Astana Media Week медиа нарықты қалыптастыруға негiз болады

Astana Media Week медиа нарықты қалыптастыруға негiз болады

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» xалықаралық медиа-xабының аумағында Astana Media Week бірінші қазақстандық медиаапталық өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шараның ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған медиаапталық тек Қазақстанда ғана емес, аймақтағы ортақ медиа нарықты қалыптастыруға және одан әрi дамытуға негiз болады деп сенетіндігін баса айтты. «Осы орайда ең алдымен бүгiнгi жиынға арнайы келген шетелдiк әрiптестерiмiзге алғыс айтамыз. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен iргесi қаланған «Қазмедиа» орталығы алдағы уақытта аймақтағы ықпалды медиахаб ретiнде үлкен рөл атқармақ. Astana…

Толығырақ

ASTANA MEDIA WEEK: ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

ASTANA MEDIA WEEK: ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

«Astana Media Week» апталықта ақпарат нарығындағы соңғы өзгерістер мен цифрлық технологияларды дамыту тақырыбы, жаңа медианың орны, медиа-нарықтың бүгінгі жай-күйі және т.б. тақырыптарды еркін пікір алмасулар өрбіді. Оған 15 отандық және 7 шетелдiк телеарна және өңірлік ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасуда.   Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Astana Media Week» аясында қазақстандық медиа апталықта отандық ақпарат құралдары өздерінің тәжірибелерімен алмасты. Диалог алаңында ұлттық телеарналардан бастап, шағын жекеменшік телеарналарға дейін арнайы ұйымдастырылатын көрмеге қатысып, продакшн компаниялар мен телеарналардың арасында тікелей сұхбат алаңы ұйымдастырылады. Отандық телеарналардың мэтрлері телеөндіріс, кино өндірісі,…

Толығырақ

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДАДА

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДАДА

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласына келді. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының жұмыс сапары барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағын, «Қорқыт ата» мемориалды кешенін, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап көруі жоспарланған.

Толығырақ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы жұмыс сапары кезінде Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ «Бәйтерек» бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. – Ресеймен жасалған уағдаластықтар аясында кешенді дамытудың стратегиялық бағыттары айқындалды. Арнайы құрылған үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз тиісті жұмысты үйлестіруде. Нақты шаралар қабылданып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда Қазақстан Президенті өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды. – Қаланың болашағы зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді….

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚОРҚЫТ АТА» МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІН АРАЛАП КӨРДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚОРҚЫТ АТА» МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІН АРАЛАП КӨРДІ

Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді. Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» атты мүсінді көрді. Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

Толығырақ