391 қызылордалық өзге облыстарда жұмыс жасағысы келеді

391 қызылордалық өзге облыстарда жұмыс жасағысы келеді

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлердегі сұранысқа  орай 391 қызылордалық өзге облыстарда жұмыс жасауға ұсыныс білдірген. Бұл туралы бүгін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұрат Ергешбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, басқа облыста жұмыс істеуге ниетті жандарға бір реттік қайтарымсыз қаржы беріліп, баспанамен қамтамасыз етілмек. Баспасөз-конференциясында басқарма тарапынан атқарылған жұмыс та баяндалды. Облыста «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда. Оған 4,1 млрд. теңге бөліген. Бағдарламаға қатысушы ретінде…

Толығырақ

Әлемдегі ең сәнді көлік

Әлемдегі ең сәнді көлік

Барлығы бірауыздан «Bugatti Veyron» немесе «Bugatti Veyron Supersport» деп жауап беретіні айдан анық. Бірақ қателесесіздер! Жақында бұл спорттық көліктің жаңа үлгісі шықты. Ол – Mansory Bugatti Veyron LINEA Vincero d‛Oro. Бір қарағанда бұдан да жақсырақ етіп жасауға болатын еді ғой деген ой туады. Сарапшылардың айтуынша, оған жетіспейтіні алтын ғана. Бұл олқылықты Mansoryдің тюнерлері түзетуге кірісті.  Түзету енгізген соң, алтынмен қапталған бөлшектері: радиатордың торы, айна жиегі, спорткардың дискісі, есік тұтқасы, бензобактың қақпағы.  Бұл көліктің қуаты – 1111л.с. Ал бағасына келсек, 2.200.000 евро және бұл әлемдегі ең қымбат көлік! Тек жалғыз дана…

Толығырақ

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айтта неше күн демалады?

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айтта неше күн демалады?

30 тамыз — Конституция күні екенін белгілі. Бұл күн сәрсенбіге, ал Құрбан айт биыл 1 қыркүйекке сәйкес келіп отыр. Осыған орай оқу жылының басы 2 қыркүйекке ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар жаз айының соңында екі рет демалады. 30 тамыз, сәрсенбі күні және жұма күнге тұспа-тұс келетін 1 қыркүйек күндері демалыс болып жарияланды. Ал бейсенбі, 31 тамыз күні жұмыс күні болып белгіленді.

Толығырақ

Емханалардың қызмет көрсету аясы кеңіді

Емханалардың қызмет көрсету аясы кеңіді

Енді электронды кілт болса, емхана таңдау, тіркелу, дәрігердің қабылдау кезегіне тұру оңай. Сондай-ақ, емханалар сақтандыру құжаты бар -жоғына қарамастан, өзге учаскелік болса да, денсаулығы күрт нашарлаған азаматқа алғашқы шұғыл көмек көрсете алады.

Толығырақ

Аралда балықтар қырылып жатыр

Аралда балықтар қырылып жатыр

Кіші Аралға қатысты Көкарал бөгетінде балықтың қырылу фактісі тіркелді. Бұл жағдай Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті инспекторларының тексерісі кезінде белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінгі күнде балықтардың не себепті қырылғаны белгісіз болып отыр. Облыста арнайы құрылған комиссия оқиғаның неден болғанын анықтауға кірісті. Оның құрамына экология, төтенше жағдайлар мен ветеринария қызметінің мамандары тартылды. «Оқиғаның себеп-салдарын әзірге нақты айтуға ертерек. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, балықтың қырылуына Қызылорда облысында күннің шамадан тыс ысуы мен Көкарал бөгетінде суды теңізге ағызып жіберу себеп болуы мүмкін. Алайда оның нақты себебі әзір айқын емес», — дейді…

Толығырақ

ЕЛІМІЗДЕ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 30 ЖЫЛДАН АСҚАНДАРДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 30 ЖЫЛДАН АСҚАНДАРДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ

Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова халықты әлеуметтік қорғау жағдайы мен Үкіметтің әлеуметтік саладағы жоспарлары туралы ақпараттандырды. Светлана Жақыпованың айтуынша, Үкіметтің әлеуметтік сала бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мемлекет көмегін алушы барлық тараптар үшін міндеттер ауқымын жүзеге асыруда кешенді әрі жүйелі көзқарасты қажет етеді, деп хабарлайды  Вnews.kz «Бүгінде екі миллион қазақстандық зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алып үлгерді. Ал келесі жылдан бастап, 460 мың мүгедек үшін жәрдемақы инфляцияға қатысты жыл сайынғы индексациядан тыс, 16%-ға өседі. Жекелеген азаматтар санатына жәрдемақыны өсіруден бөлек, әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғыртуды және…

Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ОҚУШЫЛАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Кеше Шиелі ауданының бір топ оқушылары жетекшілерімен бірге «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалау үшін Астанаға аттанды. Жолға шыққан алғашқы топта 90 оқушы бар. Олар әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен дарынды оқушылар. Жалпы аудан бойынша қыркүйек айына дейін 520 бала көрмені тамашалайды деп жоспарлануда.

Толығырақ

Биылғы оқу жылының қай күннен басталатыны белгілі болды

Биылғы оқу жылының қай күннен басталатыны белгілі болды

Бұған дейін оқу жылының 2 қыркүйектен басталуы мүмкін екені талқыланып келген еді. Жазғы демалыс 1 оқушылар үшін 2 қыркүйекке дейін ұзарды.  Себебі 1 қыркүйек – Құрбан айттың бірінші күні. Оқу жылы 1-сынып пен мектеп алды оқушыларды қоспағанда 34 аптадан тұрады. Бұл ҚР Білім жне ғылымминистрлігінде солай бекітілген. Бұйрыққа сәйкес, 2017-2018 оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Алайда мереке күіне түскеніне байланысты, бір күн кейінге ауыстырылады. Мектеп алды оқушылар 32 апта, 1-сынып оқушылары 33 апта, 2-11-сынып оқушылар 34 апта оқиды. Мектепалды оқушылардан басқалары күзде 7 күн (30 қазан мен 5 қараша), қыста 10 күн…

Толығырақ

БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жуырда «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласында ұйымдастырылған «ART BAYTEREK» атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық байқауға жерлестеріміз қатысып, бас жүлдемен оралды. Ақмая ауылындағы №49 мектептің технология пәнінің мұғалімі Баян Көпжасарова байқау болады дегенді естіп, бірден қолөнер шеберлігіне жаны жақын оқушысы Альбина Тұрсынованы апаруды ұйғарады. «Мен оқушымның топ жарып шығатынына сенімді болдым. өйткені ол тоқудың қиын түрін меңгерген еді. Әділқазылар да соны ескеріп, еш ойланбастан бас жүлде лайық деп тапты», – дейді Б.Көпжасарова. Олар Астана қаласында тек байқауға қатысып қана қойған жоқ, қаланың көрікті жерлерін аралап, көрмеге барып, демалуға мүмкіндік алды. Қолынан өнері…

Толығырақ

ШИЕЛІДЕН ЕЖЕЛГІ ҚОНЫСТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕН ЕЖЕЛГІ ҚОНЫСТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Қаратау мен Сырдың ортасынан орын тепкен бұл ауданның аумағында Қорқыт жырындағы Бестам қаласы, Жөлек қорғаны, әйгілі Асан қайғы жерленген киелі орын, көлемі 30 шақырымға жауық Ханқожа көлі бар. Жуырда аймақтан тағы бір осындай ежелгі қоныстың орны табылды. Иіркөл ауылдық округіне қарасты Жансейіт елді-мекенінде құрылған «Атамұра» шаруақожалығының төрағасы Шопанбек Сәрекеев егістік алқабының жанындағы құмшауытты биік төбеге қора-жай тұрғызып, мал басын көбейтпек болады. Көгерім деп аталатын құмшауытты дөңеске жер-кепе салу үшін техника алдыртып, белгіленген орынды белуардан қаздырады. Осы кезде эксковатор қалақшасына топырақпен бірге сынған құмыралардың бөлшектері ілігіп шығыпты.  Қазу жұмысы бірден тоқтатылып,…

Толығырақ