ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАС

ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАС

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ислам дініндегі салт-дәстүріміздің орны» тақырыбында оқыту семинары болып өтті. Оған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты мамандары, ардагерлер, ерікті жастар, білім саласының қызметкерлері қатысты. Шара барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ержан Уайс, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Баймырза Қожамберлиев және «Нұр» мешітінің ұстазы, білікті теолог Батырбек Убаевтар баяндамаларын жасады. Е.Уайс Шиелі өңіріндегі әулиелерді тілге тиек етіп, осы жердің суын ішіп, топырағына аунап өскен датқаларға, ғасыр адамдары атанған азаматтарына,…

Толығырақ

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ҰЛТ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ –  ҰЛТ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым», – дей келе Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Халықтан оң көзқарас пен зор қолдау тауып, жер-жерде кеңінен талқыланған бағдарламалық мақала аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай «Арман» мәдениет үйінде облыстық ақпараттық түсіндіру то Аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов пен облыстық «Рухани келісім» ақпараттық түсіндіру тобының өкілі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Е.Уайстың алғысөзімен ашылған шарада кәделі өнер, жақұт жыр, тағылымды терме орындалды. Шежіре тұнған Шиелі жерінен шыққан мақтанарлық нар қасқаларымыз көп. Саясатта…

Толығырақ

ТАЗАЛЫҚ ЕЛДІҢ КӨРКІ

ТАЗАЛЫҚ ЕЛДІҢ КӨРКІ

Сенбі күні аудандық білім бөлімі, «Жас­тар ресурстық орталығы», Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, «Шиелі-Самғау» жас­тар қоғамдық ұйымдары бірлесе отырып «Тазалық – ауыл көркі» атты тазалық акциясын ұйымдастырды. Орталық алаңға жиылған аудан жастарына аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов игі тілектерін тілеп, әрдайым жақсы істердің қасынан табыла беріңдер деген ниетін білдірді. «Тазалық – денсаулық кепілі», «Көркейе бер, туған жер» ұранын ұрандатқан аудан жастары арнайы әзірленген автокөліктерге жайғасып, белгілеп алған көшелерге аттанды. Түс ауасы ауғанша қап ұстап, көше жағалап, қоқыс жинады. Әл-Фараби, Ә.Исмаилов, Досбол датқа көшелеріне бөлінген 200-ге жуық оқушы көшенің шырайын кіргізіп, керек емес…

Толығырақ

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІККЕ АЙРЫҚША БЕЛГІ

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІККЕ АЙРЫҚША БЕЛГІ

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік тобы отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың 13 қазанында Шиелі ауданында акция өткізілді. Акцияда аудан әкімі аппаратының, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының және кент, ауылдық округі әкім аппараттарының қызметтік автокөліктеріне жергілікті логотип айрықша белгілері орналастырылды. Шара барысында 30 темір тұлпарға арнайы белгі тағылды. Жалпы аудан әкімдігіне қарасты 42 қызметтік жеңіл көлік бар. Алдағы күндері солардың барлығына тиісті белгі тағу жоспарлануда. Қызметтік автокөліктерге арнайы белгі тағудың мақсаты қызметтік көлікті жеке басының қажетіне пайдалануға…

Толығырақ

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлімсақтан жалғасқан салты. Ол — ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы — адал еңбек деп біледі. Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Бұл орайда, туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген кәсіпкерлер де жоқ емес екені көңіл қуантады. Елбасы мақаласы болашақтың бағдарын айқындады, рухани жаңғыру жолын белгіледі….

Толығырақ

МАРАПАТ

МАРАПАТ

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің 2017 жыл, 25 қыркүйек күнгі №253 санды куәлігімен аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Жібек Баймұратова білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ең жоғары марапат «Қазақстан республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.Жібек Орынбайқызы аудандық білім бөлімінде 1993 жылдан жұмыс жасап келеді. 2003 жылы республикалық «Білім берудің озық жетекшісі» байқауында бас жүлде иеленген. 2008-2013 жылдар аралығында №45 «Ақ Орда», №47 М.В.Ломоносов атындағы мектептерде директор қызметін абыроймен атқарған. Педагогикалық ұжым мен оқушылардың қол жеткізген жетістіктері білім беру жүйесі басшы және педагогикалық қызметкерлер біліктілігін…

Толығырақ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖАН

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖАН

Маден Әлжанов 10 жылға жуық мал дәрігері қызметін атқарды. 5 жылға жуық ауыл шаруашылығының төрағасы болды. Одан соң кәсіпкерліктің де қыр-сырын үйренді. Осы жыл Еңбекқор азаматтың еңбегі еленіп, өткен жұма күні кеудесіне төсбелгі тағылды. Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының шешімімен «Агроөнеркәсіп» саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Аудандық ауылшаруашылық кәсіподақ төрағасы Жақсылық Әлиев кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының ғимаратында өткен жиында салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, аталмыш қордың атынан «Агроөнеркәсіп» саласында еселі еңбек етіп, өнімдердің сапасын арттыру жолында көп жылдан бері қызметтік міндеттерін…

Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ КІМДЕРГЕ ТҰТАСТАЙ БЕРІЛЕДІ?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ КІМДЕРГЕ ТҰТАСТАЙ БЕРІЛЕДІ?

Келесі жылдан бастап зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді. Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының қалауына қарай ай, тоқсан және жыл сайын берілетін болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек ай сайын ғана төленеді. Сонымен қатар, зейнетке шыққан адамның жинағы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен, яғни 374 940 теңгеден аспаса, аталған соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тұтастай алуға болады. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің маманы Жаппарберген Айбота Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Жаппарберген Айбота таяу уақытта енгізілетін жаңа өзгерістер жайында әңгімеледі. «Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының таңдауы бойынша белгіленген кестеге…

Толығырақ

БЕСЕУ БІРІКСЕ БЕРЕКЕ ОРНАЙДЫ

БЕСЕУ БІРІКСЕ  БЕРЕКЕ ОРНАЙДЫ

Байтақ өлкеміздің қай қиырында болмасын, ауыз толтырып айта алатын, үлгі тұтуға тұрарлық шаңырақтар бар. Ондай отбасылар біздің аядай ғана ауданымызда да жетерлік. Солардың бірі – тоғыз ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген Сейтжановтар әулеті. Отбасының тірегі Әбдімәлік көке мен Бақтыгүл апаны бүкіл аудан жұртшылығы таниды десек артық болмас. Олардың «Сейтжановтар» деп аталатын шаруа қожалықтары да елге белгілі. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан өнегелі әулет аудандағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға осылайша бір кісідей өз үлестерін қосып келеді. 1994 жылдан бері егін егіп, ата дәстүр бойынша мал бағады. Балалары да ұйымшыл. Ұлдың бесеуі отау…

Толығырақ

АҚ БАТА — АСЫЛ МҰРА

АҚ БАТА — АСЫЛ МҰРА

«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» – дейді даналық сөздердің бірінде. Сонымен қатар, қасиетті Ислам дінінде де «дұға – мұсылманның қаруы» делінеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Алланың алдында дұғадан құрметтірек (қадірлірек) еш нәрсе жоқ» деп айтқан. Себебі, дұға – мұсылманның қаруы әрі қорғаны, діннің негізгі тірегі, мұсылманның мінәжатын Раббысына жеткізуші көпірі. Сондықтан, біз жасаған баталарымыздың әрбір сөзіне мән беруіміз керек. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарла­малық мақаласы аясында Бірлестік ауылында әрбір сөзі мән-мағынаға толы ауданымыздың көнекөз батагөй қариялары арасында «Ақ бата – асыл мұра» атты аудандық байқау болып өтті. Бата…

Толығырақ