Қоянбаев “Бизнес по-казахски в Америке” фильмінің құпиясын ашты

Қоянбаев “Бизнес по-казахски в Америке” фильмінің құпиясын ашты

Жуырда ғана Жеңісхан Төре мен Нұрлан Қоянбаев АҚШ-та «Бизнес по-казахски» кинокартинасының жалғасын түсіріп келген еді. Жаңа фильм жайында Қоянбаев Гәкку арнасына айтып берді, деп жазады Stan.kz. “Екі киноның айырмашылығы – локацияда. Бірінші кино Алматы қаласында, екіншісі Калифорния штатында, Лос-Анджелесте түсірілді. Әрине, АҚШ-та кино түсіру бізге арман еді”, – деп бөлісті Қоянбаев. Түсірілім тобы шетелде біраз қиналған көрінеді. Әсіресе, Нұрлан Қоянбаев шетелдік актерлермен тілдесе алмай, біраз әбігерге түскен. «Қиын болды, ағылшын тілінде сөйлесу керек. сол жерде жұмыс істейтін әріптестеріміз де АҚШ азаматтары», – дейді Нұрлан. Қоянбаяевтың айтуынша, «Бизнес по-казахски в Америке» бірінші…

Толығырақ

Шыңғыс хан туралы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Шыңғыс хан туралы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

«Шыңғыс ханның ұрпақтары» атты моңғол фильмі «Оскар-2017» сыйлығына үміткер, деп хабарлайды montsame.mn. «Шыңғыс ханның ұрпақтары»  фильмі  «Үздік шет тіліндегі фильм» номинациясы бойыншы сынға түспек. Аталған номинацияға әлемнің 92 елінің үздік туындылар қатысуда. Финалистер 2018 жылғы 4 наурызда анықталатын болады. Моңғол кинорежиссері Д.Золбаяраның фильмі бүгінгі моңғол халқының мәдениеті мен тыныс тіршілігін баяндайды. Фильмнің тұсаукесері Улан-Батыр қаласында10 қазанда өтеді. inform.kz

Толығырақ

«Қайыңдай қайсар қарттарым»

«Қайыңдай қайсар қарттарым»

Жуырда №150 қазақ орта мектебінің акт залында ауыл әкімгершілігі, №150 мектеп, Ортақшыл ауылдық клубы КМҚК және ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен 1 қазан Қарттар күніне арналып «Қайыңдай қайсар қарттарым» атты шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараны ауыл әкімі Ноғайбаев Жақсылық ашып ауыл қарияларын мерекелерімен құттықтады. Мерекелік кеште ауыл қариялары ардагер ұстаз Қ.Төлегенұлы, А. Уалиханов, Т.Смайлов, С.Есенқұлов, Батыр аналар ардагер ұстаз Ұ.Жарылқасынова, Р.Қалдыбаева, Қ.Жаманғараева және көптеген жыл ауылдық   амбулаториялық медпунктінде дәрігерлік қызмет атқарған зейнеткер Ажаркүл апалар ризалықтары мен алғыстарын айтты. Шара соңында Ортақшыл клубының басшысы Ғ.Нысанбаев, музыкалық жетекші Б.Әбдіқадыров және өнерпаз П.Мусалимова келген қонақтарға…

Толығырақ

ШҰҒЫЛАДАҒЫ ШАРА

ШҰҒЫЛАДАҒЫ ШАРА

Әр баланың жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне   шапағат нұрын төгуде ұстаз еңбегі өте зор. «№4 Шұғыла санаторлық бөбекжайы» мемлекеттік мекемесінде «Ұстазым өзіңмен мақтанамын» атты ертеңгілік өткізілді.Ертеңгілікті бөбекжай   менгерушісі Қожасова Фарида Қазанғапқызы құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.Әдіскер Көбенова Гүлназ Арғынқызы ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап шығармашылық табыс тіледі.Балалар бөбекжай қызметкерлеріне тақпақ арнап, ән мен жырға бөледі. Тәрбиешілер тәрбиеленушілеріне алғыс ретінде «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен сахналық қойылым қойып берді.Шәкірттеріне аса мейірімді, өнегесі асыл ұстаздарға ата-аналар өз алғысын жеткізді.Мерейлі мерекеде бар ұстазға тілейтінім: «Бақыт, табыс, амандық». Эльмира Сейдахметова

Толығырақ

Ұстазыммен мақтанамын

Ұстазыммен мақтанамын

  «Ұстаз»   атты ұғымның мен үшін қоғам өміріндегі рөлі өте зор. Нағыз ұстаз әрдайым өзін басқалардан ерекшелеп тұратын сапаларға ие болады деп ойлаймын. Мен өзімнің туған жерім Сұлутөбе ауылындағы №41 орта мектепте «Өзін-өзі тану»пәнінен дәріс беремін. Ұжымды білімі мен білігі мол, биік парасат иесі Айгүл Болатбекова басқарып келеді. Алтын ұя мектебіме жас маман болып келген күннен-ақ тәжірибелері мол әріптестерімнен ақыл-кеңес алып, методикалық әдіс-тәсілдерді үйреніп келемін. Педагогикалық ұжымда әдістемелік апталықтар аясында тәрбиелік мәні зор ауқымды ашық іс-шаралар, концелиум, ашық есік күндері, аудандық, облыстық семинарлар, психологиялық тренингтер, жас мамандар сайысы ұйымдастырылып…

