2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды

981128bc83c91a20dcf34e8c9388e525_XL 2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды

Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды. Мұндай шешімге Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері Лима (Перу) қаласында өткен дауыс беру кезінде келіп отыр. Бұл туралы ХОК-тың ресми сайтында жазылған.

«Бүкіл әлемнің спортшылары үшін Олимпиада ойындары өтетін қалаларды 11 жыл бұрын ерте анықтап қою нағыз тұрақтылықтың белгісі», — деді ХОК президенті Томас Бах.

Айта кетейік, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Токио қаласында өтеді. Бұл шешімді ХОК 2013 жылы қабылдаған болатын. Бұған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 17 медаль жеңіп алған еді. Олардың үшеуі алтын, бесеуі күміс және қалған тоғызы қола медальдар.

Көрудің саны: 13  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру