Вирусқа айналған «Зың-зың» әнінің авторы табылды

5696bd570b94e160079f598ce13bf3e4 Вирусқа айналған «Зың-зың» әнінің авторы табылды

Күздің басты хитіне айналған «Шымкенттің қыздары зың-зың» әнінің, сөзінің және аранжировкасының авторы композитор Болат Нұрымов екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.  «Мен студияда ән өңдеймін. Кейде шаршаймын, бір музыкамен жұмыс істей бергеннен жалығасың. Сол кезде көңіл көтеру үшін түрлі қызық әндер жазамын. Сосын клиенттерден ұялып, өшіріп тастаймын. Бұл композицияны мен өшіріп тастаған сияқты едім. Бірақ Интернетке қалай тарап кеткенін білмеймін», — деді ол. Соған қарамастан, айтуынша, бұл әнге авторлық құқығы да бар екен. Алайда Jokeasses вайнерлеріне ешқандай да шағымы жоқ. Композитор өз сөзін дәлелдеу үшін Instagram желісінде авторлық құқығын растайтын құжат көрсетті.
2194c755f593931453aaf95c379c114d

Көрудің саны: 10  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру