Йемен Сауд Арабиясына қарата зымыран атты

Йемен Сауд Арабиясына қарата зымыран атты

Йемен Сауд Арабиясына қарата зымыран атты – деп хабарлайды Press TV телеарнасы. Телеарна мәліметінше, зымыран Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Джизан ауданына қарата атылған. Жергілікті билік өкілдері мен құқық қорғау органдары зардап шеккендер мен жарақат алғандар жайында ешқандай ресми ақпарат таратпаған. Бұл Йеменнің Сауд Арабиясына қарата алғаш зымыран атуы емес. Бұған дейін Йемен шілде айында Мекке қаласын баллистикалық зымыранмен атқылаған болатын. Ол кезде Сауд Арабиясы әуе қорғанысы Мекке қаласынан бірнеше шақырым жерде шаһарға бағытталған Йемен зымыранын атып түсірген болатын. Ал мамыр айында Сауд Арабиясы әуе қорғанысы ел астанасы Эр-Риядқа бағытталған зымыранның көзін…

Толығырақ

ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдады. Отырыс барысында Мемлекет басшысына латын әріптері түріндегі қазақ әліпбиінің қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып әзірленген бірыңғай стандартты жобасы таныстырылды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілдің реформасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі екенін атап өтті. «Осы күндері қазақ тілінің жаңа алфавитіне қатысты сауал көптің талқысына түсіп жатыр. Көптеген адамдар осы жұмысқа араласты. Латын әліпбиіне көшу туралы идея сонау тәуелсіздік алған жылдары туған еді. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жұмыс менің ерекше бақылауымда болатын»,…

Толығырақ

ЕСЕНОВ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІК

ЕСЕНОВ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІК

33 жасында министр болған қайран Шахаң күншілдіктің құрбанына айналып, Қазақстан ғылым академиясының Президенті қызметінен кеткеннен, ақиқатында кетірілгеннен кейін саяси қуғынға ұшырап, кең байтақ еліміздің қиыр түкпіріндегі кішігірім геологиялық барлау экспедициясының бастығы қызметіне дейін төмендетіледі. Көп ұзамай-ақ, ол қызметінен де шеттетіліп, қырағы қызыл империяның көз алдында партиялық бақылауында болуы үшін Қазақ политехникалық институтына қарапайым мұғалім болған уақытысы менің осы институтта оқыған кездеріммен тұспа-тұс келгені бар. Көзіміз көріп, көңілге түйген жайларымнан бір-екі ауыз сөз… Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Қазақ Политехникалық институтында (қазіргі Қазақ-Британ Ұлттық университеті) оқыған кез келген студенттің Шахаңды танып білмейтіні…

Толығырақ

ТАЛАПТЫҒА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАБЫЛАР

ТАЛАПТЫҒА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАБЫЛАР

«Табақтай дипломмен тиын-тебенге жұмыс істеймін бе?», – деген жастардың арасындағы әңгімені жиі еститін болып жүрміз бүгінде. Сан жылын сарп еткен қып-қызыл дипломын сандық түбіне тастаған сол жастардың жалақыны жаратпай жәй жүргендері ата-ананың жанына да батары сөзсіз. Жастардың жұмыссыздығы, осы мәселені шешуге бағытталған бағдарламалардың бергені мен берері төңірегінде білмек болып тиісті сала мамандарына сұрау салған едік.  Алмат Алдабергенов, Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығын директоры: Аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде 2438 азамат тіркелді. Орталыққа тіркелген жастар саны – 669. Жұмыс іздеуші азаматтардың 1038-і, яғни, 44,5 пайызы тұрақты жұмысқа…

Толығырақ

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ауыл тұрғындары бүгін не болар екен? – деп, елеңдеп отыратыны бар. Олар да жақсыны көргісі келеді, елдегіні естігісі келіп тұрады. Сұлутөбе ауылында ұйымдастырылған іс-шара жастарды спортқа, шымырлыққа баулыса, екінші жағынан имандылыққа бас ұрып, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп тұрғандай әсер қалдырды. Сұлутөбедегі №41 орта мектепті бітірген, 1977 жылы туған түлектер 2007 жылдан бері дәстүрге айналдырған шағын футболдан жас­тар арасындағы турнир, ағымдағы жылы 30 қыркүйек күні де өз жалауын көтерген болатын. 2004 жылы сыныптас достары Бақытбек Мүсілімұлы ауыр науқастан о дүниелік болады. Бақытбектің жылдық асына келе жатқан Жарқын Елеусінұлы мен…

Толығырақ

ЖОҒАЛТҚАНДЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАҚ ЖАҢЫЛМАҒАН БОЛАР ЕДІК

ЖОҒАЛТҚАНДЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАҚ ЖАҢЫЛМАҒАН БОЛАР ЕДІК

Жалпы, Қызылорда облысы, оның ішінде Шиелі ауданы сары алтындай сыр салысымен елге танылып үлгерді. «Енді алдағы уақытта жүгері егу қолға алынса, ауданның абыройы асқақтай түсер еді», – дейді ауданымызға белгілі гидротехник Әлияр Сейітов. Біз осы тұста 2000 жылдардың бас кезіне дейін Шиелі диқандары кәсіп еткен жүгері егудің кенжелеп қалғанын назарға алған едік. Сол жылдары әр ауылда жүгері егіні жолға қойылып, арнайы көшпелі бригадалар мол өнім межесінен көрініп жүрді. Қажетті техникалары бар сол шаруа қожалықтар жекешелендірудің салдарынан талан-таражға түсті. Жері шұрайлы өңірде егілген өнім егіншінің еңбегін ақтамай қойған емес. Бірқатар ауылдарда…

Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СЕРПІНДІ САЛА

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СЕРПІНДІ САЛА

Ауыл шаруашылығы еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруа­шылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнер­кәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Осы саланы дамытудың зор әлеуеті бар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшы мемлекеттер сапында болатыны қате пікір еместігін түсіну қиын емес. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі – бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдардың құйылуына оң жағдай туғызды. Мемлекеттің қозғаушы саласы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін…

Толығырақ

КҮРІШІ ЖАЙҚАЛҒАН, ДИҚАНЫ МАЙТАЛМАН ӨҢІР

КҮРІШІ ЖАЙҚАЛҒАН, ДИҚАНЫ МАЙТАЛМАН ӨҢІР

Өздеріңізге аян, Шиелі ауданы былтырғы көрсеткіш бойынша сыр салысынан тау тұрғызған Жақаев ізбасарларының арқасында облыста чемпион атанған-ды. Ауыл шаруашылық саласы мамандары былтырғы межеден асып түспесе, биылғы көрсеткіштің кем болмайтынын сенімді түрде айтып келеді. Ол сөздері негізсіз де емес. Осы күні сексенінші жылдары шыққан белестерге ерекше қарқынмен келеміз деп те айтып жүр саланың ардагер мамандары. Сол жылдары аудан ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 16 мың гектарға күріш тастап, гектарынан орташа 60-70 центнерден өнім алған болатын. Ал, биыл аудан диқандары 30 мың 80 гектарға егіс екті. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі…

Толығырақ