ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА

ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА

Қазіргі таңда елімізде құрылыс индустриясының қарқынды түрде дамуын көк тіреген құрылыс нысандары мен сәнді ғимараттарынан аңғару аса қиынға соқпайды. Елбасы Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру туралы міндетті үкіметтен, құрылыс саласы мен кәсіби қауымдастықтың барлық қатысушыларынан Қазақстанның құрылыс нарығының нормаларына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді жұмыс атқаруын талап етеді. Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламысында еліміздің бірегей қалаларының транспорт инфрақұрылымын, туризмді, транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды қолға алуды тапсырған болатын. Қызылорда облысы еліміз бойынша құрылыс қарқын алған алдыңғы қатардағы облыстардың қатарынан екенін айта кеткеніміз жөн болар. Алаш анасына балаған Сыр…

Толығырақ

ПАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

ПАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда. Бұл қамқорлықтан әлеуметтік салалар әсте шет қалған жоқ. Білім, мәдениет, өнер, спортқа жасалған жағдай да жақсы. Соның айғағындай ауданымызда түрлі спорттық шаралар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуде. Өткен демалыс күндері аудан орталы­ғындағы спорт мектебінде «ЭКСПО-2017» халықаралық маман­дан­дырылған көрмесі аясында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Бала би баба атындағы республикалық турнир өтті. Турнир Бала би бабаны еске алу, жасөспірімдер арасында қазақ күресін дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, палуандардың спорт­тық шеберлігін…

Толығырақ

ЕЛДІҢ АТЫН ЕР ШЫҒАРАДЫ

ЕЛДІҢ АТЫН ЕР ШЫҒАРАДЫ

Ауданымыздың атын облысқа, республикамызға, тіпті, дүниежүзіне танытып жүрген білегі жуан спортшыларымыз қаншама. Олардың әрбір жеңісі үшін қуанып, іштей тілегімізді білдіріп отыратынымыз жасырын емес. Солардың бірі Әділбек Маматов. Бұл спортшының алға қойған мақсаты – елі сүйген ер азамат болу. «Туған жерімнің туын бүкіл әлемге апарып, биікке көтерсем», – дейді ол. Иә, армандар уақытымен орындалады. Бұл жас спортшы жуырда Шымкент қаласында өткен қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық турнирге қатысып, ауданымыздың намысын қорғап қайтты. Жас спортшы өзінің осал қарсылас емес екенін дәлелдеп, еркін күрестен жүлделі ІІІ орынмен оралды. «Әділбектің арманына жетуі…

Толығырақ

БІЗГЕ ЖАҚЫН, БІЗГЕ ТАНЫС ЕСІМДЕР

БІЗГЕ ЖАҚЫН, БІЗГЕ ТАНЫС ЕСІМДЕР

Есіркеп Шәдібекұлының бұл екінші кітабы. Мұнда ол өзі туып-өскен өңірдің еңбек адамдарын, қатар бірге жүрген замандастарын шежірелі қарттарын әңгімелейді. Ол екі мәрте еңбек ері Ыбырай Жақаев туралы сыр шертуімен қатар, өзге де еңбек ерлері туралы тың деректерді алға тартады, оқырманға ұсынады. Бұған дейін оның «Өмір – қуаныш, ұрпақ – жұбаныш» атты алғашқы кітабы жарық көріп, өз оқырманын тапты. Мына кітабы да жақсы көркем, жатық тілмен жазылған. Қызметтес жолдастар, ағалар, туыстар жайлы кітапта көрнекті орын алған. Автордың өз шығармалары, автор жайлы тілектер, естеліктері, әзілдері орынды пайдаланылған. Кітаптың тілі жатық, оқылымды, тартымды….

Толығырақ

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ЖАСТАР  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Бүгінгі күні өзекті болып отырған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Ол туралы ақпарат құралдарында қанша айтылып, оған қарсы іс-жоспар әзірленіп күрес жүргізілгенімен де, бұл дерттен толық айыға алмай жатырмыз. Еліміздің дамуына кедергі келтіретін бұл кеселмен ауданымыздың белсенді жастары да қарсы тұрып, күреспекші. Өткен жұмада орталық М.Шоқай алаңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты акция болып өтті. Жастар парламентінің депутаттары, «Жас Отан» ЖҚ және жас ұлан балалар ұйымы, оқушылар парламенті және ерікті жастар, «Жасыл ел» жасағының құрамындағы азаматтар жемқорлыққа қарсы екенін білдіретін ұрандарды ұрандатқан шерудан бастау…

