Енді iPhone смартфондары жаңа дизайнмен шығады

Енді iPhone смартфондары жаңа дизайнмен шығады

“Бұрын смарфтонның экраны мен корпусы екі бөлек сияқты сезілетін. Оларды біріктіру үшін ұзақ еңбектендік. Енді iPhone X-ке қарап отырып, қалағанымызға қол жеткізгенімізді сеніммен айта аламын. Тағы да көптеген идеялармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – iPhone-ның соңы емес, жаңа дәуірінің бастауы”,- дейді Айв. Айта кетейік, Apple қызметкерлері iPhone X смартфонын жасауға бес жылдарын жұмсаған. Дизайнер “iPhone X” атауы iPhone смартфондарының он жылдығына байланысты қойылған” деген ақпаратттың жалған екенін айтты. Дереккөз: baribar.kz

Толығырақ

Доллар бағамы едәуір төмендеді

Доллар бағамы едәуір төмендеді

Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 334,22 теңгені құрады.  Сәрсенбі күнгі, 11 қазандағы  сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 1,65 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 334 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 334,7 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 97,55 млн доллар болды. Сәрсенбі күні доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 335,87 теңге, күндізгі сессияда 335,27 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 335,54 теңге болған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 273,3 млн долларды құраған. Дереккөз: Kase.kz

Толығырақ

Қызылордалық оқушылар қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын латын қарпінде оқыды

Қызылордалық оқушылар қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын латын қарпінде оқыды

Қызылордалық мектеп оқушылары үшін халқымыздың классик ақын-жазушыларының алғашқы шығармаларын латын қарпінде оқуға мүмкіндік туып отыр. Заманында қазақтың астанасы болған аймақта латын қарпінде басылған көне кітаптар көп. Құнды қолжазбалардың да қоры бай. Облыстық «Ақмешіт» тарихи-өлкетану мұражайындағы алтын қормен енді оқушылар да етене таныса алады. Бұл музейде Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин секілді ұлтымыздың ұлы жазушыларының 90 жыл бұрын жарық көрген шығармалары аз данада сақталған. Түпнұсқа еңбектер де бар. Соның бірі – Абай Құнанбайұлының 1929 жылы басылған өлеңдер жинағы. 24.kz

Толығырақ

СПОРТТАН САЙЫС ӨТТІ

СПОРТТАН САЙЫС ӨТТІ

Кеше Шиелі ауданындағы №47 Л.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының спорт залында өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Спорт-біздің серігіміз» тақырыбында волейболдан аудандық турнир өтті. Турнирге 6 команда қатысып, нәтижесінде жүлделі І-орынды Телікөл командасы, ІІ-орынды Бестам қомандасы және ІІІ-орынды Ә. Тәжібаев құрама командасы иеленді. Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар беріліп дипломдармен марапатталды.

Толығырақ

Енемен тіл табысудың ең оңай екі тәсілі қандай?

Енемен тіл табысудың ең оңай екі тәсілі қандай?

Қазіргі таңда көп отбасында ене мен келiн арасы жақсы болмай, соңы екі жастың ажырасуымен аяқталып жатады. Осы орайда, қазақ келіндеріне енелерімен тату болып, шаңырағында береке орнауы үшін екі оңай әдісті islam.kz порталы ұсынады. 1. Жақсы өмір сүру үшін бізге қашан да сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмір жолы мен өсиеті үлгі  Алла Елшісі (с.а.у.): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» (Бухари, Муслим) деді. Тағы бір хадисінде: «Жақсы сөйлеп, игілікке жеткен немесе үндемей қалып құтылған адамға Алланың кешірімі болсын!» (Тирмизи), «Тыңдаңдар, мен сендерге құлшылықтың ең қарапайым әрі…

Толығырақ