ЕЛ ҚОРҒАУ — ЕРДІҢ ПАРЫЗЫ (ВИДЕО)

ЕЛ ҚОРҒАУ — ЕРДІҢ ПАРЫЗЫ (ВИДЕО)

Армия – біздің егемен еліміздің берік қалқаны, бейбітшілік тірегі. Ел тыныштығын сақтау мақсатындағы отан алдындағы борышын перзенттік парызым деп білетін шиелілік ұландарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті. Бүгін таңертеңгілік Көкшоқы мөлтек ауданындағы  тағзым алаңында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов және тиісті сала мамандары, ардагерлер мен ата-аналар қатысты. Азамат деген атқа лайық перзенттеріне ақ жол тіледі. Күзгі шақырылым сарбаздарына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары табысталып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Толығырақ

ЭКСПО-2017: Франция павильонына саяхат

ЭКСПО-2017: Франция павильонына саяхат

Бүкіл әлемге, ең әуелі, Эйфель мұнарасымен танымал Франция бүгін «ЭКСПО» көрмесіндегі павильонын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Футуристік Peugeot, электрлі велосипед, сыртқы у-шуды ішке енгізбейтін қабырға мен «жасыл қасбеттер» – Францияның Қазақстанға әкелген инновациялық өнімдері. Франция павильоны сегіз аймақтан тұрады. Әр аймақ өзара дәліздермен бөлінген. Дәліздердің әрқайсысы адамзаттың игілігі үшін қажетті технологиялардың дамуына зор үлесін қосқан белгілі тұлғаларға арналған. Мәселен, олардың арасында француздың экспериментатор- ғалымы, радиохимияның негізін қалаушы Мария Кюри бар. Павильонның бірінші аймағында залдың тап ортасында алып «Жер шары» орналасқан. Едендегі шеңберге аяқ басып, болашақ энергиясы туралы төрт тілде…

Толығырақ

Тастүлектегі тартысты турнир

Тастүлектегі  тартысты турнир

Өткен аптада “Тастүлек” теннис клубында облыстық “Сыр бойы” газетінің атындағы үстел теннисінен турнир өтті. Шиелі ауданындағы «Тастүлек» теннис клубы салауатты өмір салтын сүйетін жандардың мекені және әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастыратын орталық десек болады. Міне, аптаның жұма күні де теннис клубында кезекті турнир өтті. Бұл турнир аймақтың айнасына айналып, жаңалық жаршысы болғанына сексен сегіз жыл болған Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің құрметіне өткізілді. Облыстың ұлттық танымдық басылымы «Сыр бойының» аудандағы оқырмандары жарысқа қатысуға білек сыбана кірісті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Оразымбетовтер келіп, қатысушыларға…

Толығырақ

Поэзия падишасына арналды

Поэзия падишасына арналды

Поэзия алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арнап 15 ақпан күні Балаби ауылындағы №50 мектебінде «Мұқағали – поэзия падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен кешке мектеп оқушылары, әуез мектебінің мұғалімдері мен мәдениет үйі қызметкерлері атсалысты. Мектеп оқушылары ақынның өлмес жырларын оқыса, әуез мектебінің мұғалімдері «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан  сахналық көрініс қойды. Заманауи жаңа мектептің акт залында ақынның сөзіне жазылған әсем әндер шырқалды. Ауылдық кітапхана қызметкері А.Дүрманова көрермендерге ақынның кітаптарын таныстырып, мектеп кітапханашылары Ш. Қилыбаева мен А. Айымбетова кешке қатысқан өнерпаздарға алғыс хаттар табыстады. Г.СӘБИТҚЫЗЫ.

Толығырақ

БИІКТЕН КӨРІНГЕН ШӘКІРТТЕР

БИІКТЕН КӨРІНГЕН ШӘКІРТТЕР

Шиелі ауданындағы тарихы терең білім ордаларының бірі – №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы. Бұл мектеп аудандағы алғашқы мектеп болуымен қатар, талай биіктерді бағындырған шәкірттерімен де мақтана алады. Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы болған Оразбек Сәрсенбаевтан бастап, «Түнгі студияның» тізгінін ұстап отырған Нұрлан Қоянбаевқа дейін аталмыш білім ордасынан небір мықтылар шыққан. Гимназияның шәкірттері қазір еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салаларында жемісті жұмыс жасап, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етуде. Әңгіме арқауына айналып отырған №45 мектеп-гимназиясының ұжымы оқушыларға заманға сай білім беру үшін жұмыс жасап келеді. Мектеп директоры Айнұр Архабаева да тәлімді тәрбие мен өркениетті…