Толығырақ

«ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БІРІКСЕ, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА ДЕГЕН СЕНІМСІЗДІГІ АЗАЯДЫ»

«ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БІРІКСЕ, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА  ДЕГЕН СЕНІМСІЗДІГІ АЗАЯДЫ»

Кәсiпкерлiк – бұл экономиканың қайнар көзi. Ал ұлттық экономиканы дамытып, тың серпiн берiп, алға өрлеуiне үлес қосатын жергілікті кәсiпкерлер екені анық. Бірнеше жыл бұрын еліміздегі кәсіпкерлердің түйіткілді деген мәселелерін шешіп, жан жақты қолдау көрсету мақсатында Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының да құрылғаны белгілі. Бүгінде бұл мекеме кеңінен қанат жайып, әр облыс орталығы мен аудандарда филиалдары жүйелі жұмыс жасап келеді. Осыған орай ауданымыздағы кәсіпкерлерді қолдау орталығы қандай жұмыстар атқарып, нендей нәтижеге қол жеткізгенін білу мақсатында орталық директоры Рысбай Нысанханмен сұқбаттасқан едік. – Рысбай Нысанханұлы, бүгінде аудан кәсіпкерлері мемлекет тарапынан жүйелі ұйымдастырылған қамқорлықты сезіне…

Толығырақ

ТОБЫЛҒЫ ТАҒДЫР

ТОБЫЛҒЫ ТАҒДЫР

Бұрындары апаларымыздың аталарымызға «Менен бұрын сен кетші, мен сенен кейін-ақ өлейін» деп айтқанын құлағымыз шалып қалатын. Бұл сөздің түпкі төркінін түсінбейтін біз «Апам атама қарағанда ұзақ жасағысы келеді екен» деп ой түйетінбіз. Бірақ бұл сөздің байыбына бара бермейтінбіз. Ел арасында «Жамбыл Жабаев 90-нан асқан шағында үйленгелі жатыр екен, төсек жаңғыртқалы жатыр» деген қауесет тарайды. Бұл мәселе сол кездегі қазақтың атқамінерлерінің құлағына жеткеннен кейін Жәкеңнің бұл жасқа келіп қайткені, бұны тез арада райынан қайтару керек, қайтармасақ бір ұлттың сүйегіне салған таңба болады деп тоқтатпақ ниетпен әлгі әйелді іздестіруді бас­тайды. Жәкеңнің үйленем…

Толығырақ

ПИРАМИДА ПАЙДА ЕМЕС

ПИРАМИДА ПАЙДА ЕМЕС

Дүние шіркін кейде жеткізбей кеткенде «аспаннан миллиондап ақша түссе ғой…» деп қиялдың түкпірінен бірақ шығатынымыз рас-ау. Олай болуы әсте де мүмкін еместігін білеміз де аспаннан түсе бастаймыз. Әйтсе де, күнделікті тіршілік толқынының өмір ағысында сол оңай жолмен келетін табыстың кілтін иемденіп жататындар бар. Қалай дейсіз бе? Әрине, алаяқтық жолмен! Иә, иә айтқым келгені сол қаржылық пирамидалар. Жоғарыда айтып кеткен арманшылдар көбіне осы аталған алаяқ топтардың жемтігіне айналып, құрған қақпанына оңай түседі. Күнделікті осындай оқиғалардың бірнешеуін құлағың шалады. Маңдайы терлеп ақша табуды емес, байлыққа оңай ие бола кетуді көксеп тұратындар көбейді…

Толығырақ

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАЙҚАЛЫП…

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАЙҚАЛЫП…

Жыл сайын ерте көктемнен бастап ауылымыздың ауласына, кентіміздің көшелеріне көптеп ағаштар егіп жатамыз. Биыл да солай. Ұжымдасып аулаға, көптеп-көмектеп көшелерге, саябақтарға саялы және басқа да жасыл желек түрлерін көптеп егіп өсірдік. Биыл, әсіресе, ағаштарды темір торға егіп, малдан қорғап, суын уақтылы берудің өз тиімділігін бере бастауы құптарлық тірлік болды. Кент ішіндегі Әл-Фараби, Досбол датқа, Сейфуллин, Д.Смайылов атындағы көшелер бойына жағалай егілген жасыл желек бүгінде жеміс жайып жайқалып өсіп келеді. Шымкент-Самара жолы бойындағы, Шиеліден шыға берістегі жол жағасындағы жасыл ағаштар, А.Ясауи, С.Сейфуллин көшелеріндегі көрікті ағаштар көз тартып келеді. Солтүстіктен кіре берістегі…

Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАРШАНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАРШАНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан­ның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін…

Толығырақ