ҮРЕЙГЕ ТОЛЫ ЖҰМБАҚ ӘЛЕМ: МИСТИКАЛЫҚ ПРОЗА ЖАЙЫНДА БІЛЕСІЗ БЕ?
Бала кезімізде ата-әжелеріміздің «Күн батқанда бейіт маңына жоламаңдар, аруақтардың салқыны тиеді», «Ескі, бос қалған жерде жүрмеңдер, жайлаған жын-шайтандар естеріңді ауыстырады», «Түнде суға бармаңдар, су перісі ұрады» деген сөздерін көп еститінбіз.
Қазір қарап тұрсақ, осы тыйымдардың барлығы дерлік босқа айтылмаған екен. Себебі бүгінде қауіпті жерлерде орын алған жұмбақ жағдайлар мен беймәлім елес бейнелер туралы оқиғалардың талайына қанық болып үлгердік. Тіпті өз басыңыздан кешірген де шығарсыз. Бұдан бөлек басында кеме қалған Қазығұрт, адамдар кезекпен сыналатын Тесіктас, суы бірде ағып, бірде тоқтайтын Әулиебұлақ сияқты орындарды бүгіннің мистикаға толы мекендері деуге де болады.
Өзіңіз білесіз, қазіргі жанрға бай қазақ прозасының құрамында түрлі бағыттағы шығармалардың барлық үлгісі қамтылған. Әсіресе, әуелден таныс, біз оқып, көзіміз үйренген заманауи әдебиет пен классикалық шығармалар талай оқырманды тәнті қылып, бүгінде әлемдік дәрежеде өз бағасын алып үлгерді. Дегенмен, қазіргі таңда әлем әдебиетінің бағалы жауһарына айналған постмодернизм секілді тың бағыттардың біздің әдебиеттен кенже қалып келе жатқаны жасырын емес. Ал сіздің әлі толық зерттеле қоймаған, бірақ өзектілігін жоймай келе жатқан сондай жанрлардың бірі – мистикалық прозадан хабарыңыз бар ма?
Аталған тақырыптың аясында жүргізілген сауалнама нәтижесі бұл бағытқа қызығушылардың көп екенін және жауабы табылмаған тылсым құбылыстардың кез келген адамның басынан өтетінін дәлелдеді. Сауалға жауап берген жандардың көп бөлігі өмірінде кемінде бір мәрте мистикалық оқиғаның куәсі болған. Бұл көрініс ақылға сыймайтын елес бейне немесе кенеттен естілетін үрейлі дауыс болуы да мүмкін.
– Өмірімде бірнеше мәрте жұмбақ сұлбаны байқаған сәттерім болды. Ақылға сыйымсыз нәрсе. Десе де, біз «рух», «аруақ» деген түсініктердің бар екенін естіп өстік. Сондықтан адамдардың тылсым жайттарға тап болып жататынының да себебі бар деп ойлаймын.
Өзім кітап оқығанды жақсы көремін. Бірақ әдебиеттің бұл жанрынан көп хабарым болмағандықтан, тақырыпқа байланысты жазылған шығармалармен танысып үлгермедім. Алдағы уақытта міндетті түрде ескеретін боламын, аталған бағыт мен үшін қызықты болып тұр, – дейді оқырманның бірі.
Әуелде неміс романтиктерінің прозаларынан, атап айтқанда Гофманның және Гетенің «Фаустынан» бастау алған мистикаға «сана мен ақыл-ойдан тыс жатқан ғажайып әлемнің бар екеніне сену және сол әлеммен байланысу мүмкіндігі» деген анықтама беріліпті. Бүгінде бұл қорқынышты әрі қызықты тақырыптың кірпіші қазақ прозасында да қаланып үлгерген. Мәселен, Қойшыбек Мүбарак, Тұрсынжан Шапай, Мақсат Мәлік, Мадина Омарова сынды осы тақырыпта қалам қозғаған авторлардың туындыларынан түрлі мистикалық сарын сезіп, жұмбақ көріністерге қанық боласыз. Әсіресе, Қойшыбек Мүбарак әңгімелері – аталған жанрдың алғашқы баспалдағы болған шығармалар. Автордың діни түсініктер мен фантазиялық сананың жемісінен туған кез келген әңгімесін оқып көрсеңіз, классикалық әдебиеттен қалыптасқан түсінігіңізге нұқсан келуі бек мүмкін. Бұл туралы: «Өз шығармаларым арқылы ертегілердің қатпарында қалып қойған, бүгінде адамдардың санасынан өшкен, әлде ұмыт болған мифті мистика арқылы еске салғым келеді. Сонымен қатар ұлттық болмысымыздың ең құнды мәйегі, ұлттық кодымыз – салт-дәстүр, ырым-тыйымдарды да ұмытпауға үндесем деймін», – дейді прозаик.
Автордың мистикалық «От ару», «Жат құшақ» әңгімелер жинағына енген туындыларымен танысатын болсаңыз, шығармаға қалай еніп кеткеніңізді сезбей де қаласыз. Әрине, бойыңызды қорқыныш пен үрей билеп алады, бірақ ондағы оқиғалар желісінің қызық болуы сізді әңгімеден алыстата қоймайды. Мәселен, «Жетінші көр» әңгімесіндегі мистикалық сарын халық нанымындағы киелі әрі қатерлі саналған сандардың идеялық жүгін арқалайды. Шығарма «Жазмыштан озмыш жоқ» деген қорытынды береді. Сондай-ақ жазушы Тұрсынжан Шапайдың қаламынан туған«Айна сарай» әңгімесінде де мистикалық қуат басым. Әлем әдебиетіндегі мистикада кездесетін «айна» мотиві бұл туындыда да көрініс тапқан. Айна арқылы уақыт пен кеңістікті сығымдаған суреткер басты кейіпкерді сайтанның арбауына түсіріп, сана дағдарысына ұшыратады. Егер аталған шығармалар легі сізді қызықтырып, осы бағытпен ары қарай таныса түскіңіз келсе, Қ.Мүбарактың «Пері көші», «Жат құшақ», «От ару», Т.Шапайдың «Жазу», «Көл», «Әулие ағаш», Мадина Омарованың «Жол үстінде», «Жұмбақ» және Мұхтар Мағауиннің «Тағдыр жазуы», «Қуыршақ» сияқты әңгімелерін оқуға кеңес беремін. Адам қиялының шексіздігін көрсететін бұл туындылардың сізді ерекше бір әлемге жетелеп әкететіні анық.
Қорыта келе, тылсым күш пен реализмнің байланысынан туған мистикалық жанр адамзаттың мойнына артылған мәңгілік күрестің бар екенін көрсетіп, оның өмір мен өлім арасындағы қысқа ғұмырының сондай мәңгілік тайталаста қалай өтіп жатқанын бейнелейді. Әлем халқы неліктен детектив жанрын жақсы көріп, көбірек оқиды? Себебі аталмыш жұмбақ нәрселер адам санасы үшін тосын әрі тартымды. Бұндай ерекше жанрдағы шығармалар қазақ әдебиетінде де жоғары бағалануға тиіс, тасада қалып қоймауы керек.
Таслима ӘЛІШЕР,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 4-курс студенті