Интернет терминдерін дұрыс пайдаланып жүрсіз бе?

Интернет терминдерін дұрыс пайдаланып жүрсіз бе?

Интернет ағымы кеңінен танылып, қанатын жайған сайын терминдер қатары көбейіп келеді. Бұл – түрлі жаңалық ашушылардың ұсынған ұсыныстары. Ал біз осы терминдерді дұрыс қолданып жүрміз бе? Арамызда «менің жеке сайтым бар» деп «Вконтакте» желісіндегі өзінің парақшасын айтып жататын көреміз. «Мақала жаздым» деп «пос» қана жазылған дүниелерді көреміз. Ал олардың негізгі мән қандай? Сайт немесе веб сайт (ағылшынша Website: Web — тор, желi және site — орын, желiдегi орын, сегмент) – бiр мекенжайға (домен атымен немесе IP — мекенжаймен) бiрiктірілген компьютер желiсiндегi жеке тұлғаның немесе ұйымдары электрондық құжаттар (файлдар) жиынтығы. Ғаламтор желісінің негізін…

Толығырақ

Жолы болғыш әйел немесе лотореядан миллионер атанған математик

Жолы болғыш әйел немесе лотореядан миллионер атанған математик

Жолы болғыш жандар жанымызда да кездеседі. Сәттіліктің серік болғанын бәріміз де қалаймыз. Алайда америкалық Джоан Гинтер секілді жолы болған жанды жолықтырмаған шығармыз. Джоан Гинтер әлемдегі ең жолы болғыш жан саналады. Сәттілігінің арқасында оның есімі түрлі рекордтар кітабына да енген. Америкалықтың лоторея ойындарында төрт рет жұлдызы жанған. Төрт рет болғанда да аз көлемдегі қаржы емес, миллиондап ұтқан. Америкалықтың лотореядан тапқан табысы 20,4 миллион долларды құрайды. Алғаш рет 1993 жылы 5,4 миллион доллар табысқа кенелген. Араға 13 жыл сала тағы 2 миллион доллар ұтқан. 2008 жылы – 3 миллион, 2010 жылы 10…

Толығырақ

12 ЖАСАР ВУНДЕРКИНД БЕЛДІ УНИВЕРСИТЕТКЕ ОҚУҒА ТҮСТІ

12 ЖАСАР ВУНДЕРКИНД БЕЛДІ УНИВЕРСИТЕТКЕ ОҚУҒА ТҮСТІ

Алматыда тұратын 12 жасар вундеркинд бала Абзал Мырзаш Қазақстан-британ техникалық университетінің студенті атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлады. «Біздегілердің көбі ол секілді ақылды болғысы келеді. Біз 20 жасымызда шешкен есептерді ол 12 жасында шеше алады», — дейді вундеркиндтің курстасы. Абзал бала кезінен оқуға үлкен құлшыныс білдіруде. Үш жасында ол әріп танып, жаза білді. Бес жасында бірінші сыныпқа барды. Оның ерекше ақылды бала екенін бірінші болып әкесі байқаған. «Екі жасында ол тұрақта тұрған көліктерге қызығушылық танытты. Эмблемасы бойынша көлік маркаларын атап бергенімде, балам оны бірден жаттап алды», — дейді Абзалдың әкесі…

Толығырақ

Кәрілікті жеңетін дәрі табылды

Кәрілікті жеңетін дәрі табылды

Голландияда Эразм Роттердамский атындағы университет іргесіндегі медициналық орталықтың ғалымдары кәрілікке қарсы дәріні тышқандарға сынап, жақсы нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ВВС-ге сілтеме жасап. Cell журналында жарияланған баяндамада кәрілікке қарсы препаратты қабылдаған тышқандардың белсенділігі артып, олар жүгіріп өткен қашықтық екі еселенгені айтылған. Сондай-ақ, ғалымдар кеміргіштердің жүні жылтырап, кейбір ішкі ағзаларының, әсіресе, бауыр жұмысы жақсарғанын аңғарыпты. Зерттеу авторлары жаңа препарат организмдегі қартайған жасушаларды жоятын қабілетке ие дейді. Мұндай жасушалар уақыт өткен сайын бөліне алмай, қартайған адамның ағзасына жинала береді, осылайша жараның жазылу процессін баяулатып, қатерлі дерттермен күресу қабілетін әлсіретеді. Сонымен қатар,…

Толығырақ

Ғалымдар адамның іш құрылысын көрсететін камера ойлап тапты

Ғалымдар адамның іш құрылысын көрсететін камера ойлап тапты

Эдинбург университетінің ғалымдары адамның іш құрылысын көруге мүмкіндік беретін камера ойлап тапты. Бұл құрылғы дәрігерлерге эндоскопты (адамның іш құрылысын зерттеуге арналған медициналық аппарат) қадағалауға көмек ретінде жасалған. Бұрын дәрігерлер эндоскоптың нақты қай жерде екенін тек рентген түсірілімі арқылы ғана анықтай алатын еді. Енді бұл мәселе шешімін тапты. «Медициналық құрылғының қай жерде орналасқанын сырттан қадағалау мүмкіндігі дәрігерлер үшін де, науқастар үшін де үлкен жеңілдік береді. Себебі, ауруды анықтау мен емдеу барысында инвазивті (адамның іш құрылысына сырттан аппарат енгізу) әдістерді неғұрылым аз пайдаланған жөн», — дейді Эдинбург университетінің профессоры Кев Даливаль.  …

Толығырақ

Жақсы әйел 5 нәрсені жасамайды

Жақсы әйел 5 нәрсені жасамайды

Жақсы әйел. Бұл сөзді айтушылар да, армандаушылар да көп. Тіпті «жақсы әйел мынадай болуы керек, анадай болуы керек» деп ақыл айтушылар да табыла кетеді. Расында, жақсы әйел қандай болуы керек? Әрине бұл сұраққа мың сан жауап бар. Алайда әр адам қайталанбас тұлға екені мәлім. Кез келген адамның жақсы тұстарымен қатар кемшіліктерінің де болуы заңды. Отбасының беріктігі де сол екі жанның мінез-құлқына байланысты, әсіресе әйел затының. Сол себепті «сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана» атанып, шырағыңыздың берік болуына септігін тигізер келесі кеңестерді ұсынамыз. Сонымен жақсы әйел: 1. «Ызыңдамайды». Күйеуіне әрдайым жекіп, ұрсып,…

Толығырақ

Қай істе жолыңыз болады?

Қай істе жолыңыз болады?

Сәттілік атаулыға сенесіз бе? Өмірде бап шаппай, бақ шауып кететін кез көп кездеседі. Тек «менің жолым болмайды» дегенді сөздік қорыңыздан шығарып тастап, келешекке сеніммен қараңыз. Алдағы уақытта сізге қай істе сәттілік серік болар екен, тексеріп көрейік. Төрт қобдишаны алдыңа қойып ұнағанын таңдаңыз. Бірінші қобдишаны таңдасаңыз, барлық бастамалар мен істе жолыңыз ашылғалы тұр. Өз күшіңізге сеніп, кез келген шешімді батыл түрде қабылдай берсеңіз болады. Бұл ай сіз үшін өте сәтті болмақ, еш қам жемеңіз. Егер екінші сандықша көңіліңізге жақса, сіз бұл айда тасып тұрған қуатыңызды сезінесіз. Жақсылап демалуға арналған таптырмас кезең….

Толығырақ

Ақылды адамдардың досы аз

Ақылды адамдардың досы аз

Өмірде дос ұғымының маңызын айтып жатудың өзі артық. Адамдармен араласудың да пайдалы жағы көп. Ғалымдар адамға бақытты, жақсы өмір сүруі үшін достар шынында да қажет пе деген сұраққа жауап іздеді. Жасалған зерттеуге достарымен әртүрлі жағдайда араласатын 18-28 жас аралығындағы 15 мың адам қатысты. Тәжірибе нәтижесі:  Халқы көп жерде өмір сүретін адамдар өзін әлдеқайда бақыттырақ сезінеді;  Өзіңмен көзқарасы бір адамдармен, достарыңмен араласу бақытыңды еселей түседі;  Интеллектісі жоғары адамдар бұл ережелерге бағынбайды. Адам IQ деңгейі жоғары болған сайын адамдармен араласуға мұқтаждығы кеми түседі екен. Зейінді жандар қоғамдағы шектен тыс белсенділіктен ләззат ала…

Толығырақ

Көздің түсі сыр айтады

Көздің түсі сыр айтады

Қарсы алдыңызда тұрған адамның қандай жан екенін сөйлеген сөзінен, сүйікті түсінен, бет-әлпетінің ерекшелігінен, жүрісінен тануға болады. Алайда адам туралы ең көп мәліметті көзі береді. «Көз – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы» деп текке айтпаса керек. Олай болса, көздің түсіне қарап адам мінезін анықтап көрейік. 1. Қара көздердің иесі – бойында күш-қуаты мол, өмірді ерекше сүйетін, ынта-жігері мықты жан. Мінезі бір қалыпты деуге келмейді. Мұндай адамдарды алған бетінен қайтару мүмкін емес және ешкім де жолында кедергі бола алмайды. Олардың бұл қабілеті жеңіс қана емес. Сонымен қатар асығыс шешім қабылдауға түрткі болып, сәтсіздіктерге…

Толығырақ

Ең табысты жандар демалыста не істейді?

Ең табысты жандар демалыста не істейді?

Демалыс күнін табысты адамдар өз пайдасына жарата алады екен. Ол қалай? Ерте тұру. Табысты жандар кереуетте ұзақ уақыт жатпайды. Олар күн сайын таңғы 4:30-да тұруды әдетке айналдырған. Біздің миымыз оянған соң 2,5-4 сағат көлемінде өнімді жұмыс істейді. Демалыста таңда тұруды сіз де әдетке айналдырыңыз. Күнді жоспарлау. Демалыс күні де қай сағатта не істейтінін жоспарлайтын жандар сәттілікке жетеді. Жоспардың арасына кітаптың 20 парағын оқу да кіреді. Бір істі мұқият істеу. Ірі кәсіпкерлер бір уақытта бірнеше істі жасауға қарсы. Өйткені олар нақты бір істі басынан-аяғына дейін жасағанды құп көреді. Белсенді болу. Күн сайын дене қимылын жасап, 1…

Толығырақ