«Қайыңдай қайсар қарттарым»

«Қайыңдай қайсар қарттарым»

Жуырда №150 қазақ орта мектебінің акт залында ауыл әкімгершілігі, №150 мектеп, Ортақшыл ауылдық клубы КМҚК және ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен 1 қазан Қарттар күніне арналып «Қайыңдай қайсар қарттарым» атты шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараны ауыл әкімі Ноғайбаев Жақсылық ашып ауыл қарияларын мерекелерімен құттықтады. Мерекелік кеште ауыл қариялары ардагер ұстаз Қ.Төлегенұлы, А. Уалиханов, Т.Смайлов, С.Есенқұлов, Батыр аналар ардагер ұстаз Ұ.Жарылқасынова, Р.Қалдыбаева, Қ.Жаманғараева және көптеген жыл ауылдық   амбулаториялық медпунктінде дәрігерлік қызмет атқарған зейнеткер Ажаркүл апалар ризалықтары мен алғыстарын айтты. Шара соңында Ортақшыл клубының басшысы Ғ.Нысанбаев, музыкалық жетекші Б.Әбдіқадыров және өнерпаз П.Мусалимова келген қонақтарға…

Толығырақ

Цемент зауытынан сескенудің қажеті жоқ

Цемент зауытынан сескенудің қажеті жоқ

Өңіріміздің әлеуметтік-әкономикасы соңғы жылдары едәуір өсіп, аудан халықының жағдайы біршама жақсарғаны сезіледі. Қазіргі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласы да жөнге келген. Қолынан іс келетін адамдар үкіметтік бағдарлама арқылы жұмысын жүргізіп, түрлі жобалар аясында мемлекеттен төменгі пайызбен несие алып, кәсібі мен шаруашылығын дөңгелетіп жатыр. Ал, аймақтағы заманауи үлгіде бой көтерген ірі өндіріс орындар мен фабрика, зауыттар аудан халқын жұмыспен қамтыса, екінші жағынан өнімдерін республика аумағына сатылымға шығаруда. Осылайша, жаһанданудың жаңа бағытын ұстанған мемлекетіміз шет елдік инвесторлармен бірігіп экономикамыздың бұдан да әрі қарқындап дамуына жұмыс жасау үстінде. Елбасы осыдан біршама…

Толығырақ

ШҰҒЫЛАДАҒЫ ШАРА

ШҰҒЫЛАДАҒЫ ШАРА

Әр баланың жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне   шапағат нұрын төгуде ұстаз еңбегі өте зор. «№4 Шұғыла санаторлық бөбекжайы» мемлекеттік мекемесінде «Ұстазым өзіңмен мақтанамын» атты ертеңгілік өткізілді.Ертеңгілікті бөбекжай   менгерушісі Қожасова Фарида Қазанғапқызы құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.Әдіскер Көбенова Гүлназ Арғынқызы ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап шығармашылық табыс тіледі.Балалар бөбекжай қызметкерлеріне тақпақ арнап, ән мен жырға бөледі. Тәрбиешілер тәрбиеленушілеріне алғыс ретінде «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен сахналық қойылым қойып берді.Шәкірттеріне аса мейірімді, өнегесі асыл ұстаздарға ата-аналар өз алғысын жеткізді.Мерейлі мерекеде бар ұстазға тілейтінім: «Бақыт, табыс, амандық». Эльмира Сейдахметова

Толығырақ

Ұстазыммен мақтанамын

Ұстазыммен мақтанамын

  «Ұстаз»   атты ұғымның мен үшін қоғам өміріндегі рөлі өте зор. Нағыз ұстаз әрдайым өзін басқалардан ерекшелеп тұратын сапаларға ие болады деп ойлаймын. Мен өзімнің туған жерім Сұлутөбе ауылындағы №41 орта мектепте «Өзін-өзі тану»пәнінен дәріс беремін. Ұжымды білімі мен білігі мол, биік парасат иесі Айгүл Болатбекова басқарып келеді. Алтын ұя мектебіме жас маман болып келген күннен-ақ тәжірибелері мол әріптестерімнен ақыл-кеңес алып, методикалық әдіс-тәсілдерді үйреніп келемін. Педагогикалық ұжымда әдістемелік апталықтар аясында тәрбиелік мәні зор ауқымды ашық іс-шаралар, концелиум, ашық есік күндері, аудандық, облыстық семинарлар, психологиялық тренингтер, жас мамандар сайысы ұйымдастырылып…

Толығырақ

Бірлігі бекем Бала би

Бірлігі бекем Бала би

Өткен аптада Бала би ауылы әкімінің ұйытқы болуымен №50 Абай атындағы орта мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбымен меркелік шара өтті. Ауыл ақсақалдары мен батыр аналары шақырылған кеште зейнеткерлерге арнайы дастархан дайындалып, дәм тартылды. Әкімдік қызметке жаңа тағайындалған Амангелді Өмірәлі қазыналы қарттарды меркелерімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Ауылдың «Ғұмыр дария» әжелер ансанблі, әуез мектебінің ұстаздары мен ауыл өнерпаздары кеш қонақтарына ән мен биден шашу шашып, күй күмбірімен тербеді. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары жаңа сайланған әкімге сәттілік тілеп, баталарын беріп жатты. Дастархан басында ауыл ардагерлерінің төрағасы – Ұзақ Оразов, батыр ана…

Толығырақ

Шәкірттерінің рухани сәулеткері

Шәкірттерінің рухани сәулеткері

Бүгінгі дәуір – жаңашылдық дәуірі. Жаһандану заманы өз көшіне ілесе алмағанды құрдымға батырары сөзсіз. Керуен көшіне ілесе алатындай жанды қалыптастыруда ұстаздың алар орны орасан. «Мұғалім ісі ырттай қарапайым боланымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі», — деген орыс педагогы К.Ушинский. Шәкірттеріне білімнің нәрін, тәрбие тәлім беріп, еңбектен қуаныш табуға үйрете білген ұстаз мерейі қашан да үстем. Осы орайда мақалаға арқау болып отырған №214 орта мектебінің ұстазы Әбдікәрім Сәрсен апай төңірегінде сөз етпекпін. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин алтын діңгекке теңеген мамандық атаулының ұлысы – ұстаздықты мақтанышым деп білген Сәрсен Әбдікәрім шәкірттерінің жүрегінен…

Толығырақ

Төл мерекеге тарту

Төл мерекеге тарту

Ұстаз – барлық мамандық иелерін тәрбиелеген, алғашқы әліпбиді үйреткен, тәртіпке баулып өсірген жан. Олар бүкіл ғұмырын бала тәрбиелеуге, білім беруге арнайды. Өмірінің қызығын балалардың күлкісінен тапқан аяулы жандар. 1994 жылы ЮНЕСКО қазанның 5-інде аталып өтетін — Дүниежүзілік Мұғалім күнін (World Teachers’ Day) бекіткен. Ал, елімізде 2003 жылғы қарашаның 15-інде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда кәсіби және басқа да мерекелердің жаңа тізімі бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес мұғалім күні — қазан айының бірінші жексенбісі болды. «Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін…

Толығырақ