Толығырақ

ЖАЙДАРМАНШЫЛАР ЖАРАДЫ

ЖАЙДАРМАНШЫЛАР ЖАРАДЫ

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жас мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет қазақша көңілді тапқырлар арасында «I LOVE KZ» тақырыбында сайыс ұйымдастырылған болатын. Аталмыш сайысқа облыс бойынша 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жас мемлекеттік қызметшілерден құралған шиелілік «Шиелі 88» командасы саясат, мемлекеттік қызмет жайлы әзілдерімен көрермендерді күлкіге батырды. Командалар екі кезең бойынша сынға түсті. «Сәлемдесу» және «Үй тапсырмасы» жайлы ойын өрнегін көрсетіп, қағытпа қалжыңмен көпшілікті көңілді еткен жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс нәтижесінде бірінші…

Толығырақ

Кентке су тартатын арна жаңаруда

Кентке су тартатын арна жаңаруда

Кентіміздің батыс бөлігін алып ағып жатқан «Базар арығы» каналының тарихы кентіміздің тарихымен бірге қабаттасып, бірге қалыптасып келеді. Бұл канал байқап отырсақ, кеңес үкіметі тұсында да күрделі жөндеуден өтпеген екен. Ішінара, азын-аулақ қамыс, қоға, шөп-шалаңнан тазартып келген. Бүгінгі таңда кентіміздің келбетіне, көркіне көрік беріп, кентімізді көгалдандыратын, айтарлықтай бау-бақша егіп алуға септігін тигізетін, жеміс ағаштарына, гүлдерге нәр беретін, тіпті, есік алдына су бүркіп, ауаны шаң-тозаңнан тазартатын, малды суатқа жығатын, шабақ аулайтын, қажет болып жатса шомылатын «Базар арығы» каналына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл канал жас ағаштарды егуде де көп жағдай жасағалы…

Толығырақ

Елім деп соққан жүрегі

Елім деп соққан жүрегі

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нартай Бекежановтың мемори­ал­­дық өнер музейінде «Елім деп соқ­қан жүрегі» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада ғылыми қызметкер М.Қалтайқызы «Тәуелсіз Қазақстан» залында №156 Н.Бекежанов атын­дағы мектептің оқушыларына Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында «Жылдар сөйлейді» атты көрмені таныстырды. Елбасының сөзіне жазылған әндер орындалып,…

Толығырақ

балаларға шаттық сыйлады

балаларға шаттық сыйлады

Сан ғасырлық тарихы бар елімізде тамыры тереңде жатқан сапалы да, саналы тәрбие қалыптасқан. Соның бірі – қоғамда қалыптасып отырған өзіндік сипат ала бастаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген оңтайлы көзқарас.  Әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін жандардың рухани жан дүниесін жүрекпен түсінуге тиіспіз. Қай кезде немесе қай жерде болмасын біз оларға көмектің қолайлы түрлерін қалыптастыруға, іздеуге және көмектесуге мүмкіндік жасауымыз қажет. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Ал, мұндай  іс өзін толығымен басқалардың қамқорлығына арнаған таңдаулылардың ғана қолынан келеді. Әлеуметтік қызметкер – бүгінгі күні белгілі бір…

Толығырақ

Жылы жүрек, жомарт қол

Жылы жүрек, жомарт қол

Қайырымдылық жасаудың жақсы үлгісі жуырда ауданымызда көрініс тапты. «Береке» республикалық қоғамдық қоры әлеуметтік қолдауды аса қажет ететін 50 отбасына 2 тоннадан көмір, 90 отбасына 91 кг-нан азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.  Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов қатысып, өткізіліп отырған акцияның мақсаты мен маңызына тоқталды.  – Жақсылық жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әсіресе, нарық жағаға жармасқан уақытта қайырымдылықпен айналысатын адамдар саусақпен санарлық, – деген Б.Абдулхайысұлы бүгінгі қайырымдылық акциясын өткізуге мұрындық болған, қиналғандарға қол ұшын созып, тұрмысы төмен отбасыларына қысқы жылу мау­сымынан қиналмай шығуы үшін ізгілікті іс жасаған Бағдаш…

Толығырақ