Толығырақ

Бірлігі бекем Бала би

Бірлігі бекем Бала би

Өткен аптада Бала би ауылы әкімінің ұйытқы болуымен №50 Абай атындағы орта мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбымен меркелік шара өтті. Ауыл ақсақалдары мен батыр аналары шақырылған кеште зейнеткерлерге арнайы дастархан дайындалып, дәм тартылды. Әкімдік қызметке жаңа тағайындалған Амангелді Өмірәлі қазыналы қарттарды меркелерімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Ауылдың «Ғұмыр дария» әжелер ансанблі, әуез мектебінің ұстаздары мен ауыл өнерпаздары кеш қонақтарына ән мен биден шашу шашып, күй күмбірімен тербеді. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары жаңа сайланған әкімге сәттілік тілеп, баталарын беріп жатты. Дастархан басында ауыл ардагерлерінің төрағасы – Ұзақ Оразов, батыр ана…

Толығырақ

Дархан ДӘРІГЕР

Дархан ДӘРІГЕР

Таңғы сағат 8:00. Фельдшер Дархан Сәрсенбаев күндегі әдеті бойынша ақ халатын асығыс киіп, жұмыс үстеліне жайғасқаны сол еді, бөлмеге шырылдаған баласын құшақтап, абыржыған ана кіріп келді. – Қандай шағымыңыз бар? – Баламның екі күннен бері қызуы түспей есімнен тандырды. Үйден қанша ем-дом жасасам да көмегі тиер емес. Тіпті, көрші апаға да түкіртіп көрдім. Дархан бірден баланың қызуын өлшеп, керуетке жатқызып, дәрі екті. Кейіннен сәбиге суық тигені анықталып, дәрі-дәрмек тізімін анасының қолына ұстатты. Алты айлық тұңғышының ауырып жылағанынан шарасыз күйге түскен ананы сабырға шақырып, «Мына препараттарды уақытылы қабылдаңыздар. Абыржудың қажеті жоқ….

Толығырақ

Шабыт шақырған саяхат

Шабыт  шақырған саяхат

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елімізге жаңа бір серпіліс берді. Жаңа бастамалар қолға алынды. Ел есінен кете бастаған тарих қайта жаңғырды. Елі үшін қызмет жасаған ерлердің есімі елге белгілі бола бастады. Алып тұлғаларымызды бүгінгі жастарға үлгі ету мақсатында әртүрлі форматтағы шаралар өткізілді. Ел аузында жүріп, естен кете бастаған көне қорғанның орны табылды. Аудан жастарының ұйымдастыруымен аудан ардагерлері тарихи орындарды аралап жатыр. Арыстанбаб, Сауран, Сығанақ, Түркістан топырағын басып, тарихтан хабардар болды.  Өз кезегінде аудандық «Өскен өңір» газетінің ұжымы да аталмыш орындарда болған еді. Айнала ағарып, күн шапағы әлі…

Толығырақ

Өз ісінің шебері

Өз ісінің шебері

Қарап отырсақ, бүгінде кәсіпкерлікпен айналысуға мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр. Ауданымызда қажырлы, еңбекқор, кәсіптің тілін түсіне білген бірқатар азаматтардың ісі өрге домалап келеді. Осы азаматтардың қатарына жеке кәсіпкер Қайрат Назаровты да қосуға болады. Қазір кез келген үйді, кеңсені жиһазсыз елестету мүмкін емес. Себебі, әдемі жиһаз – үйдің сәні. Сондықтан да болар, Қайрат заманауи үлгідегі жиһаздар жасауды 16 жыл бұрын қолға алған. Ол жиһаздың қалай жасалатынын іштен біліп туған жоқ, әрине. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы көркемсурет училищесінің қабырғасынан суретші дизайнер мамандығын алып шығады. Ауылға келген соң жас жігіт өз қолымен…

Толығырақ

«Шіркін life» ШИЕЛІДЕ

«Шіркін life» ШИЕЛІДЕ

Бір кездері жұрттың бәрі тамашалайтын «Шіркін life» жобасын көпшілік ұмыта қоймаған болар. Себебі, онда оған дейін көрермен тек концерттік костюммен көретін шоу-бизнес жұлдыздары нағыз ауылдың күйбең тіршілігімен айналысып, әскери жасақтың құрамында жауынгер қызметін атқарды. Бағдарлама сонысымен де жұрттың көңілінен жол таба алды. Осыған ұқсас тәрбиелік мәні зор шараны жуырда облыстық жастар саясаты мәселелері басқар­масы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Шиелі ауданы әкімдігі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бизнес START» орталығы бірлесе отырып ұйымдастырды. «Жақаевтың ізбасарлары Ақмаяда» деп аталатын облыс жастарының егістіктегі еңбек-тынығу лагерінің «Шіркін life» жобасымен ұқсастығы аты…

Толығырақ