Биыл 100 жылда болатын ең қаһарлы қыс келе жатыр

Биыл 100 жылда болатын ең қаһарлы қыс келе жатыр

Мамандар Жердің Күн белсенділігі азаятын жаңа климаттық циклге кіргенін болжап отыр деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл құбылыс соңғы рет 1950-жылдары бақыланған. Климатолог мамандар Еуропа тұрғындарына қазірден бастап жылы киімдерін қамдауға кеңес беруде, өйткені қазан айының ортасына таман рекордтық дәрежедегі төмен температура байқалады. Алайда Қазгидромет бұл ақпараттың ескі екенін айтады. „Бұл ақпарат Джеймс Меддонның 2016 жылдың күзінде айтқан болжамына ұқсайды. Жылда баз біреулер қыстың қаһарлы болатынын айтып, одан ұпай жинағысы келеді. Не үшін, онысын білмедік. Сондықтан „Қазгидромет„ мұндай сыбыстарға сеніп, аяқ-асты бүлінудің қажеті жоқ екенін айтады„ делінген отандық ауа-райын болжайтын мекеменің бұл ақпаратқа…

Толығырақ

ЕРКІН ӘҢГІМЕ СЕНІМДІ СЕРГІТЕ ТҮСТІ

ЕРКІН ӘҢГІМЕ СЕНІМДІ СЕРГІТЕ ТҮСТІ

Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ірі басылымдардың басшыларымен жүздесіп, телеарна, радио журналситтерімен кездесу өткізді. Басқосуда Қазақстанда тіркелген бірқатар шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де болды. Ашық әңгіме алаңында журналисттер тарапынан қойылған сұрақтарға, Елбасы жан-жақты жауап берді. Жыл басында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі де сөз болды. Сонымен қатар, еліміздегі жастар тәрбиесі мен діни ахуал да елеусіз қалмады. Осы ретте Президенттің бірқатар сауалдарға берген жауабын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы, жерлесіміз Нұртөре Жүсіптің «Сіз үшін ЭКСПО несімен…

Толығырақ

АЙМАҚ АРДАГЕРЛЕРІ АУДАНДА

АЙМАҚ АРДАГЕРЛЕРІ АУДАНДА

Елбасының жыл басында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай жуырда ауданымызда «Ардагерлер тәлімі – рухани жаңғырудың қайнар көзі» атты облыстық ардагерлер ұйымының ауқымды семинары өтті. Оған Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен жеті ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары, белсенді ардагерлері қатысты. Шиеліге арнайы атбасын тіреген бұл топты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері С.Шаухаманов бастап келді. Арысы айдынды Арал, берісі жазиралы Жаңақорған жерінен жеткен қонақтарды аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары Талаптан ауылдық округіне кіре берістегі қақпадан күтіп алды. Айтыскер ақын Кенжебай Жүсіп қадірлі қонақтарға ата-баба дәстүрінше…

Толығырақ

ZHANGARGHAN ZHANGA ZHAZW

ZHANGARGHAN  ZHANGA ZHAZW

Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан латын əліпбиіне оралу мəселесі – шын мəнінде өткеннің оралуы, жоғалғанның қайта табылуы, бір сөзбен айтқанда, рухани жаңғыру. Аудандық «Өскен өңір» газетінің алғашқы нөмірі 1939 жылы 19 наурызда «Стахановшы» атауымен латын əліпбиімен таралған. Яғни, тарихын білетін бүгінгі ұрпақ үшін латын əліпбиі таңсық дүние емеc. Деректер бойынша әлемде 20-ға жуық әліпби бар. Жалпы, жер шарында ақпараттың 70 пайызы латын әліпбиінде таратылады. Одан кейінгі орында қытай, хинди, араб, бенгал, кириллица алфавиттері қолданылады. Бүгінде Америка, Аустралия құрлықтары түгелімен, Африканың басым бөлігі және де Еуропаның бірқатар мемлекеттері латын қарпін пайдаланып…

Толығырақ

БАТЫР АНАҒА ҚҰРМЕТ

БАТЫР АНАҒА ҚҰРМЕТ

Қасиетті Шиелі топырағы ақ күрішпен қатар 41 Социалистік Еңбек Ерін де шығарғанын жақсы білеміз. Дала академигі атанған Ыбырай Жақаевтан бастап, жастайынан еңбекке араласып, өзінің өжеттігімен елдің есінде қалған Жадыра Таспанбетоваға дейін сол маңдайдан аққан қара термен танылған тұлғалар. Жеке бастың мүддесін емес, мұқым елдің мәртебесі үшін еңбек еткен кешегі еңбеккерлерімізді қалай дәріптесек те жарасады. Өйткені, олар хәкім Абайдың «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақылын іс жүзінде халыққа дәлелдеп берген жандар. Бозара атқан таңмен тұрып, ақшамның уақытысына дейін атыз жағалап, белуарға дейін су кешіп, бейнет шеккен ата-әжелердің қажыр-қайратына қайран…

Толығырақ

ДИҚАННЫҢ ОЛЖАСЫ ЕҢБЕГІНДЕ

ДИҚАННЫҢ ОЛЖАСЫ ЕҢБЕГІНДЕ

Күз, егін алқабы десе қай-қайсымыздың болсын көз алдымызға ауылдан әріректегі иір-иір жолдармен жететін қырман, ондағы жал-жал болып дәннен үйілген таулар келеді. Керуеннің түйесіндей тізіліп жүк артқан көліктер, даланы арқыраған даусына бөлеген дала кемелері, сосын осының барлығын адал еңбегімен иіре білген, жүздерін күн қаққан, шаруадан шаршамай, есесіне шыңдалған жандар елестейді. Иә, осы керемет көріністі көзбен көру үшін Жаңатұрмыстағы «Байсын» шаруа қожалығына атбасын бұрдық. Анадайдан дала төсін молшылық майданына айналдырған комбайндар алтын түске боялған астықты қомағайлана асау­да. Шаңы аспанға көтеріліп, гүрілдеген дау­­ыстан құлақ тұнады. Осынау берекелі тірлікті тамашалай отырып, діттеген жерімізге қалай…

Толығырақ

МИЛЛИОНДАРДЫҢ МАШАҚАТЫ МАЗАЛАМАСЫН

МИЛЛИОНДАРДЫҢ МАШАҚАТЫ МАЗАЛАМАСЫН

Жаз бітіп, күздің де бір айын орталадық. Қыр астында сығалаған қыс мезгіліне   отын-көмірлерін дайындап,  ертеңдерін ойлаған жандар көмір қоймаларды жағалап жүр. Ал, үйлеріне газ кіргізіп, көңілдері мәз болып, шаңырақтарында жаз орнап жатқан үйлердің бұл бейнеттен алыстағалы үш жылдың жүзі болып қалды. Табиғи газ – ең экологиялық таза отын түрі. Оған тек экономиканың дамуы ғана емес еліміздің тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру сапасы, жайлылық деңгейі де тәуелді. Сонымен қатар, аймақтың инвестициялық тартымдылығы және газдандырылған елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артады. Қазақстанның газбен жабдықтау жүйесі – маңызды инфрақұрылымдық кешен болғандықтан, үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие екендігі…

Толығырақ

БЕТАШАР — ЖАРАСЫМДЫ ДӘСТҮР

БЕТАШАР — ЖАРАСЫМДЫ ДӘСТҮР

Ұлттық әдет-ғұрпымызда беташар – жаңа түскен келінге байланысты айтылатын жыр. Беташардың мақсаты – жас келінге жаңа ортаны, қайын ата, қайын енені, жаңа ағайын-жұртты таныстыру, кімнің қандай адам екендігін айту, сонан кейін қайын жұртқа жас келіннің жайын түсіндіру, жатсынбай бауырыңа ал, осы қауымның бір мүшесі келді деп көрсетіп, жас келіннің алдағы уақытта әлеумет өміріне араласуына көмегін тигізу, яғни, келешек өміріне жол көрсетіп, жөн сілтеу. Осыдан-ақ беташардың жайдан-жай шығарыла салмағанын білеміз, тағылымы мол мән-мағынасы бар екенін ұғамыз. Ескі заманнан келе жатқан салт бойынша жас келін түскен үйге жұрт жиналады. Көпшіліктің үстіне келінді…

Толығырақ