Журналистика туралы он миф

Журналистика туралы он миф

1 миф. Қазіргі журналистер сауатсыз. Жазғанында қателер өріп жүреді. Біздің мамандық ең көп сыналатындар санатында. Ол түсінікті де. Өйткені, жазғанымыз газет, интернет бетінде көрініп тұрады, теледидардағы сюжетіміз, радиодан сөйлегеніміз естіліп-көрініп тұрады. Көрініп, естіліп, оқып отырған нәрсеңді сынау қашан да оңай. Ал, мәселен, неліктен бухгалтердің жұмысын сынайтындар аз. Өйткені, бухгалтердің жұмысын тек бухгалтер ғана сынауға кәсіби білімі жетеді. Оның үстіне бухгалтерлік есептер жалпыға жария болмайды. Тек өз араларында. Жұмысы жалпыға жария журналистерді сауатсыз деп сынау оңай. Мәселен, ғарыш айлағында инженер-конструктордың жұмысын жалпы жұрт сынап жатқанын елестете де алмайсыз. Оның үстіне қазір…

Толығырақ

Арыстан бабтың мазары еврей елінде де бар екен

Арыстан бабтың мазары еврей елінде де бар екен

Таяуда теледидардан бір туристік жарнаманы көзім шалып қалды. Израильде ежелгі Иудей патшалығының астанасы Себастияға саяхат ұйымдастырылып тұрады екен. Бағдарламасында Ицхар қаласына, осы қаладағы шейх Салман Фарсидің қорығына және мавзолейіне бару да көрсетіліпті. Бұл жарнама және біраз жылдардан бері естіп, көріп, оқып-түйгендерім осы мақаланың жазылуына түрткі болды. Қырғызстанға келгенімде мен бірінші танысқан кісілер Жалалабад облысының Базарқорған ауданындағы Арыс­танбаб ауылының түлектері болып шықты. «Арыстанбаб» деген сөз бір жағынан жылы ұшыраса, екінші жағынан менің бұл мәселеге қызы­ғуымды күшейтті. «Біздің өңірде ерте замандарда Арыстан баб деген  мұсылман дінін дәріп­теген кісі өткен, оның «Салман парсы» деген…

Толығырақ

Қазаққа қатыгездік қайдан пайда болған?

Қазаққа қатыгездік қайдан пайда болған?

Соңғы жаңалықтар адамның жүрегін ауыртатын болды. Бір жақта жас қыздар бір-бірінің шашын жұлып, ер адамнан әрмен төбелесіп жатады, бір жақта жап-жас жігіттер қимылсыз қалған адамның басынан тепкілеп жүреді. Оларды көріп: «жастарымыз, еліміз не болып барады»,- деп жұрт шошынуда. Осындай шімірікпес қатігездік бізге қайдан, қалай, қашан жұққан? Кейбір адам интернетті кіналайды, біреулер ауылдағы жұмыссыздық, жоқшылықтан қалаға көшіп келіп, орын таппаған, торыққан, түңілген, дәстүрден айныған маргиналдық қоғамға айналып барамыз деп ойлайды. Ойлы деген зиялыларымыз арагідік елге идеология бермеді деп билікті айыптаудан аспайды. Сонда болып жатқан жағдайдың шын себебі не? Ежелгі, дәстүрлі қазақ…

Толығырақ

2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды

2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды

Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды. Мұндай шешімге Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері Лима (Перу) қаласында өткен дауыс беру кезінде келіп отыр. Бұл туралы ХОК-тың ресми сайтында жазылған. «Бүкіл әлемнің спортшылары үшін Олимпиада ойындары өтетін қалаларды 11 жыл бұрын ерте анықтап қою нағыз тұрақтылықтың белгісі», — деді ХОК президенті Томас Бах. Айта кетейік, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Токио қаласында өтеді. Бұл шешімді ХОК 2013 жылы қабылдаған болатын. Бұған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 17 медаль жеңіп алған еді. Олардың үшеуі…

Толығырақ

Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізеді

Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізеді

Лас-Вегаста 37-ші кездесуін өткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жегін өткізбекші деп жазады Vesti.kz. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, GGG желтоқсан айында өз титулдарын қорғау үшін кезекті рет рингке шығуы жоспарланған. Алайда, оның қарсыласының кім болатыны әлі белгісіз. Еске салайық, кеше таңертең Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен кездесу өткізген болатын. 12 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер жеңімпазды анықтай алмай, ойынды тең нәтижемен аяқтады. Дегенмен, бокс мамандарының көбі төрешілердің бұл шешімін қате екенін,…

