ЕЛ ҚОРҒАУ — ЕРДІҢ ПАРЫЗЫ (ВИДЕО)

ЕЛ ҚОРҒАУ — ЕРДІҢ ПАРЫЗЫ (ВИДЕО)

Армия – біздің егемен еліміздің берік қалқаны, бейбітшілік тірегі. Ел тыныштығын сақтау мақсатындағы отан алдындағы борышын перзенттік парызым деп білетін шиелілік ұландарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті. Бүгін таңертеңгілік Көкшоқы мөлтек ауданындағы  тағзым алаңында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов және тиісті сала мамандары, ардагерлер мен ата-аналар қатысты. Азамат деген атқа лайық перзенттеріне ақ жол тіледі. Күзгі шақырылым сарбаздарына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары табысталып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Толығырақ

Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

Тіс ауруы – күтпеген кезде келетін қонақ. Бұл мәселе сіз үшін бейтаныс болуы мүмкін. Алайда тіс – адамның ең жанды жері. Бұл жағдайды түзетіп, қорқынышты сезімнен қалай арылуға болады? Біз сіздерге ауруды бірден басатын 7 әдісті ұсынғымыз келіп отыр. 1.Тіс ауруына қарсы сарымсақ, пияз және тұз көмектеседі. Бұл тағамдарды уатып, тіске басу арқылы аурудан арыла аласыз. 2. Мақта тығынын самырсын майында жібітіп, ауырған тісіңізге немесе қызыл иекке 10-15 минут басып, 1,5-2 сағаттан соң тағы бір рет қайталасаңыз, нәтижесін көресіз. 3. Тіс ауруынан құтылуға бас бармақ пен сұқ саусақтың сүйектері кездесетін жерге…

Толығырақ

Қыран бүркіт өзінің балапандарына әкені қалай таңдайтынын білесіз бе?

Қыран бүркіт өзінің балапандарына әкені қалай таңдайтынын білесіз бе?

Мынадай қызық жасайды. Ұрғашы бүркіт тұмсығымен ағаштың бір бұтағын сындырып алады да, көкке самғайды. Бұтақты тұмсығына қыстырып, сол заңғар көкте ұзақ қалықтайды. Ұябасарды көрген шәулі атаулы оның айналасына жинала бастайды. Сол кезде ұябасар тұмсығына тістеген бұтақты төменге тастай салады. Көптің ішінен бір бүркіт зу етіп сол бұтақты жол ортадан ұстай алады. Бұтақты қайтадан ұябасардың тұмсығына қыстырады. Ұябасар бұтақты қайтып алады. Сөйтеді де қайта тастайды. Жаңағы бүркіт қайтадан жерге түсірмей қағып алады. Осылай көп рет қайталанады. Ұябасар біршама уақыт осындай сынақ жасайды. Ақырында сынақтан сүрінбей, әлгі бұтақты жерге түсірмеген шәулімен жұптасады….

Толығырақ

Зейнеп Ахметова: Баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адам алу керек

Зейнеп Ахметова: Баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адам алу керек

Баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адамға алғызу керек. Бұл пікірді «Хабар» арнасындағы «Ана мен бала» бағдарламасына қонаққа келген жазушы Зейнеп Ахметова айтты деп хабарлайды NUR.KZ. Бағдарламаға қонаққа келген Зейнеп Ахметова әуелі баланы қырқынан шығарудың маңызы туралы айтып берді. «40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады. Мысалы қырқынан шықпаған баланың терісін ұстап көрсең, еті бөлек, терісі бөлек жүреді. 40 күнде ғана баланың еті мен сүйегі бірігеді. Мысалы, адам қайтыс болғанда қырқын береді ғой, өйткені 40 күнде…

Толығырақ

Жаңа жылдан бастап жәрдемақы мөлшері көбейеді

Жаңа жылдан бастап жәрдемақы мөлшері көбейеді

Қазақстанда келер жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік жәрдемақылар көбейетін болады деп хабарлайды tvk-uko телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.Атаулы әлеуметтік көмек бірыңғай атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілмек. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысы кезінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Біріншіден, қазіргі таңда көп балалы және жағдайы жоқ отбасыларға көрсетіліп отырған жәрдемақының үш түрі бірыңғай жәрдемақы ретінде ұсынылатын болады. Нақтырақ айтсақ, бұл жаңалық арнайы мемлекеттік, балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы түрлеріне қатысты болмақ. Бірыңғай әлеуметтік жәрдемақының көлемі осы үшеуінің…

Толығырақ

12 ЖАСАР ВУНДЕРКИНД БЕЛДІ УНИВЕРСИТЕТКЕ ОҚУҒА ТҮСТІ

12 ЖАСАР ВУНДЕРКИНД БЕЛДІ УНИВЕРСИТЕТКЕ ОҚУҒА ТҮСТІ

Алматыда тұратын 12 жасар вундеркинд бала Абзал Мырзаш Қазақстан-британ техникалық университетінің студенті атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлады. «Біздегілердің көбі ол секілді ақылды болғысы келеді. Біз 20 жасымызда шешкен есептерді ол 12 жасында шеше алады», — дейді вундеркиндтің курстасы. Абзал бала кезінен оқуға үлкен құлшыныс білдіруде. Үш жасында ол әріп танып, жаза білді. Бес жасында бірінші сыныпқа барды. Оның ерекше ақылды бала екенін бірінші болып әкесі байқаған. «Екі жасында ол тұрақта тұрған көліктерге қызығушылық танытты. Эмблемасы бойынша көлік маркаларын атап бергенімде, балам оны бірден жаттап алды», — дейді Абзалдың әкесі…

Толығырақ

Әліби Жангелдинді білеміз бе?

Әліби Жангелдинді білеміз бе?

Әліби Жангелдин 1905 жылы Москвада діни академияда оқыды. Сол жылдары революцияға қатысқан кісі. Әліби 1910-1912 жылдары «Николай Степанов» деген атпен Европа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасаған. 1911 жылы Женевада Ленинмен кездесіп, сөйлескен алғашқы қазақ. 1913 жылы Қазақстанның біраз жерін аралап, революциялық жұмыстар жүргізеді. Бұл кезде ол 29 жаста болатын. 1916 жылы Торғай даласына келіп, Аманкелді Имановпен бірге халықтық ұлтазаттық күресті басқарады. Кейіннен осы өңірде соғыс комиссары қызметін атқарды. 1918 жылы Лениннің тікелей тапсырмасымен Астраханнан Ақтөбе майданындағы әскерлерге қару-жарақ, оқ-дәрі, т.б қажеттіліктерді жеткізетін отрядтар басқарады. Сонымен қатар, 1920…

Толығырақ