Дәрігер жазуының түсініксіз болу себебі

image_l Дәрігер жазуының түсініксіз болу себебі

Медициналық құжаттардағы, картадағы жазуларға көзіңіз түссе, оны оңайлықпен оқи алмайсыз, жазу жаман әрі түсініксіз. Бұл жазылғандарды өздері түсіне ме екен деген ой келеді. Мұның себебі неде? Олар өте көп жазады, тіпті шектен тыс көп жазады. Емханада хирург дәрігердің қабылдауына он минут, терапевке он екі-ақ минут беріледі. Олар осы саналы минут ішінде науқасты қарап, жағдайын тексеріп, барлығын қағазға түсіріп үлгеруі тиіс. Осындайда тез-тез қозғалмаса, бар шаруаны бітіре алмайды. Уақыт қысып жатқанда, әдемілеп жазып отыру мүмкін емес. Ел арасында ауру туралы жазылғандар прокурорды да бейжай қалдырмайды деген әзіл бар. Себебі оқыс жағдай бола қалса, барлығын басынан бастап тексеру керек болады, дәрігердің жазғанының барлығы дерлік тексерістен өтіп, ол қателік жіберді ме, жоқ па анықталады. Бұл қауіпті жағдай. Тіпті тарих беттерінде мынадай да жағдайлар кездеседі. Бір дәрігердің жазғанын екінші дәрігер түсінбегендіктен, емдеудің келесі кезеңі дұрыс жүргізілмеген. Оқиғаның ақыры сотқа апарып тірелген, ал аурухана сол үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Бірақ негізінен көп жағдайда басқаларға қарағанда дәрігерлер бір-бірінің жазғанын жеңілірек түсінеді, логикаға салса, барлығы алдында түсінікті жазуға көшеді. Өзі түсінбей жатса, өзге әріптесінен сұрауына болады. Алайда тәжірибе арқылы дәрігерлер бір-бірінің жазуын жазбай танитын деңгейге жетеді. Адамдар жазуына қарап, мінезін таны деп жатады. Байқағандарыңыздай, мінезі сабырлы, біртоға дәрігерлер ілуде біреу кездеседі. Себебі ауру адам – ашушаң. Өңкей қиын жағдайдағы адамдармен араласқан соң, олардың да эмоциясына, көңіл күйіне әсер етпей қоймайды. Оларға да түсіністікпен қараған абзал.

massaget.kz

Көрудің саны: 3  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру