ТӨРТ ТҮЛІКТЕ ТҮГЕЛ ӨСІМ БАР

ТӨРТ ТҮЛІКТЕ ТҮГЕЛ ӨСІМ БАР

Шиеліде қай салада болсын қарқынды өсім бар. Мемлекеттік маңызды жобалар, айтулы бағдарламалар, бастамалар кең қолдау тауып, экономикалық әлеуеттің артып келе жатқаны да жасырын емес. Бизнес, кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымдар жаңарып, жаңғырып жатыр. Өңірге тартылған инвестиция көлеміде жыл өткен сайын артып келеді. Аудан орталығы болып саналатын Шиелі кенті қанатын кеңге жайып, жаңадан әсем ғимараттар, тұрғын үйлер, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Кәсіп ашып, тіршілігін дөңгелетіп жатқандарға және осы бағытта әрекет еткісі келіп жүрген жастарға жеңілдіктер де көп. Ауылшаруашылығы саласы бойынша өткен жылы облыста чемпион болғаны көпшіліктің есінде. Ал, бұдан бірнеше жыл бұрын…

Толығырақ

ДЕМАЛЫС МАУСЫМЫ ДЕМАЛЫСҚА КЕТТІ

ДЕМАЛЫС МАУСЫМЫ ДЕМАЛЫСҚА КЕТТІ

Балалар асыға күтетін қызыққа толы жазғы маусым да аяқталуға шақ қалды. Әр баланың саулығын нығайтып, өмірге көзқарасына оң әсер ететін, демала отырып, қабілет ерекшеліктерін ұштайтын, белгілі деңгейде еңбек, өнер, дағдыларына баулитын мазмұнды демалысты ұйымдастырудың маңызы зор екені даусыз. Аудандағы балалар тынығатын орынның бірі – «Сыр ұланы» тынығу лагері. Осы маусым алдында ғана күрделі жөндеуден өткен лагерьде биылғы жылы 7 кезең бойынша 700-дей бала демалған. Демалу бағдарламасы да өз мақсатына жетті. «Бар жақсылық балаларға» дегендей, демалыстардың жоғарғы деңгейде өтуіне үлкен көңіл бөлінуі де шынайы қамқорлықтың көрінісі. Иә, қызыққа толы күндер де…

Толығырақ

ЕҢБЕК АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

ЕҢБЕК АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

Жуырда ел дамуына, өркендеуі мен өрлеуіне ерен еңбегі сіңген асыл азамат Әлиев Сәрсен Әліұлының есімі Ш.Қодаманов аулының көрікті көшелерінің біріне берілді. Ауыл тұрғындарының ұсынысын жергілікті әкімдік қолдап, еңбек ардагеріне осындай құрмет көрсетілді. Саналы ғұмырын қара кетпенімен егіс даласында тынбай еңбек етуге арнаған Сәрсен Әлиев қарапайымдылығы мен биік адамгершілігі, өз ісіне берілгендігі, ерінбейтін еңбекқорлығы, бастаған жұмысын аяғына дейін тынбай сапалы аяқтауы, жайсаң мінезімен елдің аузында қалды. Ол тек еңбек майдангері ғана болып қоймай, қолы қалт еткенде ұлттық қолөнермен айналысқан. С.Әліұлы бірнеше рет облыстық, аудандық, ауылдық, кеңеске депутат болып сайланған. Ұзақ жылдарғы…

Толығырақ

БИЛЕР СОТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РЕТІНДЕ ТАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

БИЛЕР СОТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РЕТІНДЕ ТАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Шын мәнінде, қоғамдық сана жаңғырмай, адамның болмыс-бітімі өзгермейді, рухани тұрғыда түлей алмайды. Оның бастау-бұлағында халқымызға тән ұлттық салт-дәстүрлер тұрғаны анық. Елбасы да рухани жаңғырудың тамырын дөп басып, бағыт-бағдарын айқындап, даму жолдарын нақтылап берді. Мысалы, ол өз еңбегінде «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», – деп тұжырымдады. Қазақстанның әрбір азаматының санасында жаңа серпіліс болу үшін, ол өзі еңбек ететін салада рухани жаңғыруды бас­тан өткеруі тиіс. Мәселен, сот жүйесінің рухани өрлеуінің алтын арқауы – билердің әділ төрелігінде, шешендік өнерінде жатыр. Бала жастан…

Толығырақ

САЛМАҚТЫ САЛАҒА ҚОЛДАУ БАР

САЛМАҚТЫ САЛАҒА ҚОЛДАУ БАР

Ауданымызда спортқа жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осының нәтижесінде спортшыларымыз бүгінгі таңда халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Спорттың дамуына, бұқаралық спорт саласын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жасалып келеді. Осы ретте, аудан спортының бүгінгі беталысы, атқарылып жатқан шаралар, өзге де жаңалықтары туралы аудандағы спорт  бөлімінің  басшысы Нариман Сапарбаймен сұқбаттасқан едік. – Бұқараның, яғни халықтың спортқа деген беталысын қалай бағалар едіңіз? – Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі халықтың 26,1% пайызын құрап отыр. Аудан бойынша спортпен шұғылданушылар саны – 21391 адам. Нәтижесінде…

Толығырақ

КӘСІБІНЕ ҚАРАЙ НӘСІБІ

КӘСІБІНЕ ҚАРАЙ НӘСІБІ

Халықты жұмыспен қамту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Осыған байланысты өңірлерде шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту әрдайым айтылып жүр. Қазіргі таңда елімізде «Бизнестің жол картасы — 2020», «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын бизнеске қолдау көрсетіліп жатыр. Осы орайда, жоғарыда аталған бағдарламалар қабылданып, ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Бұл бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр. Мемлекеттен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ» арқылы үш жыл бұрын 2 млн. 500 мың теңге несие алған жеке кәсіпкер Жандос Нақыпов бүгінде кәсібін жүргізіп, ауданымыздың экономикасына өзіндік үлес қосып отырған азаматтардың…

Толығырақ

ТІЛЕГЕН ШОПАШЕВ ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

ТІЛЕГЕН ШОПАШЕВ ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

Жырларының көпшілігіне туған жерін, туған ауылы Алғабасты қосқан, елге танымал әдебиетші, ғалым, ақын, әрі журналист Тілеген Шопашев 1923 жылы Шиелі өңірінде дүниеге келіп, 15 жасынан бастап әдебиетті сүйіп, өлең-жыр жазуға әуестеніп өсті. Т.Шопашев еңбек жолын ауылы «Алғабас» колхозында байланыс бөлімінің меңгерушісі және комсомол ұйымының хатшысы болудан бастаған. Аз ғұмырында 14 жыр жинағының авторы атанып, артында өшпес із қалдырған. Сонымен бірге белгілі ақын-жазушылармен үзеңгілес болды. Ұлы Отан соғысында жаумен шайқаса жүріп те өлең-жырын еш тастаған емес. Мысалы, «Солдат сөзі» деген өлеңін шығарып майдандағы жауынгерлер жатқа айтып та жүрді. Соғыстан кейінгі жылдары…

Толығырақ

ЕҢ СОҢҒЫ ХАТ

ЕҢ СОҢҒЫ ХАТ

Шиелі қыстағында туып-өскен Қ.Әбдіқадыров 1964 жылы 27 сәуірде былай деп соңғы хатын қалдырған екен: – Он екі жасымнан кім көрінгенге жалданып, неше жыл қаңғырып, азап шегіп өскен жетім едім мен. Өмір талқысын көп көріп, қатыгез заманның зардабын мол шектім. Менің ел қатарына қосылуыма, яғни, өзімді биік басқышқа көтерген – «Еңбекші қазақ» газеті, бұрынғы «Социалистік Қазақстан». Осы коллективте жүріп шығармашылық жұмысқа жолдама алдым. Қазақстанның бетке тұтар жазушылары Сәкенмен, Бейімбетпен, Ілияспен, Сәбит, Ғабит, Ғабидендермен сол редакцияда дидарласып, таныстым. Адам қиналған шақта өткен өмір жолын, тіршіліктегі достары мен дұшпандарын көз алдына елестетіп, өміріне…

Толығырақ

«Е-ҚЫЗМЕТ» — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

«Е-ҚЫЗМЕТ» — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

Еңбек демалысына немесе материалдық көмек алуға өтініш жазуды, өз жетістіктері мен марапаттарын тіркеуді мемлекеттік қызметшілер тек қағаз түрінде ғана емес, сонымен қатар электрондық форматта да жасай алады. Оны жүзеге асыруға оларға Қазақстанда белсенді енгізіліп жатқан «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі көмектеседі. Елбасы жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін, сондай-ақ, ұлттың дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялады. Осы жоспарда мемлекеттік қызмет саласында да қолға алынуы тиіс жаңашылдықтары, яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы айтылды. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет персоналын басқару процесін жетілдіру және…

Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АУЫЛДА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АУЫЛДА

Осыдан үш жыл бұрын ақын қызымыз Қатира Жәленова телефон арқылы хабарласып, ауылдың амандығын, бала-шағалардың жағдайын сұрай келе ауылдағы наурыз тойға барғысы келетінін айтты. Біздің көшеде наурыз той болып, көже беруге дайындалып жатқанымызды жеткіздім. Айтқан уақытта ақын қызымыз қонаққа келді. Ауылға көп келе бермейтін Қатираны төрімізге шығарып, құрметімізді көрсетіп жатырмыз. Үлкен кісілер Қатираның әке-шешесі жайлы естеліктер айтып біраз қауқылдасып қалды. Үй иесі Баржақсиевтар әулетінің келіні қасыма келіп: – Апа, Ұлыстың ұлы күні ғой, енді талпынып жүрген қызымның тұсауын кестірсем қайтеді? – дегені. Мен де құптай кеттім. Наурыз көже ішіліп, арты тұсау…

Толығырақ