияқты жанармай түрлерінің тапшы болуына әкелуі мүмкін.
Екіншіден, көбі жанармайды заңды да, заңсыз да сыртқа таситын болған. Премьер-министр мұны Қазақстандағы жанармай көршілес мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан екенімен байланыстырды. Жанармай қымбаттады екен деп, кәсіпкерлер оның құнын шекті бағадан асырмауы керек.
Кенттегі жанармай бекеттерін аралау барысында ішкі нарықтығы әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің қазіргі қоры анықталып, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов жанармай бекетінің иелеріне мұнай өнімдерін қолдан тапшылық жасаған және заңсыз баға өсуіне жол берілген жағдайда заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданатыны туралы түсіндірді. Әйтеуір, жанармай бағасының өсуі елдегі кезекті инфляция толқынына әкелмесе болғаны. Себебі жай ғана нан пісіріп, оны тасымалдау үшін жанармай қажет. Алғашында «тауар бағасын көтермеңдер» деп нарыққа бақылау жүргізіп, инфляцияны болдырмауға әрекет ету мүмкін болар. Бірақ тасымал, алыс-берістің барлығы көлікке, оның ар жағында жанармайға тіреліп тұрғанда азық-түлік, қызмет түрінің құнына әсер етпей қоймасы анық. Дәл қазір тұрғындарды толғандырып отырған да тап осы мәселе.

Осыған байланысты Шиелі аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жанар-жағармай құю бекеттеріндегі ішкі нарық жағдайымен танысу мақсатында аралау жұмыстары жүргізілді. Топтың құрамында аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азамат Ерназаров болды.