Толығырақ

Қоянбаев “Бизнес по-казахски в Америке” фильмінің құпиясын ашты

Қоянбаев “Бизнес по-казахски в Америке” фильмінің құпиясын ашты

Жуырда ғана Жеңісхан Төре мен Нұрлан Қоянбаев АҚШ-та «Бизнес по-казахски» кинокартинасының жалғасын түсіріп келген еді. Жаңа фильм жайында Қоянбаев Гәкку арнасына айтып берді, деп жазады Stan.kz. “Екі киноның айырмашылығы – локацияда. Бірінші кино Алматы қаласында, екіншісі Калифорния штатында, Лос-Анджелесте түсірілді. Әрине, АҚШ-та кино түсіру бізге арман еді”, – деп бөлісті Қоянбаев. Түсірілім тобы шетелде біраз қиналған көрінеді. Әсіресе, Нұрлан Қоянбаев шетелдік актерлермен тілдесе алмай, біраз әбігерге түскен. «Қиын болды, ағылшын тілінде сөйлесу керек. сол жерде жұмыс істейтін әріптестеріміз де АҚШ азаматтары», – дейді Нұрлан. Қоянбаяевтың айтуынша, «Бизнес по-казахски в Америке» бірінші…

Толығырақ

Үздік брендтер рейтингі шықты

Үздік брендтер рейтингі шықты

Interbrand Халықаралық агенттігі Best Global Brands — 2017 үздік брендтер рейтингін жариялады, деп жазады Массагет.кз. Бұл рейтингтің алғашқы орындары Apple, Google мен Microsoft компанияларына бұйырды. Ал, сән әлемінің үздігі деп есептелген Louis Vuitton бренді бар болғаны 19 орынға тұрақтады. Interbrand агенттігінің директоры Ребекка Робинс: «Сән үйінің мұндай жаһандық рейтингте 19-шы орын алуының өзі — үлкен жетістік. Бұған басты себеп болған аталмыш сән үйінің Supreme брендімен бірлескен ұтымды коллаборациясы болды» — дейді. Ең үздіктер тізімін жасау барысында брендтің кірісінен бөлек, оның қоғамдағы белсенділігі мен танымалдығы да есептелген. Сән әлемінің өзге алыптары…

Толығырақ

Шыңғыс хан туралы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Шыңғыс хан туралы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

«Шыңғыс ханның ұрпақтары» атты моңғол фильмі «Оскар-2017» сыйлығына үміткер, деп хабарлайды montsame.mn. «Шыңғыс ханның ұрпақтары»  фильмі  «Үздік шет тіліндегі фильм» номинациясы бойыншы сынға түспек. Аталған номинацияға әлемнің 92 елінің үздік туындылар қатысуда. Финалистер 2018 жылғы 4 наурызда анықталатын болады. Моңғол кинорежиссері Д.Золбаяраның фильмі бүгінгі моңғол халқының мәдениеті мен тыныс тіршілігін баяндайды. Фильмнің тұсаукесері Улан-Батыр қаласында10 қазанда өтеді. inform.kz

Толығырақ

Елімізде алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін науқасқа бауыр алмастыру операциясы жасалды

Елімізде алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін науқасқа бауыр алмастыру операциясы жасалды

Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында елімізде алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясы жасалды. Оны Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли және ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ён жасады. Осылайша біздің дәрігерлерге қан топтары үйлеспейтін кезде тірі туыс донордан бауыр транспланттау технологияларын меңгеруді үйретпек, деп жазады elorda.info. Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының хиругия бойынша бас кеңесшісі Тоқан Сұлтанәлиевтің айтуынша, операция жасалған науқас бауыр циррозына шалдыққан 55-56 жастағы адам. Оның қан тобы бірінші топ болса, донордың қан тобы екінші…

Толығырақ

«Алтын допқа» үміткер бес футболшының есімі белгілі болды

«Алтын допқа» үміткер бес футболшының есімі белгілі болды

Алтын доп Дибала франция футбол Францияның France Football басылымы өзінің ресми Twitter-інде «Алтын допқа» үміткер футболшылардың есімдерін жариялай бастады. Бүгін әлемнің үздік футболшысы атағына үміткер бес футболшының есімі белгілі болды, деп жазады Qsport.kz порталы. Басылым таратқан ақпарат бойынша, алғашқы бес футболшының қатарында ПСЖ шабуылшысы Неймар, «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич, «Ювентустің» шабуылшысы Пауло Дибала, «Реал» қорғаушысы Марсело және «Челсидің» жартылай қорғаушысы Н’Голо Канте бар.  2016/17 жылдардағы маусымдағы «Алтын допқа» үміткер футболшылардың толық тізімі ертең, Астана уақытымен 01:00-де белгілі болады. 24.kz

Толығырақ