Үздік брендтер рейтингі шықты

20171007090737 Үздік брендтер рейтингі шықты

Interbrand Халықаралық агенттігі Best Global Brands — 2017 үздік брендтер рейтингін жариялады, деп жазады Массагет.кз. Бұл рейтингтің алғашқы орындары Apple, Google мен Microsoft компанияларына бұйырды. Ал, сән әлемінің үздігі деп есептелген Louis Vuitton бренді бар болғаны 19 орынға тұрақтады. Interbrand агенттігінің директоры Ребекка Робинс: «Сән үйінің мұндай жаһандық рейтингте 19-шы орын алуының өзі — үлкен жетістік. Бұған басты себеп болған аталмыш сән үйінің Supreme брендімен бірлескен ұтымды коллаборациясы болды» — дейді. Ең үздіктер тізімін жасау барысында брендтің кірісінен бөлек, оның қоғамдағы белсенділігі мен танымалдығы да есептелген. Сән әлемінің өзге алыптары да бұл тізімнен тыс қалмады. Мысалы, Hermès 32 орынға, Gucci 51 орынға, Burberry 86 орынға, Prada 94 орынға тұрақтады.

 

Көрудің саны: 8  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру