ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдады. Отырыс барысында Мемлекет басшысына латын әріптері түріндегі қазақ әліпбиінің қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып әзірленген бірыңғай стандартты жобасы таныстырылды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілдің реформасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі екенін атап өтті. «Осы күндері қазақ тілінің жаңа алфавитіне қатысты сауал көптің талқысына түсіп жатыр. Көптеген адамдар осы жұмысқа араласты. Латын әліпбиіне көшу туралы идея сонау тәуелсіздік алған жылдары туған еді. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жұмыс менің ерекше бақылауымда болатын»,…

Толығырақ

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады — Қазгидромет

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады — Қазгидромет

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 9-10 қазанда облыстың кей жерлерінде шаңды дауылы соғады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. «Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел, шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.                            Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді. inform.kz

Толығырақ

Ақылды болу анадан

Ақылды болу анадан

Ғалымдардың тұжырымына сүйенсек, адамға ақыл-ой қабілетінің 40-60%-ы ата-анасынан беріледі. Соның ішінде зияткерлік (интеллект) гендері тек Х-хромосомалардан табылған. Яғни, ақылды адамның гені анасының генімен тығыз байланысты. Анасының геніндегі ақпарат доминантты (басым) болған жағдайда, баланың ми өлшемі үлкен болатыны анықталған. Жасушада эмбрионның қалыптасу үрдісі кезінде әкенің гені оның аман-есен жетілуі үшін керек болады. Ол гендер көмкерме (лимбикалық) ми жүйесімен тығыз байланыста болып, ашу, аштық және жыныстық жетілуге жауап береді. Бір қызығы, зерттеушілер мидың маңызды аймақтарынан әкенің генін таба алмаған. Әсіресе, ойлау, зейін, жоспарлау әрі қабілетке икемділік қызметіне жауапты гендерде мүлде болмаған. Дегенмен,…

Толығырақ