Қазақ-Қытай қатынасының жаңа белесі
Өткен аптадағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары әлем саясаткерлерінің назарын аударды. Өйткені Қазақстан Президенті шығыстағы алпауыт көршіміздің аумағында бірқатар маңызды кездесу өткізді.
Сондай-ақ Хайнань провинциясында өткен Боао Азия форумының пленарлық сессиясының ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Ал Сиань қаласында «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының салтанатты ашылуы, Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Ақордада ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады.
Президент кездесуде еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген сала бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл өлке Қазақстанның ҚХР-мен сан қырлы байланысын нығайтуда стратегиялық рөл атқарады. Өз кезегінде Эркин Тунияз қонақжайлылық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, «Үш зұлым күшке» қарсы күреске және осы аймақтағы тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі үшін де алғысын жеткізді.
Осы кездесуден екі күннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысып, «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта биыл 23-ші рет өткен форумның құрметті қонағы ретінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси ахуал мен экономикалық қиыншылықтың салдарынан туындаған жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл платформа диалог пен халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Азия өзінің экономикалық, технологиялық және мәдени артықшылықтарын пайдалана алса, әлемнің алдағы даму бағытын айқындауда шешуші рөл атқара алатынына сенім білдірді. Бұл ретте Президент Боао Азия форумы және Астана халықаралық форумы (AIF) сияқты маңызды халықаралық диалог алаңдарының практикалық перспективасы зор екенін атап өтті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев БАФ қонақтарын 2024 жылдың маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына шақырды.
Мемлекет басшысының БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен сол күнгі кездесуі де көпшіліктің назарын өзіне аудартты. Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын айтты. Кездесуде тараптар БҰҰ-ның жаһандық сын-қатерлерді тиімді еңсерудегі рөлін талқылады. Сондай-ақ Қ.Тоқаев Пан Ги Мунды Астанада өтетін халықаралық форумның басты спикерлерінің бірі болуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Боаоға жұмыс сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен де кездесті. Әңгімелесу барысында Президент төраға Си Цзиньпиннің алдағы шілде айында елімізге мемлекеттік сапарын асыға күтетінін жеткізді. Мемлекет басшысы осы кедесуде қазақ-қытай ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеруге тараптар бар күшін жұмсайтынын айтып өтті.
Боао Азия форумы аясында Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен, сондай-ақ жұмыс сапары барысында «State Power Investment Corporation» (SPIC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен, ҚХР-дың Ваньнин қаласында «Sany Group Co. Ltd» Директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбомен де кездесті. Кездесулерде екі елдің достығы мен жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту, сауда-саттықты өркендету, қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды іске асыру, саяси сенімді нығайту жолындағы өзара ынтымақтастықты тереңдету жолында бірлесіп жұмыс істеу мәселелері терең талқыланды.
Қазақстан-Қытай әріптестігінің жаңа қыры ретінде Сиань қаласындағы «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының жұмысқа кіріскенін атап өту керек. Хатшылықтың салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдун және ҚХР-дағы Орталық Азия елдерінің елшілері қатысты.
Ә.Бақаев өз сөзінде өткен жылы «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшыларының бірінші саммиті өткенін, оның барысында «Сиань декларациясына» қол қойылғанын, сондай-ақ Хатшылық құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. Қазақстандық дипломат Хатшылықты құру тығыз өзара іс-қимылдың жаңа бағыты болғанын және өңірлік саясаттың маңызды факторына айналатынын атап өтті.
Қазақстан Орталық Азияда саяси да экономикалық тұрғыдан маңызды орынға ие болғандықтан бұл халықаралық ұйымның біздің ел үшін маңызы зор деп айтуға болады.
ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И бұл ынтымақтастық тетігін Қытай мен Орталық Азия елдері басшыларының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып бірлесе дамуды жалғастыруға және ынтымақтастықты ілгерілетуге деген табанды еңбегінің лайықты жемісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылу салтанатына құттықтау хат жолдауы да басты оқиғалардың бірі. Бұл ақпаратты алғаш болып қытайлық «Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады.
Қазақстан Президенті құттықтау хатында көршілес, достас елдер ретінде Қазақстан мен Қытай өзара саяси сенімді тұрақты түрде тереңдетіп, түрлі салалардағы ынтымақтастықта зор жетістіктерге қол жеткізгенін, қазіргі уақытта қос тарап екіжақты қарым-қатынастардың «жаңа алтын отыз жылын» ашу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин құттықтау хатында Қытай мен Қазақстанның тату көрші, берік дос, жақсы әріптес екеніне тоқталды. Екі ел арасында мыңдаған жылға созылған достық тарихы бар екенін, екі ел халықтары әйгілі Жібек жолын бірлесіп қалыптастырғанын баса айтты. Осы екі ел арасындағы елеулі оқиғаның дәлелі ретінде сол күні Бейжіңдегі танымал 798 арт-зонасы алаңында «Наурыз фест» фестивалі өтті.
Қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар Бейжің қонақтары мен тұрғындары үшін ауқымды мерекелік бағдарлама дайындап, ҚХР астанасындағы ірі заманауи өнер орталығында «Сүгір» қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Яссы» би ансамблі өнер көрсетті.
«Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының соншалықты қарқынды және табысты басталғанына қуаныштымын. Бірнеше күн бойы қазақстандық шығармашылық топтар Бейжіңде үлкен концерттер ұйымдастырды, осылайша ҚХР астанасының қонақтары мен тұрғындары Қазақстан туралы көбірек білді», деп атап өтті ҚХР Жазушылар одағының мүшесі Акбар Мәжит.
«Наурыз фест» режиссері Мейіржан Әлиакпаров іс-шара бағдарламасының қызықты, мазмұнды және көркем екенін атап өтті. «Бейжің тұрғындары мен қонақтары көптеген жағымды әсерде қалды. Көріп отырғанымыздай, бүгін мұнда өнер адамдары мен жергілікті жұртшылық арасында шынайы ауызбіршілік атмосферасы қалыптасқан», деді ол.