САЛАДА СЕРПІН БАР

САЛАДА СЕРПІН БАР

Көкшоқыдағы «Арман» мәдениет үйінде облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Р.Нысанхановтың жыл басынан жасаған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов және аудан прокуроры Х.жұмағұлова мен кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы П.Маханбет қатысты. Аудандағы кәсіпкерліктің даму деңгейін тыңдау мақсатында шараға кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлік саласына қатысты бөлім басшылары, аудан кәсіпкерлері жиналды. Есепті кездесудің алғы сөзін алған Ғ.Жақсылықов кездесудің маңызы мен күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Әрі қарай сөз тізгінін алған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев көпшілікпен аудан бойынша саладағы серпін жайымен бөлісті. –Кәсіпкерлік саласы еліміздегі ел саясатының басты бағыты. Ел…

Толығырақ

ДІН – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

ДІН – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Берекелі бірлігі, тату тірлігі бар елімізде 130-дан астам ұлттар мен 18 конфессия өкілдері өзара сыйластық пен түсіністікте қақтығыссыз өмір сүруде. Оның түбірі ғасырлар қойнауынан бас­талып, ел тәуелсіздігімен қатайып келеді. Елбасы өз Жолдауында: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге таныламыз», – деп атап өткен болатын. Бүгінгі таңда біздің қоғамда мәдениетке, діни нанымға, тіл мен дәстүрге деген өзара құрмет орнықты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет алдында конфессияаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің өзіндік моделін қалыптастыру міндеті тұрды. Осы тұста кейбір шетелдік сарапшылар тарапынан Қазақстан этникалық және діни қақтығыстар салдарынан…

Толығырақ

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Халықаралық қарттар күні – бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың мерекесі, жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлердің қажеттілігін ескеріп, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбіт елде тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қазіргі кезде  қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты  қамқорлық жасалуда. Әсіресе, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне деген қамқорлыққа қарттар дән риза. Қазір елімізде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл…

Толығырақ

САНАНЫ ЖАҢҒЫРТҚАН САПАР

САНАНЫ ЖАҢҒЫРТҚАН САПАР

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өтті Елбасы бағдарламалық мақаласында. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақмола облысының Ерейментау ауданында 14-16 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған «Елдіктің бастауы, ерліктің дастаны – Ерейментау» атты аудан күні мерекесіне шежірелі Шиелі аймағынан арнайы жолға шықтық. Төреманов Сұлтанбек бастаған шиелілік сапарластарды Астанадан Қайролла ағамыз бас болған ағайындар күтіп алып, ілтипатын білдірді. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы…

Толығырақ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Иә, дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірінен қаншама жан тура жолдан адасты. Тепсе темір үзетін азаматтар Отандарынан жырақтады. Ата-аналарынан алшақтады. «Осы баламның қызығын көрем», – деп отырған ана көз жасы қанға толып, жалғыздарынан айырылды. Ең қиыны, балалары өздерінің болашақтарына балта шапты. «Жиһад» деп нағыз жиһадтың не екенін білмей өмірлері қыршын кетті. Ендігі жерде біз бұл жағдайды қайта­ла­мас үшін не істеуіміз керек? Жас­тарымызды бұл жат ағымдардан қалай сақтандырамыз? Мешітке баруға тыйым салуымыз керек пе? Әрине, жоқ. Елбасы Н.Назарбаев «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өте өткір…

Толығырақ

ЕҢСЕНІ ЕҢБЕК КӨТЕРЕДІ

ЕҢСЕНІ ЕҢБЕК КӨТЕРЕДІ

Тынымсыз еңбек еткен адам бақыттың биігіне шығады. Сонымен қатар, маңдай терін төгіп жұмыс жасаған жанды атақ пен абыройдың өзі іздеп табады. Адал еңбек еткен адамның басқалардан мерейі үстем, көңілі шат болады. Саналы өмірін бір кәсіпке арнап, асыл арманын, өмірдің қуанышын  еңбектен табатындар да бар. Осындай еңбегімен өзгеге үлгі боларлықтай азаматтардың бірі – Құрманғали Әбілдаұлы. Ол 1961 жылы «Қызылту» колхозында қарапайым отбасында дүние есігін ашады. №11 селолық-техникалық кәсіптік училищені механизатор мамандығы бойынша бітірді. Оқуын бітірген соң, өзі туылған «Ы.Жақаев» ауылында механизатор болып жұмыс жасайды. Отан алдындағы азаматтық борышын Моңғолияда өтеп қайтады….

Толығырақ

ЫРЫСЫ МОЛ «АҚМАЯ»

ЫРЫСЫ МОЛ «АҚМАЯ»

Соңғы 3 жылдың ішінде аудандағы ауыл шаруашылығы саласында соны серпіліс байқалады. Оған бір ғана дәлел 2013 жылға дейін өңірде 7 мың гектар ғана күріш егілсе, 2014 жылдан бастап диқандар Сыр салысын 13,5 гектарға арттырды. Мұны аудан басшысы мен тиісті сала мамандарының аянбай еңбек етіп, кепілге кеткен жерлерді мемлекет еншісіне қайтарып, Сырдария өзені бойынан салынған құны миллиардтаған теңгені құрайтын су тоспасы мен басқа да көптеген игі істерінің жемісі дер едік. Кейінгі жылдары аудандағы ауыл шаруашы­лығы саласының ілгері дамып келе жатқандығын Ақмая ауылдық округінен де жақсы сезінуге болады. Егіншілікті кәсіп еткен округке…

Толығырақ

ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ЕРКІН ТАҢДА

ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ЕРКІН ТАҢДА

ОНЫҢ ЕКІ ТҮРЛІ ӘДІСІ БАР: · МСҚ жеткізуші компаниялары тізіміндегі тиісті емхананы таңдаңыз. · Сол емханаға барып, жеке куәлігіңізді көрсетіңіз. · Емхананың тіркеу бөлімінде бас дәрігердің атына еркін формада өтініш жазыңыз. · Тіркелу туралы талон алыңыз. www.egov.kz арқылы 1. Порталға кіріп, тіркеліңіз және «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз. 2. Өтінішті толтырып, жолдаңыз. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет емес. 3. Жеке кабинетке кіріп («Қызметтерді алу тарихы» бөлімі) тіркеу туралы анықта­ма­мен танысыңыз. Маңызды мәселе: Егер сіз өзіңіз тұратын аумақтан тыс жердегі емханаға тіркелетін болсаңыз, үйге дәрігер шақыру мүмкіндігін ертерек (өтініш жазған кезде)…

Толығырақ