ЕЛ ҚОРҒАУ — ЕРДІҢ ПАРЫЗЫ (ВИДЕО)

Армия – біздің егемен еліміздің берік қалқаны, бейбітшілік тірегі. Ел тыныштығын сақтау мақсатындағы отан алдындағы борышын перзенттік парызым деп білетін шиелілік ұландарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті. Бүгін таңертеңгілік Көкшоқы мөлтек ауданындағы  тағзым алаңында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов және тиісті сала мамандары, ардагерлер мен ата-аналар қатысты. Азамат деген атқа лайық перзенттеріне ақ жол тіледі. Күзгі шақырылым сарбаздарына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары табысталып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Көрудің саны: 171  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру