МИЛЛИОНДАРДЫҢ МАШАҚАТЫ МАЗАЛАМАСЫН

МИЛЛИОНДАРДЫҢ МАШАҚАТЫ МАЗАЛАМАСЫН

Жаз бітіп, күздің де бір айын орталадық. Қыр астында сығалаған қыс мезгіліне   отын-көмірлерін дайындап,  ертеңдерін ойлаған жандар көмір қоймаларды жағалап жүр. Ал, үйлеріне газ кіргізіп, көңілдері мәз болып, шаңырақтарында жаз орнап жатқан үйлердің бұл бейнеттен алыстағалы үш жылдың жүзі болып қалды. Табиғи газ – ең экологиялық таза отын түрі. Оған тек экономиканың дамуы ғана емес еліміздің тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру сапасы, жайлылық деңгейі де тәуелді. Сонымен қатар, аймақтың инвестициялық тартымдылығы және газдандырылған елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артады. Қазақстанның газбен жабдықтау жүйесі – маңызды инфрақұрылымдық кешен болғандықтан, үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие екендігі…

Толығырақ

САЛМАҚТЫ САЛАҒА ҚОЛДАУ БАР

САЛМАҚТЫ САЛАҒА ҚОЛДАУ БАР

Ауданымызда спортқа жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осының нәтижесінде спортшыларымыз бүгінгі таңда халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Спорттың дамуына, бұқаралық спорт саласын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жасалып келеді. Осы ретте, аудан спортының бүгінгі беталысы, атқарылып жатқан шаралар, өзге де жаңалықтары туралы аудандағы спорт  бөлімінің  басшысы Нариман Сапарбаймен сұқбаттасқан едік. – Бұқараның, яғни халықтың спортқа деген беталысын қалай бағалар едіңіз? – Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі халықтың 26,1% пайызын құрап отыр. Аудан бойынша спортпен шұғылданушылар саны – 21391 адам. Нәтижесінде…

Толығырақ

«ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БІРІКСЕ, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА ДЕГЕН СЕНІМСІЗДІГІ АЗАЯДЫ»

«ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БІРІКСЕ, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА  ДЕГЕН СЕНІМСІЗДІГІ АЗАЯДЫ»

Кәсiпкерлiк – бұл экономиканың қайнар көзi. Ал ұлттық экономиканы дамытып, тың серпiн берiп, алға өрлеуiне үлес қосатын жергілікті кәсiпкерлер екені анық. Бірнеше жыл бұрын еліміздегі кәсіпкерлердің түйіткілді деген мәселелерін шешіп, жан жақты қолдау көрсету мақсатында Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының да құрылғаны белгілі. Бүгінде бұл мекеме кеңінен қанат жайып, әр облыс орталығы мен аудандарда филиалдары жүйелі жұмыс жасап келеді. Осыған орай ауданымыздағы кәсіпкерлерді қолдау орталығы қандай жұмыстар атқарып, нендей нәтижеге қол жеткізгенін білу мақсатында орталық директоры Рысбай Нысанханмен сұқбаттасқан едік. – Рысбай Нысанханұлы, бүгінде аудан кәсіпкерлері мемлекет тарапынан жүйелі ұйымдастырылған қамқорлықты сезіне…

Толығырақ

ТОБЫЛҒЫ ТАҒДЫР

ТОБЫЛҒЫ ТАҒДЫР

Бұрындары апаларымыздың аталарымызға «Менен бұрын сен кетші, мен сенен кейін-ақ өлейін» деп айтқанын құлағымыз шалып қалатын. Бұл сөздің түпкі төркінін түсінбейтін біз «Апам атама қарағанда ұзақ жасағысы келеді екен» деп ой түйетінбіз. Бірақ бұл сөздің байыбына бара бермейтінбіз. Ел арасында «Жамбыл Жабаев 90-нан асқан шағында үйленгелі жатыр екен, төсек жаңғыртқалы жатыр» деген қауесет тарайды. Бұл мәселе сол кездегі қазақтың атқамінерлерінің құлағына жеткеннен кейін Жәкеңнің бұл жасқа келіп қайткені, бұны тез арада райынан қайтару керек, қайтармасақ бір ұлттың сүйегіне салған таңба болады деп тоқтатпақ ниетпен әлгі әйелді іздестіруді бас­тайды. Жәкеңнің үйленем…

Толығырақ

РУХАНИ ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН НЕКЕ БАЯНДЫ БОЛМАҚ

РУХАНИ ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН НЕКЕ  БАЯНДЫ БОЛМАҚ

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен өмірлік ұстанымдарында мұсылманшылық әдет-ғұрып, жоралғылар талайғы ғасырлармен сіңісіп кеткен. Осындай ізгі дәстүрдің бірі – неке қию. KazIslam ақпараттық-ағартушылық порталының бас редакторы, исламтанушы, философия ғылымының кандидаты Жалғас Садуахасұлынан мұсылманша неке қию, отбасы мәселесіне қатысты шариғаттың талап-шарттары жайында сұраған едік. – Жалғас Садуахасұлы, асыл дініміздің күн санап елімізде өркендеуімен дәстүрімізге сіңген салт-жоралғылар бар. Соның бірі – мұсылманша неке қиюдың мән-маңызы туралы әңгімелеп берсеңіз? – Неке – қасиетті ұғым. Ол – екі жастың бір-біріне деген беріктік пен адалдық шарты. Сондықтан, қазақ мұны «ақ неке» деп ардақтайды, «ақ некелі жарым»…

Толығырақ

САЛЫҚ ДЕСЕ САСПАЙЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚАШПАЙЫҚ

САЛЫҚ ДЕСЕ САСПАЙЫҚ,  ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚАШПАЙЫҚ

Ел экономикасының дамуы атқарушы биліктің жауапкершілігімен жүзеге асып жатады. Өйткені, өзекті мәселелер түйінін тарқатып, халықтың әлеуметтік ахуалын заң шеңберіне сай қалыпты деңгейге көтеру қоғам мүддесі екені баршамызға аян. Осы мақсатты көздеген бір топ азамат облыс орталығынан ауданымызға арнайы атбасын бұрды. Бұған себеп, 2017 жылғы 5 шілдеде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен «Дағдарысқа қарсы штаб отырысы» хаттамасының 1 тармағы болатын. Атап айтсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және салық салу базасын кеңейту мақсатында облыс аумағында ақпараттық түсіндірме мәжілістерін өткізу тапсырылған еді. Жиынның алғы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары…

Толығырақ

ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУІ

ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУІ

Өткен аптаның жұма күні аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Н.Бекежанов ауылындағы аталған ақын атындағы өнер музейінде дәулескер күйші, Сыр өнерінің негізін қалаушылардың бірі – Әлшекей күйшінің өнерін насихаттаушы Тынысбек Дүйсебековпен аудан жастарының кездесуі өтті.  Шара басында жиналған бір топ жеткіншек осы ауылдағы еңбегімен ел анасына айналып, құрметтің төрінде отырған анамыз Ш.Қазанбаеваның шаңырағына соғып, батасын алып, сый-сияпат жасап, алғыс арқалап, жоғарыда аталған кездесу орнына зор құлшыныспен келді. Жастарға дәстүрлі өнер мен ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында ұйымдастырылған жиында Әлшекей күйлерінің ерекшелігі, басты кейіпкердің өнер әлеміне аяқ басуы,…

Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ҮШІН ТӨЛЕУ МІНДЕТТІЛІГІ БАСТАЛДЫ

ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ҮШІН  ТӨЛЕУ МІНДЕТТІЛІГІ БАСТАЛДЫ

Баспасөз орталығында Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Абдрахманов БАҚ өкілдеріне 2017 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша хабарлама жасады. Онда мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы 2017 жылдың 1 шілдесіне 1427,1 млн. теңге болса, түскені 2284,6 млн. теңге, яғни, 160,1 пайызға орындалған. Жергілікті бюджет болжамы 907,8 млн теңге болса, түскен түсім 1432,9 млн. теңге болып, меже 157,8 пайызға орындалған. Облыстық бюджет бойынша болжам 0,5 млн. теңге болса, 27,6 млн. теңге түсіп меже 5117,1 пайызға жеткен. Ал, республикалық бюджет бойынша межеленген болжам 518,7 млн. теңге болса, түскені 824,1 млн. теңгені құрап, меже…

Толығырақ

ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ ТҰЖЫРЫМДАМА КІМНІҢ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ?

ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ ТҰЖЫРЫМДАМА  КІМНІҢ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ?

Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі орнының маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Әлемдегі діннің дүмпуі Қазақстанды да айналып өткен жоқ.  Тәуелсіз қазақ елінде діни жаңғыру үдерісі ұлттық дәстүр мен құндылықтардың қоғам өміріндегі рөлінің артуынан және жастар арасында діндарлық деңгейінің өсуінен байқалады. Мысалы, мешітке барып жатқан жамағаттың 70 пайыздан астамы жас­тар десек қателеспейміз. Ғаламтор желісіндегі діни сайттардың оқырмандары, фейсбук (facebook), вк (vk), инстаграм (instagram), твитер (twitter) сияқты т.б. әлеуметтік желілердегі діни топтардың басым…

Толығырақ

САУАПТЫҢ САҒАСЫ САРҚЫЛМАСЫН

САУАПТЫҢ САҒАСЫ САРҚЫЛМАСЫН

Жақсылық жасау, қол ұшын созу, көмек көрсету халқымыздың қанында бар қасиет. Мейірімді жандардың жақсы бастамаға жұмыла кетіп, көмекке мұқтаждарға қарайласуы көңілдерге қуаныш ұялатады. Жақсылық жасау үшін мол байлық емес, риясыз көңілдің жеткілікті екеніне көз жеткіздік. Біз бірнеше еріктілер бас қоса отырып, біраз уақыт бұрын мұқтаж жандарға көмек ретінде орталықтан біраз уақыт бұрын «Әлеуметтік дүкен» ашқан болатынбыз. Мақсатымыз, аз қамтылған әлеуметтік осал топтағы жандарға көмек көрсету болды. Яғни, киілмей тұрған басы артық киімдермен көмекке зәру жандардың қажеттілігін өтесек деген тілекке жұмыла кірістік. Бастапқы кезде таразы басында үміттен гөрі күмәннің салмағы басымырақ…

Толығырақ