Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дұрыс тамақтану туралы 5 аңыз

Дұрыс тамақтану туралы 5 аңыз

Қазіргі уақытта көптеген мамандар дұрыс тамақтану үрдісін қалыптастыру үшін кейбір тағам түрлерінен бас тартуды немесе керісінше оның мөлшерін көбейтуге кеңес береді. Бірақ оның басым көпшілігі маркетологтар ойлап тапқан аңыз екендігін сіз білесіз бе?

1. Тұз – «ақ өлім»
Бұл асыра сілтеу. Әр ас үйде қолданылатын ас тұзы екі элементтен тұрады: хлор және натрий. Олар дененің метаболикалық процестерінде маңызды рөл атқарады: сұйықтықтың тепе-теңдігін және қан қысымын сақтайды, жүйке жүйелермен мен бұлшық еттердің жұмысына жауап береді. Сондықтан сау адамға өздігінен тұзсыз диетаны тағайындаудың қажеті жоқ. Мұндай диета белгілі бір диагнозы бар адамдарға тағайындалған уақытша шара болып табылады. Мысалы, созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарға күніне 1,5–3 г дейін тұздың шектелуі тағайындалады. Тұзды немесе тұзсыз тамақ қолдану деген мәселеге келер болсақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күн сайын 5 г натрий хлоридін тұтынуды ұсынады — бұл бір шай қасықтан сәл аз. Бұл жағдайда көптеген дайын өнімдердің құрамында қапталғаннан бастап тұз болатынын ұмытпаңыз. Мәселен, 100 грамм шұжықтың құрамында 1 грамм тұз болады. Ал, сырлардың құрамында 2 граммға дейін тұз болады.
2. Су нормасы-күніне 2-2, 5 литр
Әрине, «дәрігерлер күніне кемінде 2 литр таза су ішуге кеңес береді». Мұндай су ішу режимі артық салмақтан арылуға, ісінуді жоюға, метаболизмді тездетуге және тұтастай алғанда дененің ішкі жағдайын жасартуға қабілетті.
Сонымен, күніне 2-2, 5 литр таза судың қатаң нормасы – бұл миф. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамға күн ішінде қанша сұйықтық ішу керектігі туралы ешқандай кеңес бермейді. Белгілі бір ағзаның қажеттіліктеріне тым көп факторлар әсер етеді. Мысалы, шөлдеу спортпен шұғылдану кезінде немесе уланудан кейін және ауа-райы қатты ыстық болған кезде күшейеді. Көптеген тағамдарда су бар. Мысалы, көкөністер мен жемістерде су өте көп. Сонымен қатар, біз күні бойы шай, кофе ішеміз, кейде тіпті сұйық тағамдар ішеміз. Ал мәжбүрлі түрде артық көлемде су ішу бүйректерді шамадан тыс жүктеп, дәретханаға жиі баруға итермелейді. Ең жақсы шешім — бұл өз организміңіздің суға деген сұранысы мөлшерінде ғана сұйықтық ішу.
3. Арнайы диеталар токсиндерден арылуға көмектеседі
Көптеген адамдар денені уландыратын токсиндерді тазарту үшін арнайы диеталар көмектеседі деп санайды. Алайда мұндай зиянды заттардың бар екендігі туралы ғылыми дәлелдер жоқ. Сондай-ақ «шлактар» терминінің медицинамен байланысы аз — ол металлургиядан келген сөз. Қорыта айтқанда, денені бұлай тазартудың еш қажеттілігі жоқ. Себебі, дені сау адамда ол ішек пен қуық арқылы уақытылы тазартылып отырады.
Диетаның ең зиянсыз түрі бұл детокс шырындары болып табылады. Дегенмен диетаның мұндай түрлерімен ұзақ уақыт әуестенуге болмайды. Қалыпты тамақтану режимінен бас тарту асқазан-ішек жолдарына зиянын тигізіп, ақуыздар мен дәрумендердің жеткіліксіздігіне әкеліп соғуы ғажап емес.
4. Глютенді рационнан толығымен алып тастау керек
Глютен – дәнді дақылдарда кездесетін бидай ақуызы. Оны ыдырататын ферменттер шығармайтын ауруды «целиак ауруы» деп атайды. Ресми мәліметтерге сәйкес , бұл аурудан жер халқының тек 1 проценті ғана зардап шегеді. Егер сізде бұл затқа жеке аллергия болмаса, дүкеннен глютенсіз өнімдерді іздеудің қажеті жоқ. Бидай ақуызынсыз диетаға көшу туралы шешімді тек дәрігер шығарады.
Глютенсіз тағамдар сіздің ағзаңызға аса қажетті B12 дәрумені, фолий қышқылы, мырыш, магний, селен және кальцийден айырады. Сондықтан бұл мәселеде өз бетіңізбен шешім шығару денсаулыққа қатты зиян келтіруі мүмкін.
5. Жүрек жалғап алатын тағамдар күш береді
Егерде сіз әрдайым шоколадты батончиктер, чипстер мен печеньелермен жүрек жалғауды әдетке айналдырсаңыз, артық салмақ сізді ұзақ күттірмейді. Себебі олар құрамындағы көп мөлшердегі қанттың көмегімен сіздің аштығыңызды басып, инсулиннің көтерілуіне себеп болады. Пайдалы жүрек жалғау сіздің денеңізді бос калориямен емес, күш–қуатпен толықтыруы керек. Ал жеңіл ашығуды дәрумендерге бай жеміс-жидектер мен көкөністер тұтыну арқылы басуға болады. Мәселен, кішкене уыс бадам, жаңғақ тоқтықты ұзақ уақыт сезінуге көмектеседі. Ал тәтті қоспаларсыз сүзбе мен табиғи йогурт ағзаны ақуыз және кальциймен қамтамасыз етеді.

Р.Әнәпия
01 ақпан 2022 ж. 581 0