Қ.КӨШЕРБАЕВ: «ТҰРАҚТЫ ӨСІМ АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ДА БАЙҚАЛАДЫ»

Қ.КӨШЕРБАЕВ: «ТҰРАҚТЫ ӨСІМ АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ДА БАЙҚАЛАДЫ»

– Облыста жыл басынан бері 467 мың  шаршы метр тұрғынүй  берілді. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 270 шаршы метрді ғана құраған болатын. Соңғы 5 жылда 2 млн. шаршы метрден астам тұрғынүй пайдалануға берілген, – деді аймақ басшысы. Аймақ басшысының айтуынша соңғы жылдары инженерлік инфроқұрылым мен тұрғынүй құрылысы алаңдарына басымдылық берілуде. Бірнеше жылдың өзінде облыс бойынша 12 шағын аудан бой көтерген.   «Өскен өңір» ақпарат  

Толығырақ

Қызылорда Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының бойында 36 сервистік орталық ашты

Қызылорда Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының бойында 36 сервистік орталық ашты

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында аймақ басшысы Қ.Көшербаев облыстың 9 айдағы қол жеткізген жетістіктері мен перспективаларын журналистерге баяндап берді. Халықаралық маңыздағы күре жолдың 812 шақырымы Қызылорда территориясынан өтеді. Осы жолдың бойындағы жүргіншілерге жағдай жасау мақсатында биыл талапқа сәйкес 36 сервистік орталық ашылып, жолаушыларға қызметін ұсынуда. Келесі жылы қосымша тағы да 5 қызмет көрсету орталығы іске қосылмақшы деді аймақ басшысы.   «Өскен өңір» ақпарат.

Толығырақ

БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА АЛҒАШ РЕТ 526 МЫҢ ТОННА КҮРІШ ӨНДІРДІ

БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА АЛҒАШ РЕТ 526 МЫҢ ТОННА КҮРІШ ӨНДІРДІ

Қызылорда облысында тау-кен өндірісі қарқынды дамуда. Осы саланы болашақта өз мамандарымызбен ары қарай игеру үшін бүгінгі таңда инженерлік мамандар қалыптастыру мақсатында Ресеймен екі жақты келісім жасастық. Ресейде 500 студент оқып жатыр. Бір кездері 11 млн. тонна мұнай өндіріп келген облыстың бұл бағытта көрсеткіші соңғы жылы 6,8 млн тоннаға төмендеді. Себебі жерасты мұнайының сапасы төмендеп, кейбір кен орындарындағы мұнайдың 98 пайызға дейінгі құрамы су болып шықты. Осының нәтижесінде біз экономикалық әлеуетімізді әртараптандыру үшін жұмыс жасадық. Өңірдегі қабылданып жүзеге асқан 20 жоба осының дәлелі. Ауылшаруашылығы өнімдері үшін салынған буферлік аймақтан шықтық. Қазір…

Толығырақ

БАҚШАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР ЭКСПОРТЫ 8 ЕСЕГЕ АРТТЫ

БАҚШАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР ЭКСПОРТЫ 8 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы да айтты. Сорт өнімділіктерін арттыру есебінен күріштің жалпы өнімі 30 пайыздан астамға өсті. «Біз биыл облыс тарихында бірінші рет 500 мың тоннадан астам Сыр маржанын қоймаға құйдық. Бұрын гектарына 30-32 центнерден өнім жинасақ, соңғы жылдары 56 центнерден өнім алып келеміз. Биыл да осы рекорды көрсеткіштен түспейміз деп ойлаймыз», — деді облыс әкімі. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін сату нарығын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көп жылдардан бергі…

Толығырақ

Қ.КӨШЕРБАЕВ: » Шыны зауытының алғашқы өнімін шығаруды көздеп отырмыз»

Қ.КӨШЕРБАЕВ: » Шыны зауытының алғашқы өнімін шығаруды көздеп отырмыз»

Келесі жылы аймақта молибден үш тотығын шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты. – Өнім экспортының көлемі Жапонияның үлесінде болады. Алдағы жылдың шілде айында шыны зауытының алғашқы өнімін шығаруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, құрылыс саласында ғана емес, мұнай-газ және уран өндіруде кеңінен қолданылатын томпонажды цемент шығаратын зауытты іске қосамыз, – деді аймақ басшысы. Бұл кәсіпорындардың барлығының әлеуеті жоғары, жаңа технологияларға негізделген.

