Күнтізбедегі 13 саны туралы 13 дерек

image_l (1) Күнтізбедегі 13 саны туралы 13 дерек

Бүгін жұма. Бүгін қазан айының он үшінші жұлдызы. Мұсылмандар үшін жұманың маңыздылығы болмаса, санға байланып қалған қауіп жоқ. Дегенмен өзге дін өкілдері, өзге ұлттарда 13 саны белгілі бір мәнге ие. Жалпы жер бетіндегі сандардың әрбірінің өзіне тән қасиеті мен ерекшелігі бар. Мәселен қазақ халқы үшін 7 саны киелі болса, қытай халқы үшін 8 саны қасиетті сан. Ал 13 ше? 1. Ежелгі скандинавиялық мифте үстел басында 12 құдай бас қосатын болған. Бірақ үстел басына үшінші болып белгісіз Лог есімді құдай кіріп келіп, бәрінің көзін жойған дейді. 2. 13 санының тағы бір бақытсыз сан болып саналуы өліп ағашына көтеріліп бара жатқан баспалдақ саны мен мойынға салынатын арқанның он үші өрімі болған. 3. 1307 жылы 13 қазан күні барлық тамплиер тұтқынға түскен. Олар француз рыцарлары. Бұл оқиға да жұма күні болған. 4. Аполлон-13 ракетасы есіңізде ме? Айға ұшуға бет алған «Аполлон-13» ракетасы сәтсіздікке ұшырап жерге қайта қонған. Ал бұл оқиға 13 сәуір күні сағат 13 минут, 13 секнудта орын алған. 5. Ал жұма күніне он үш саны сәйкес келсе, онда дәл осы күні Иса пайғамбарды ағашқа тартып ілген деген дерек бар. Бірақ бұл нақты емес, себебі зерттеушілер бұл оқиға жұма күні үшінші сәуір күні орын алған деп түйіндейді. 6. Он үш санын бақытсыздық әкеледі деп түсінетін халықтың көзқарасы мен мифтеріне сүйенсек, Иса пайғамбардың құпия кешінде 13 адам болған деп суреттеледі. Ал сол он үшінші адам Иса пайғамбарды сатып кеткен адам ретінде көрсетілген. 7. 13 түрлі жын атауы бар деген түсінік бар. 8. Ескі көзқарас бойынша, есімі мен тегі 13 әріптен тұратын белгісіз біреу жындарды басқарады деп келген. 9. Майя тайпасының күнтізбесі де осы санмен шектеледі. 2012 жылы олардың күнтізбесі аяқталды. 10. Сандарды зерттеушілердің айтуынша, 12 саны нағыз бақыт пен сәтті шақ. Ал оған бір артық санды қосып, мәселе тудырып жүру адамның қателігі деп түсіндіреді. 11. Ежелгі Мысырда 13 саны қасиетті боп саналған. Мына қызыққа қараңыз, бәрі бұл санды жек көреді деген түсінік жоқ екен. 12. Италия мен Қытай жерінде де 13 саны жақсы жағынан қарастырылады. 13 саны қанның саны дейді. 13. Денесіне тату салдыратындар үшін де 13 саны бақыт әкеледі-міс.

massaget.kz

Көрудің саны: 6  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру