ТОПЖАРҒАНДАР

ТОПЖАРҒАНДАР

Талантымен танымал, еңбегімен елге сыйлы, қажыр-қабілетімен қайратты, қайсар, тынымсыз, ізденгіш, ар-намысына берік, мақсат қоя білетін, онысын орындап нәтижеге қол жеткізе алатын білімді де білікті азаматтар жайлы айтып берудің өзі бір ғанибет. Достар, құрдастар, замандастар, тіпті сыныптастар арасында олар көптеп саналады. Олардың еңбектерін аңғара білуіміз керек. Өзімізге етене жақын, таныс болғандықтан көп нәрсеге мән бермейміз, оның жетістіктеріне зер салмаймыз. Әйтпесе, үлкен үлгі-өнеге болар тұстары мол азаматтар арамызда жүр емес пе? Біз олар жайлы көп айта беруіміз керек. Олардың еңбек жолдары, өмір жолдары, қадір-қасиеттерін үлгі тұтуымыз керек-ақ. Біз бір мектепте, бір сыныпта…

Толығырақ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Иә, дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірінен қаншама жан тура жолдан адасты. Тепсе темір үзетін азаматтар Отандарынан жырақтады. Ата-аналарынан алшақтады. «Осы баламның қызығын көрем», – деп отырған ана көз жасы қанға толып, жалғыздарынан айырылды. Ең қиыны, балалары өздерінің болашақтарына балта шапты. «Жиһад» деп нағыз жиһадтың не екенін білмей өмірлері қыршын кетті. Ендігі жерде біз бұл жағдайды қайта­ла­мас үшін не істеуіміз керек? Жас­тарымызды бұл жат ағымдардан қалай сақтандырамыз? Мешітке баруға тыйым салуымыз керек пе? Әрине, жоқ. Елбасы Н.Назарбаев «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өте өткір…

Толығырақ

БЕС ОТБАСЫ БАҚ СЫНАСТЫ

БЕС ОТБАСЫ БАҚ СЫНАСТЫ

Қай заманда болсын отбасы Отан тәрізді ұлы ұғыммен қатар қойылып, әлеуметтік ұйысу мен ұрпақ жалғастырудың ұлағатты ұясына баланып, қастерлі түсінік саналған. Себебі, отбасы арқылы мыңжылдықтар тоғысында әрбір қоғамның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салты, ұлттық дәстүрі сақталады. Осы орайда, аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мұхамеджан Рүстемовтың 85 жылдығына арналған «Ақ босаға» тақырыбында жас отбасылар сайысы ұйымдастырылды. Байқау композитордың шығармашы­лығын кейінгі ұрпаққа насихаттау, жас отбасылардың мәртебесін көтеру, жастарды ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу, жастарды татулық пен ұйымшылдыққа шақыру мақсатында өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып, композитор М.Рүстемовтың өмірі жайында қысқаша айтып…

Толығырақ

Күн жүйесіндегі планеталар саны өзгерді

Күн жүйесіндегі планеталар саны өзгерді

Аздаған уақыт бұрын ғана, кез келген білімді адам күн жүйесінде қанша планета бар деген сұраққа ойланбастан 9 деп жауап берер еді. Және оныкі дұрыс деп қабылданатын. Бүгінде сіз астрономия саласындағы жаңалықтардан қалып қойсаңыз немесе жай ғана Discovery Channel каналының тұрғылықты көрермені болмасаңыз, сіз дәл сол сұраққа қайтадан 9 деп жауап беретініңіз анық. Алайда бұл жолы қателескен боласыз. Мәселе мынада… 2006 жылы, дәлірек айтсақ, 26 тамыз күні, Халықаралық астрономия одағы конгрессінің 2,5 мың қатысушысы таң қаларлық шешім қабылдап, Плутонды күн жүйесіне кіретін планеталар тізімінен алып тастады. Бұған себеп, ғалымдардың әрбір планетаға…

Толығырақ

СҰЛУ СЫРДАН НӘР АЛҒАН

СҰЛУ СЫРДАН НӘР АЛҒАН

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деген болатын. Осыған орай, еліне еңбегі сіңген ерлерін жастарға насихаттау мақсатында ауданда түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шаралардың бірі – жуырда Нартай Бекежанов ауылында өтті. Жезтаңдай әншілерді, ақын-жазушыларды, ұлағатты ұстаздарды дүниеге алып келген киелі мекенде осыдан 90 жыл бұрын республикамызға белгілі жазушы, ақын Оразбек Бодықов дүние есігін ашқан еді. 1927 жылы Н.Бекежанов ауылында туылған жазушының құрметіне жуырда «Сұлу Сырдан…

Толығырақ

ҚАУЫННЫҢ ҚҰРТЫ ҚАЙДА?

ҚАУЫННЫҢ ҚҰРТЫ ҚАЙДА?

Дәл қазір барлық бақша өнімдерінің пісіп, жұрттың қауын-қарбызға қарық болып жатқан шағы. Біреулер ала жаздай төккен тері мен бейнетінің жемісін көріп, егінін жинап, сатып жатса, енді бірі қыстың қамын ойлап, көкөністерін сұрыптап, жертөлеге салып үлгерді. Адамнан айла асқан ба? Жұрт қыс бойы азық-түліктен тапшылық көрмеу үшін көкөніс пен жемістерді балғын күйінде, кептіріп немесе қайнатып сақтаудың сан түрлі тәсілдерін меңгерген. Оның қалай жасалатынын ғаламтордан әп-сәтте-ақ табуға болады. Тек қыз-келіншектер ерінбей білек сыбана кіріссе болғаны. Десе де, бүгінгі күні кезінде әжелеріміз жасаған қауынның қағы мен құрты қолданыстан шығып бара жатқандай. Осыдан бірнеше…

Толығырақ

Туған айына қарай әйел адамның мінезін білуге болады

Туған айына қарай әйел адамның мінезін білуге болады

Мінез ерекшелігіңіз туған айыңыздың сипаттамасына сәйкес келе ме? Туған айына қарай әйел адамның мінезі. Қаңтар. Бұл айда ең төзімді әйелдер дүниеге келеді. Ер мінезді болып келеді. Басындағы мәселені ешкімге айтпай, өзі шешеді. Тамақ пісіргенді жаны сүйеді. Ал, үй жинағанды ұнатпайды. Ақпан. Бұл айда қырсық әрі ауыр мінезді әйелдер дүниеге келеді. Өте ашулы болғанымен, өзіндік төзімділігі де бар. Олар қиындықтан қорықпай, тез шешім қабылдайды. Алайда, бұл шешімі әр кезде дұрыс бола бермейді. Тез ренжіседі және кек сақтағыш. Адамдармен жақсы тіл табысады, сондықтан жұмыс жағынан жолы болғыш. Кішкентай сәбилерді жақсы көреді. Наурыз. Өте нәзік жанды…

Толығырақ

АДАМНЫҢ СҮЙЕГІ НЕГЕ АУЫР БОЛАДЫ?

АДАМНЫҢ СҮЙЕГІ НЕГЕ АУЫР БОЛАДЫ?

Канадалық ғалымдар кейбір адамдардың сүйегінің тығыздығы неліктен өзгелерге қарағанда жоғары екенін анықтады. Зерттеу барысы мен нәтижесі Journal of Bone and Mineral Research басылымында жарияланды, — деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың айтуынша, ағзасының жылдам өсіп жатқан кезінде физикалық дене қозғалыстарын бірқалыпты әрі қарқынды жасаған жасөспірімдердің ересек болғанда сүйек тығыздығы өзгелерге қарағанды жоғары болған. Ал аз қозғалыстағы өмір салтын ұстанған жасөспірімдердің сүйегі мұндай тығыз болмай шыққан. Ғалымдар 309 ұл мен қыздың физикалық белсенділігін бақылай келе осындай қорытынды жасаған.  Мамандар енді жасөспірімдердің дене жаттығуларының қысымы мен сүйек жүйесінің даму қарқыны арасында тиімді аралықты анықтамақ. Зерттеу авторлары жасөспірімдерді…

Толығырақ

ҒАСЫР ЖЕКПЕ ЖЕГІ ЖАЛҒАСУЫ МҮМКІН

ҒАСЫР ЖЕКПЕ ЖЕГІ ЖАЛҒАСУЫ МҮМКІН

Өткен жексенбіде әлемдік бокс жанкүйерлері екіге айырылып, ғасыр жекпе-жегіне баланған қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алльварес арасындағы кездесуді тамашалады. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mоbail» кешенінде өткен қос мықтының айқасы шындығында ғасырға татитын жекпе-жек болды десек артық болмас. Орта салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин үшін бұл кездесу оңайға түспеді. Олай болатын да жөні бар. Өйткені, қарсыласы өте мықты бокс­шы. Оны біз Алльварестің бұған дейінгі өткізген кездесулерінен байқаған едік. Шаршы алаңда кіл чемпиондармен жұдырықтасып, жойқын соққысымен талайын сұлатып түсіргенін де көз көрген-ді. Басқасын айтпағанда ол, осы күні атағынан…

Толығырақ

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ДОСБОЛ БИ

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ДОСБОЛ БИ

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты ұлт тұғырнамасына негіз боларлық мақаласында «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі-неше ғасыр өтсе де бізді кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» – деп, сондай жерлерді қайта зерттеу, жаңаша зерделеу арқылы жастарға отансүйгіштік, патриоттық сезімді насихаттау қажеттігін айтқан болатын. Осы мақаланың негізінде республикада Қазақстанның жалпыұлттық 100 киелі орындарын анықтап, ол нысандарға арнайы маңыз беру жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек бұл 100 киелі орындар тізіміне Шиелідегі Оқшы Ата мазараты да енгізілген болатын. Жеті әулие жатқан киелі мекенде…

Толығырақ