Толығырақ

АЙМАҚТА КҮН ЖӘНЕ ЖЕЛ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АЙМАҚТА КҮН ЖӘНЕ ЖЕЛ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Дәл қазір Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Үкіметтің баспасөз орталығында БАҚ өкілдеріне өңірдің 9 айдағы экономиккалық-әлеуметтік көрсеткіші жайлы баяндама жасауда. Сондай-ақ, облыс басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесінде аймақта жүргізілген келіссөздер жайлы айтып өтті. Облыс басышысы өз сөзінде «Аймақтағы газ-электро энергиясын өндірудің экономикалық мақсаттылығын ескеріп, Астанадағы «ЭКСПО» көрме нысандарының өңірлік энергетикалық саласына қажеттілігі үшін қолданылуын зерттедік. Нәтижесінде жаңа технологияны өндіру мақсатында облыста 20 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның 11-і коммуналдық шаруашылыққа қатысты. Сонымен бірге облыс аумағында экономикалық жаңғырмалы энергияны өндіру бойынша 2 жоба іске асырылуда. Ол Жаңақорғандағы күн электрстансасы қуаттылығы 50 Мгб және…

Толығырақ

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл еңбеккерлерін астық жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл еңбеккерлерін астық жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтады

Құрметті ауыл еңбеккерлері! Астық жинау – диқандар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айтулы науқанның бірі. Егін ору нәтижелері мемлекеттегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты айқындайды. Сіздердің маңдай терлеріңіздің арқасында Қазақстан өзінің жетекші астық державасы екенін тағы да дәлелдеді. 21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Соның үштен екісінен астамы әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өнімге жатады. Майлы дақылдар егілетін егістік алқабы айтарлықтай көбейді. Жалпы астық жинау науқанының қорытындысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті зор екенін көрсетіп отыр. Бүгінде мемлекет ауыл шаруашылығы саласын жүйелі түрде жетілдіруге және әртараптандыруға бағытталған…

Толығырақ

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік- шығыс және оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман болып, жел соғады. Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с жел…

Толығырақ

ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Жуырда «Арман» мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында күллі Алаш жұртына белгілі ақын, журналист, бір кездері «Өскен өңір» газетінің редакторы болған ардақты азамат Дүйсенбі Смаиловтың 85 жылдығына арналған «Дүйім жұртқа белгілі Дүйсенбі едің…» атты жас ақындар айтысы өтті. «Жас дәурен» музыкалық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, «Шиелі вальсі» әнінің авторы, шоқтығы биік нар тұлға Д.Смаилов өлшеулі ғұмырында артында өшпес мұра қалдыра білді. Ақжарқын ақын азамат Қызылорда педагогикалық училищесін аяқтаған соң өзі туып өскен Ортақшыл ауылына келіп, алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды. Кейіннен Киров атындағы мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы…

Толығырақ

ЖАЛАҒАШТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАНДАР

ЖАЛАҒАШТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАНДАР

Жуырда Жалағаш ауданында ауыл спортшыларының ХХХІ «Алтын күз-2017» спартакиадасы өткен болатын. Онда үлкен   дайындықпен барған ауданымыздың спортшылары жоғарғы көрсеткіш Тауық жылы ауданымыздың спортшылары үшін сәтті болды десек жаңылыспаған болар едік. Себебі, биыл ауданымыздың спортшылары әлемдік, республикалық, облыстық деңгейде өткізілген дүбірлі бәйгелерде олжасыз оралған жоқ. Алтын, күміс, қоланы да алды. Ең бастысы, ауданымыздың абыройын асқақтата білді. Міне, Жалағаш ауданында өткен ауыл спортшыларының ХХХІ «Алтын күз – 2017» спартакиадасында көкпаршыларымыз да, балуандарымыз да, тоғыз құмалақтан да, волейбол, баскетболдан, тағы басқа спорттық ойындардың түрлерінен үздік көрсеткіш көрсетті. Жеңімпаздарды қабылдаған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев…

Толығырақ