Шабыт шақырған саяхат

Шабыт  шақырған саяхат

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елімізге жаңа бір серпіліс берді. Жаңа бастамалар қолға алынды. Ел есінен кете бастаған тарих қайта жаңғырды. Елі үшін қызмет жасаған ерлердің есімі елге белгілі бола бастады. Алып тұлғаларымызды бүгінгі жастарға үлгі ету мақсатында әртүрлі форматтағы шаралар өткізілді. Ел аузында жүріп, естен кете бастаған көне қорғанның орны табылды. Аудан жастарының ұйымдастыруымен аудан ардагерлері тарихи орындарды аралап жатыр. Арыстанбаб, Сауран, Сығанақ, Түркістан топырағын басып, тарихтан хабардар болды.  Өз кезегінде аудандық «Өскен өңір» газетінің ұжымы да аталмыш орындарда болған еді. Айнала ағарып, күн шапағы әлі…

Толығырақ

Өз ісінің шебері

Өз ісінің шебері

Қарап отырсақ, бүгінде кәсіпкерлікпен айналысуға мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр. Ауданымызда қажырлы, еңбекқор, кәсіптің тілін түсіне білген бірқатар азаматтардың ісі өрге домалап келеді. Осы азаматтардың қатарына жеке кәсіпкер Қайрат Назаровты да қосуға болады. Қазір кез келген үйді, кеңсені жиһазсыз елестету мүмкін емес. Себебі, әдемі жиһаз – үйдің сәні. Сондықтан да болар, Қайрат заманауи үлгідегі жиһаздар жасауды 16 жыл бұрын қолға алған. Ол жиһаздың қалай жасалатынын іштен біліп туған жоқ, әрине. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы көркемсурет училищесінің қабырғасынан суретші дизайнер мамандығын алып шығады. Ауылға келген соң жас жігіт өз қолымен…

Толығырақ

«Шіркін life» ШИЕЛІДЕ

«Шіркін life» ШИЕЛІДЕ

Бір кездері жұрттың бәрі тамашалайтын «Шіркін life» жобасын көпшілік ұмыта қоймаған болар. Себебі, онда оған дейін көрермен тек концерттік костюммен көретін шоу-бизнес жұлдыздары нағыз ауылдың күйбең тіршілігімен айналысып, әскери жасақтың құрамында жауынгер қызметін атқарды. Бағдарлама сонысымен де жұрттың көңілінен жол таба алды. Осыған ұқсас тәрбиелік мәні зор шараны жуырда облыстық жастар саясаты мәселелері басқар­масы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Шиелі ауданы әкімдігі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бизнес START» орталығы бірлесе отырып ұйымдастырды. «Жақаевтың ізбасарлары Ақмаяда» деп аталатын облыс жастарының егістіктегі еңбек-тынығу лагерінің «Шіркін life» жобасымен ұқсастығы аты…

Толығырақ

Қариясын құрметтеген ел азбайды

Қариясын құрметтеген  ел азбайды

Биыл ақмаялықтар «Қарттар күнін» ерекше ықыласпен тойлады. Ауылдағы ардагерлер кеңесі мереке қарсаңында салтанатты кеш ұйымдастырды. Алдымен, жасы үлкен 2 қарияның шаңырағына барып, сый-сыяпат жасалды. Одан соң «Ақмая» шаруа қожалығының демеушілігімен қарттарға арнап мерекелік дастарқан жайылды. Оған ауылдың барлық ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары жиналып, әңгіме-дүкен құрып, бір жасап қалды. Мереке мұнымен аяқталмады. Шаруашылық атынан ауылдағы 10-ға жуық еңбек ардагеріне арнайы сыйлықтар ұсынылып, 140-тан астам қарияның отбасына бір қап Сыр маржанынан таратылды. Үлкендердің батасын алып, құрмет тұтуды бірінші кезекке қоятын ақмаялықтардың бұл ісі өзгелерге үлгі болмақ. «Өскен өңір» ақпарат.

Толығырақ

ОҚШЫДАҒЫ ЖЕТІ ӘУЛИЕ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ОҚШЫДАҒЫ ЖЕТІ ӘУЛИЕ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болатынын, оны сол халықтың әрбір азаматы білетінін айтып өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екенін назарға алды. Сыр бойында да рухани қайнар бұлақ болатын киелі мекендер бар. Солардың бірі Шиелі ауданындағы – «Оқшы ата» кесенесі. Ол – тарихы тереңнен сыр шертетін киелі орындардың бірі. Бұл жерді әулиелер ордасы деп те атайды. Ғалым Әуелбек…

Толығырақ

Ауылын алтын бесікке балаған

Ауылын алтын бесікке балаған

Жуырда ҚР Тілдер мерекесіне орай Бидайкөл ауылының жастары «Отаным – бақыт ордасы» атты кеш ұйымдастырды. Салтанатты шараның басты мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау болатын. Мемлекет басшысы өз туындысында «Адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын қасиетті өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан болмайды» деген болатын. Елбасының осы сөзін бойтұмарына айналдырған бидайкөлдіктер түрлі патриоттық әндер шырқап, би биледі. Ауылын мақтан тұтатын жастар…

Толығырақ

Жемқорлықтың жазасы жеңіл емес

Жемқорлықтың жазасы жеңіл емес

Аудандық мәдениет үйінде кент, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органының, сала, дербес бөлім және мекеме  басшылары, үкіметтік емес ұйым төрағалары, заңгерлер, кадр ісі жөніндегі, есеп жөніндегі мамандар,  мектеп, балабақша басшыларының басын қосқан кеңейтілген комиссия отырысы өтті. Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев  төрағалық еткен жиын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде болып, оған комиссия мүшелері қатысты.  Комиссия отырысының алғы сөзін алған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев тұрақты комиссия жұмысына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне, осыған байланысты орын алған бірнеше фактіге тереңірек тоқталды. Күн тәртібі бойынша мінберге көтерілген аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі…

Толығырақ

Азаматын ардақтаған ел озар

Азаматын ардақтаған ел озар

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейде ұлағатты ұстаз, аудан көлемінде волейбол ойындарын кеңінен насихаттай білген Жаппар Айтжановтың 70 жасқа толуына орай спорттың осы түрінен еске алу турнирі өтті.  Жаппар Айтжанов 1947 жылы 21 бекетте өмірге келген. Орта мектепті 1966 жылы бітіріп, Алматыдағы дене тәрбиесі және спорт институтына оқуға түседі. Жүрген жерінде спортқа жақындығын танытып, көптеген жарыстарға қатысады. Сөйтіп аудан көлемінде волейболдан алғашқы бапкер болды. Қазақ ССР-нің «Оқу ісінің үздігі» белгісімен және өзге де марапаттаулардың лайықты иесі деп танылған. Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен…

Толығырақ